Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инд задания.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.31 Кб
Скачать
  1. Қр халықаралық инвестициялардың болашақтағы

перспективаларды талдау

Қазақстан жағдайында мына тәжірибелерді қолдануға болады деп ойлаймын:

*Инвестицияны ынталандырудың Американдық тәжірибесі:қаржылық және фискалдық жеңілдіктер,инвестициялық женілдіктер пакетін қолдану, технология мен НИОКР-ді ынталандыру,салық несиесін енгізу.

*Қарқынды емес және лас жерлерге инвестиция тартудың американдық үлгісі;Бұл Қазақстан үшін маңызды деп санаймын,себебі Қазақстанда игерілмеген жерлер әлі көп.

*Арнаулы экономикалық аймақтарды ынталандырудың Латын Америкасы және Кариб бассейні елдеріндегі тәжірибені қолдану.

*Венгрия мемлекетіндегі құқықтық базаның мөлдірлілігі мен стратегиялық салаларға инвестиция тартуды ынталандыру;

*Ұлттық экономиканы либерализациялаудың Кореялық тәжірибесін қолдану;

Алыс және жақын шет ел тәжірибесін талдай отырып, шетелдік инвестиция тартудың негізгі принциптерін бөліп көрсетуге болады:

*шетелдік капиталдың келуін коммерциялық қаржыландыру негізінде кеңейту;

*шетелдік қаржы институттары салымын аса қажет жобалар мен кіші бизнес объектілеріне бағыттау;

*отандық және шетел инвесторларын қолдануды конкурстық негізде жүргізу;

*сыртқы капитал шығынына бақылауды күшейту;

*жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қолдану;

*шетелдік инвесторлардың елде іс жүргізуіне байланысты шараларды әкімшілік шараларды жеңілдету;

ҚР экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың принциптері

Принциптер

Мазмұндамасы

Тәуелсіздіктің экологиялық және экономикалық қауіпсіздігі

ҚР ұлттық қызығушылығын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық және экологиялық қауіпсіздік

Экономикалық мақсаттылық

ҚР -ға займдар мен несие алу үшін инвестициялық жобалардың экономикалық мақсаттылығы

Әлеуметтік-экономикалық қарқындылық

ҚР -ға займдар мен несие алу үшін инвестициялық жобалардың әлеуметтік-экономикалық қарқындылығы

Экономикалық саясат мақсатындағы корреляция

Елдегі құрылымдық және инвестициялық саясатқа байланысты шетелдік инвестицияны басым бағыттарға салу

Донор мемлекеттерді таңдау

Репутациясы мен ҚР экономикасына зиян келтірмейтіндей елдерді таңдау

Минималды коммерциялық тәуекел

Коммерциялық тәуекелдерді минимизациялау