- •Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын сипаттаңыз.
- •Кәсіпорынның мықты және әлсіз тұстарын талдаңыз.
- •Еңбек өнімділігін көтеру мақсатында ұжымды ынталандыру тәсілдерін талдаңыз.
- •Дағдарыс жағдайында банктегі шығынды оңтайландыру тәсілдерін талдаңыз.
- •Банк қызметінің сапасын бақылау тәсілдерін талдаңыз.
- •Банкте инновациялық технологияларды қолдану деңгейін сипаттаңыз.
- •Көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін талдаңыз.
- •Халықаралық инвестициялардың шетел тәжірибесі
- •Қр халықаралық инвестицияларды тартудағы проблемаларын қарастыру
- •Қр халықаралық инвестицияларды пайдалануының тиімділігін арттыру бағыттарын анықтау.
- •Қр халықаралық инвестициялардың болашақтағы
Қр халықаралық инвестицияларды пайдалануының тиімділігін арттыру бағыттарын анықтау.
Үкімет стратегиясы бойынша елдің интеллектуалдық потенциалын инвестициялау керек және экономиканы диверсификациялауға мүмкіндік жасау керек.Сол себептен адам капиталы,жаңа технология мен сапалы білімге салу қажет.
Соған байланысты Әлемдік банк ғылыми зерттеу мен НИОКР- ды инвестициялайтын компанияларды ынталандыруды ұсынады.Бұл шаралар қазақстанның инновациялық потенциалын көтеру үшін қажет.Әлемдік банк мәліметі бойынша,НИОКР-ға шығын тек 0.13%-ды құрайды.Бұл әрине өте аз сома.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, жоғары либералдық режим потенциалды инвесторлардың қаупін туғызады.Олардың субъективті қауіптерін жою және Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау үшін шетелдік инвестиция саласындағы стратегияны дайындау қажет.Онда мына факторларды ескеру қажет:
*шетелдік инвестор мақсаттарын:
-капитал салудың қосымша көздерін;
-мемлекет иелігінен алуға қатысу мен жеке фирмалар үлесін көбейту;
-экономикадағы құрылымдық алға басулар,
-кәсіпорындарды техникалық және модернизациялық жабдықтандыру;
*ТШИ тарту мен қолдану механизмдері:
-бірігіп қызмет ету режимі;
-инвесторладың белгілі бір тобына преференциалдық жеңілдіктер беру;
-ұлттық режим;
Инвестицияны экономиканың басым бағыттарына тарту үшін өндірістік қорларды жаңарту Германиядағыдай екі бағытпен жүру керек.
Бірінші,жеке салымдар есебінен қызмет етіп жатқан технологиялыр мен құралдарды жаңарту.Ішкі көздер есебінен инвестициялық процесті ынталандыру негізі жеделдетілген амортизация саясаты болуы мүмкін. Шетелдік мемлекеттер тәжірибесі бойынша салымдарды өсіру үшін амортизациялық функцияны есептіктен ынталандырушыға ауыстыру қажет.
Екіншіден,ескірген технологиялық құралдары жұмыстан алып тастау және ұзақ мерзімді перспективасы бар тезнологияны сатып алу.Мұндай өндіріске шетелдік капиталды тарту қажет.
Инвестициялық климатты одан ары жақсарту үшін мемлекет мына шаралар жүргізі керек:
*шетелдік фирмалармен бірлескен жобаларды жасау мен іске ачыруға көмек көрсету;
*қаржылық ұйымдармен байланыс жасай отырып,экономиканың аса маңызды бағыттарына инвестиция тарту жөніндегі шараларды жалғастыру;
*негізгі катиталға инвестицияланатын пайда көлемін салықтпн босату;
*шаруашылық және инвестициялық қызметтін құқықтық базасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен қаржылық ресурстарға салымды ынталандыру мен қолдау шараларының анықтылық шараларын жүргізу.
Жоспарлы экономикасы бар кезде Қазақстанда инвестицияны тарту жөнінде тәжірибе болмады.Ал қазіргі кезде халықаралық тәжірибені қолдану маңызды болып келеді.Латын Америкасы,Оңтүстік-Шығыс Азия, Европа мемлекеттері тәжірибесін зерттеу саяси жүйенің тұрақсыздығы, бюрократизм мен жемқорлық,заңдардың үнемі өзгеріп отыруы шетелдік капиталдың елге келуіне тежеу болатынын көрсетті.Жағымсыз салдарды жою үшін дамыған мемлекеттер капитал импорттаушыға ақпараттық, қаржылық қызметтер кешенінен тұратын арнайы инвестициялық құрылымды пайдаланады. Мысалы,Францияда қуатты өнеркәсіп құру жоспарлау бойынша бас Комиссарит негізінде жүзеге асырылды.Өзге құрылым-DEQ неміс қаржылық консалтингтік компаниясы жеке кәсіпкерлікті ел ішінде емес,шет мемлекеттерде дамытуға көмектеседі.Ол осы ауданда өз капиталын салғысы келетін тұлғаларға консалтингтік қызмет көрсетеді және ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландырады.
