Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инд задания.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.31 Кб
Скачать
  1. Қр халықаралық инвестицияларды тартудағы проблемаларын қарастыру

Қазіргі кезде Қазақстанның ұлттық шаруашылығын ары қарай дамыту біршама деңгейде шетелдік капиталды тартумен байланысты болып табылады.Шикізат секторы мен аграрлық кешен және өңдеуші өнеркәсіптің интенсивті дамуы үлкен капитал салымын қажет етеді,ал ондай сома мемлекет қолында жоқ.

Капитал салымының әлсіз деңгейі жасырын әлеуметтік қиындықтар, дамымаған және тұрақсыз заң жүйесімен,инфляция, мемлекеттік құрылыммен экономиканы шектен тыс қадағалау,дамымаған инфрақұрылым және шенеуніктер арасындағы жемқорлықпен сипатталады.

Бұл факторлар Қазақстанның инвестициялық тартымды факторларынан басып озады. «Euromoney»журналы 2000ж бағалау бойынша Қазақстанды инвестициялық тартымдылығы бойынша 81орынға қояды.Қазақстанда әлә күнге дейін ел мен оның аймақтарының инвестициялық климатын анықтайтын өз жүйесі жоқ.Бұл да мәселелердің бірі.Шетелдік инвесторлар әр түрлі мемлекеттердегі консалтингтік фирмалардың бағалауына сүйенеді. Шетелдік эксперттар мен мемлекеттік органдар берген бағалаулар көбінесе толыққанды болмайды.

Шетелдік инвестицияны тартуға әсер ететін факторлар көп.Соның ішіндегі негізгілерінің бірі- елдің заң базасы.Мемлекет тарапынан инвестицияны күтудің қажеті жоқ, себебі елде ішкі және сыртқы қарыз көлемі біршама.Сондықтан тек шетелдік инвесторларға үміт артудан басқа амал жоқ.Осы жерден келіп инвесторларды қорғаудың қажеттілігі туындайды. «Олар Қазақстанның құтқарушылары »принципі бойынша емес, экономикаға ақшасын салатын кез-келген салымшының заңды қызығушылықтарын қорғау үшін.Бұл мемлекеттің міндеті болып келеді.

Қазақстанда шетелдік инвесторларды тартуды қамтамасыз ететін нақты заң базасы бар деп есептеледі.Бірақ сонда да елге инвестиция аз түсуде.Мәселенің мәнісі неде?Мүмкін Қазақстанда шетелдік инвестицияны тартуға перспектива жоқ болар?

Қазақстанда шетелдік инвесторларлың жұмыс істегісі келмейтіндіктерін тудыратын факторларды былайша топтауға болады:

1.Cаяси және экономикалық өзгерістердің болжанбайтындығы.Себебі ставка елде тек бір адамға жасалған.Мысалы АҚШ-та президенттің ауысуы түбегейлі өзгерістерге әкелмейді.

2.Заңдардағы үнемі толықтырулар мен өзгерістер болашаққа деген белгісіздік пен билікке деген сенімсіздікті тудырады.

3.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу, яғни жеке фирмалар өсімін шектеу.

4.Елдегі әлеуметтік қиындықтар және оларды шешуді шетелдік инвесторларға жүктей салу.Мысалы, Қарағанды –Пауер,Испат-Кармет, Қазақмыс.

5.Ішкі нарықтың кіші көлемі.Халықтың өңдеуші өнеркәсіп тауарларына сұраныстың болмауы.Егер халықта оны сатып алуға ақша жоқ боса, оны не үшін өндіру керек?

6.Ұйымдастырылған қылмыстардың жоғары деңгейі.

7.Елде нарық заңдылықтары толығымен жұмыс істемейді- бәсекелестік, еркін баға белгілеу,сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі.

8.Шетелдік валютаны еркін қолданудың болмауы.

9.Елде сауда биржасы,қор биржасы, корпоративті бағалы қағаздар нарығының болмауы.

10.Экономиканы басқару мен кәсіпкерлікті дамытудың болмауы.

Одан басқа мәселелерге шетелдік капиталдың негізгі бөлігінің тен шикізат саласына келуін айтуға болады.Қазақстан үшін аса маңызды жеңіл өнеркәсіп,микроэлектроника,фармацевтика,тұрмыстық электроника, гендік инженерия,биотехнология сияқты салаларға шетелдік инвесторлардың тартылмауы не аз тартылуы.

Тағы да бір мәселе ел территориясында қызмет етіп жатқан фирмалар қызметіне мемлекеттің араласуы.Инвестиция көлемінің экономика қажеттіліктеріне сай болмауы.2005 ж Қазақстан экономикасына 2205.2 млрд. теңге салынған,ал ол ЖҰӨ- нің 20% құрайды,ал шетелдік инвестициялар үлесі-9%.Дамыған елдер тәжірибесі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін инвестиция көлемі ЖҰӨ-нің 30-40% көлемінде болу керектігін көрсетеді.