Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инд задания.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.31 Кб
Скачать
  1. Халықаралық инвестициялардың шетел тәжірибесі

Ұлттық инвестициялық саясат шетел инвестицияларын реттеудің құралдары мен ерекшелігінің жиынтығынан тұрады. Инвестициялық саясат- макроэкономикалық саясаттың негізгі құралы және ол жеке бағыттарға сәйкес келеді.Ол сондай-ақ шетелдік инвестициялардың жүзеге асуының негізгі шарттарын, салалық шектеулер,бақылау тараптары мен стандарттау режимін анықтайды.Ұлттық инвестициялық саясаттың бөлінбес сипаттамасы мынау болып табылады: ұлтттық режимі мен неғұрлым қолайлы режимдер, әділ және біркелкі режимдерді ұсыну арқылы шетелдік инвесторлар құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға кепілдік беру.

Капитал ағымын реттеудің мемлекеттік және мемлекетаралық тәжірибеде инвестициялық режимнің 5 түрін қолданылады:

  • Неғұрлым қолайлы жағдайлар режимі;

  • Ұлттық режим;

  • Дискриминациялық емес режим;

  • Әділ және тең құқық режим;

  • Анықтылық режимі.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау көздері елдегі қолданылатын құқық жүйесіне байланысты әр түрлі болып келеді.Құқықтың жалпы жүйесі бар елдерде (Ұлыбритания,АҚШ,Канада,Австралия,Жаңа Зеландия, көптеген африкалық мемлекеттер мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері) инвесторлық құқықтар неғұрлым қатаң қорғалады. Аралық жағдайда өзге мемлекеттер тобы қолданылады.Германдық азаматтық құқық жүйесін Германия және роман-герман тілдер тобына кіретін мемлекеттер қолданылады. Сондай-ақ,азаматтық құқық жүйесінің скандинавиялық үлгісі де қолданылады.Бұл жүйелердің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.Мысалы, германдық жүйе акционерлерге қарағанда кредиторлар құқығын көбірек қорғайды.

АҚШ-та шетелдік инвестицияны ынталандыру

АҚШ-та шетелдік инвестицияны ынталандырудың федералдық бағдарламасы жоқ.Қолданылып жатқан жеңілдіктерді Сауда Департаменті мен Ауыл шаруашылығы Департаменті ұсынады.Шетелдік инвесторларға негізігі жеңілдіктер штаттар деңгейінде ұсынылады.50 штатта ұлттық және шетелдік инвестицияны тартудың арнайы жасалған бағдарламасы бар. Мемлекеттің штаттық құрылымы жеке штаттарға жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік береді.Американдықтар Конституцияға қарсы келмесе мұндай бастаманы қолдануға тыйым салмайды.Бұл бағдарламалардың негізгі ұйымдастырушысы болып экономикалық дамудың жергілікті органдары табылады.

Көптеген штаттарда ТШИ экономикалық дамуға әсер ететін құрал ретінде қарастырылады және инвестицияны тартуға кеткен бюджет сомасы үнемі өсуде.Орташа деңгейде мұндай сома көлемі 1млн.долл. құрайды.Олар шетелден потенциалды инвесторларды іздеуге кетеді.Әрбір штаттың көптеген елдерде 130-ға жуық офистері бар.Бірақ әрекет етіп жатқан инвестициялық ынталандырулар жүйесі туралы ақпарат қол жетімсіз болып табылады,себебі оны потенциалды инвесторларға мүмкін болатын жеңілдіктер жайлы көмек беру үшін тек адвокаттар иелік етеді.

Кейде штат басшылықтары шетелдік инвесторларды ынталандыратын шаралардың жеке түрлерін емес,жеңілдіктердің пакетін де ұсынады.Оған мыналар кіреді:

*қаржылық жеңілдіктер-штат әкімшілігі тарпынан несиелеу,займдар бойынша кепілдік беру,өнеркәсіпті дамытудың облигациялық бағдарламаларын жасау мен субсидиялау,жұмыс орындарын ашу үшін несиелеу;

*фискалдық жеңілдіктер-корпоративті ,сату,жеке меншік салығына және қоршаған ортаның ластануын бақылауға арналған құралдарды сатып алуға жеңілдік жасау;

*кәсіпкерлік зоналарды құруға арнайы жеңілдіктер жасау компания дамуына несие беру;

*экспорт өсуі,шағын және орта кәсіпкерлікті, жоғары технологияны дамытуға әсер ететін арнайы бағдарламалар;

*басқару бойынша семинарлар,маркетингтік зерттеулер өткізу мен лицензиялық орталықтар құруға ұйымдық-техникалық түрде көмектесу;

Инвестициялық жеңілдіктердің осындай пакеттері компания үшін өз бизнесін орналастыру территориясын таңдаудағы негізгі фактор болып келеді.Мысалы «Крайслер»компаниясы Огайо штаты әкімшілігі тарапынан 232млн.долл.болатын жеңілдіктер алған,ал бұл компания жаңа зауытты салу мен жұмыс істеп жатқан кәсіпорынды қайта құруға 1.2 млрд.долл.ақша салған.

Әрбір штат шетелдік инвестицияны ынталандырудың әр түрлі бағдарламасын жасайды.Олар мақсаттары бойынша ерекшеленуі мүмкін: жұмыс орындарын құру,штаттың экономикалық дамуын ынталандыру, технологияны беруді ынталандыру және штат төңірегінде НИОКР жүргізу. Мақсатқа байланысты әрбір бағдарламаның түрі,көлемі және инвестор алатын жеңілдіктер саны анықталады.

Орталық Америка және Кариб бассейні мемлекеттеріндегі өндірістік-экспорттық зоналарда қолданылатын ынталандыру шаралары

Мемлекеттер

Салық жеңілдіктері

Сыртқы сауда жеңілдіктері

Өзге шаралар

Гаити

8ж.барлық салықтардан босату

Капитал ауқымды тауарлар мен шикізатты кеден бажынсыз импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Гватемала

Табыс салығынан 12 ж босату

Экспорт,импортқа кеден бажы мен сандық шектеулердің болмауы

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Гондурас

Үш деңгейде табыс салығы мен корпоративтік салықтан босату

Барлық тауарларды кеден бажынсыз экспорттау мен импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Доминикан Республикасы

15ж барлық салықтан босату

Капитал ауқымды тауарлар мен шикізатты кеден бажынсыз импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Коста-Рика

Табыс салығынан 6 ж босату,одан кейін 4ж 50% жеңілдік беру

Экспорттық,импорттық квотаның қолданылмауы,кеден бажынсыз экспорт пен импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Панама

Табыс салығынан 15ж босату,сауда мен жеке меншікке салықтан босату

Капитал ауқымды тауарлар мен құралдарды , лицензияланған шикізатты кедне бажынсыз импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Пуэрто -Рика

Федералды деңгейде корпоративті салық пен жеке табыс салығынан босату

Аяқталған өндірістегі өнімді кеден бажынсыз импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Сальвадор

10ж корпоративті және жеке табыс салығынан босату

Фирма экспорты көлемінен тәуелсіз 10ж ішінде шикізат пен құралдарды кеден бажынсыз импорттау

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару

Ямайка

Табыс салығы, жергілікті сату мен жеке меншік салығынан босату

Барлық тауарларды кеден бажынсыз экспорттау мен импорттау,экспорт пен импортқа салық пен квотаның болмауы

Шекарадан тыс мемлекеттерге пайданы еркін аудару