Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инд задания.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.31 Кб
Скачать
  1. Банкте инновациялық технологияларды қолдану деңгейін сипаттаңыз.

Қазіргі таңда Банк жұмысының нәтижелілігі үшін келесідей құралдар қолданылады:

• Операциялық тәуекел шығындарының мәліметтер қоры (База Данных по убыткам операционного риска CLD-Corporate Loss Database);

• Тәуекелді бағалау (Самооценка Рисков RSA - Risk Self - Assessment);

• Банктің жүйесіне енгізілген жаңалықтар мен өзгерістерді бағалау (Оценка нововведений и/или изменений процессов/систем Банка ORAP –

Operational Risk Assessment Process);

• Тәуекелдің негізгі көрсеткіштері (Ключевые Индикаторы Риска KRI - Key Risk Indicator)

Банк инвестициялық қызметпен белсенді айналысады және даму үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады. Қазақстанның орташа банктерінің арасында алдыңғы қатарда. Банк көбінесе клиенттермен онлайн жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Қаржылық ұйымның ресми сайты ақпаратты барынша тез табуға және қолдануға ыңғайлы жасаған. Сонымен қатар сайтта банктің жаңа өнімдерімен таныстырады. Керек жағдайда сұрақ қойып және білікті маманнан жауап алуға болады. Банктің ерекшелігі ретінде әр клиентке жеке көңіл аударып, қызметті жоғары дәрежеде көрсетуі мен банк қызметтерінің тиімді шарттарын айтуға болады. Қаржылық ұйым көптеген мемлекеттік бағдарламаларға мүше болып табылады. Банк клиенттері « Алтын Тәж» және Western Union ақша аудару жүйелерін пайдалана алады.

Банк көптеген жеке тұлғалар материалдық құралдарын сақтауға ыңғайлы әдіс деп санайтын бағалы тастармен жұмысқа лицензиясы бар. Кәсіпкерлік үшін несие , депозиттік бағытта ғана емес есепті басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар , керек жағдайда банк тендер өткізуге банктік гарантиялар да береді. Тұрақты клиенттерге ыңғайлы пайыздық жеңілдіктер жүйесі бар.

Үлкен жетістіктерге жеткен ерекше клиенттер үшін жоғары деңгейлі , қосымша қызметтері бар қызметтер көрсететін VIP орталығы жұмыс істейді.

«Bank RBK» Акционерлік Қоғамы «Интернет-Клиент» атты заманауи техникалық міндеттерге сай қашықтан банктік қызмет көрсетудің жоғары технологиялық жүйесін ұсынады. «Интернет-Клиент» жүйесі уақыт пен ақшаны үнемдеп, банкке бармай ақ пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық банктік операцияларды жұмыс орнында ақ жүзеге асыруға болады.

  1. Кәсіпорынның сыртқы ортасын қалыптастыратын факторлар:

1)Экономикалық

2)Бәсекелестік

3)Саяси

4)Нарықтық

5)Халықаралық

6)Техника, технологиялық

7)Әлеуметтік

Экономикалық факторлар

Бұл дегеніміз инфляциялар, халықаралық сатып алу балансі, халықтың жұмысбастылық деңгейі, девальвация, пайыздық мөлшерлеме деңгейі, т.б. Бұл аталғандардың әрқайсы банк қызметіне тікелей әсер етеді, себебі банк ел экономикасына тікелей тәуелді.

Экономикалық хал-ахуал:

  • экономикалық өсудің қарқыны;

  • төлем балансы;

  • жұмыспен қамту деңгейі болып бөлінеді.

Экономикалық осу — үкіметтің инфляцияны таяу жылдарда ауыздықтау, ал келешекте мүлдем тоқтату және төлем балансын қалыпқа келтіру жолындағы негізгі мақсаты. Экономиканы серпінді дамыту жан басына шаққанда ұлттық өнім үлесінің өсуіне, халықтың, оның барлық әлеуметтік топтарының ауқатты өмір сүруіне негіз болады. Экономикалық хал-ахуал кәсіпорынның мүддесіне қосымша капитал тартуына тікелей ықпал етеді.

Үкімет:

  • салықтарды, ақша массаларын, несиенің

  • процент мөлшерін реттейді;

  • экономикалық жағдайдың тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде сыртқы экономикалық операциялар балансын көрсететін маңызды статистикалық құжат.

Жұмыспен қамту деңгейі. Мұндағы басты мәселе жұмыссыздық. Ол жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды адамдардың өндірісте және басқа да қызмет орындарында жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық — нарықтық экономика жағдайында жұмыс күшіне деген сұраным пен ұсынымның арақатынасының көрсеткіші. Жұмыссыз қоғам мүшелерінің санын барған сайын азайтып, жұмыссыздық деңгейінің оңтайлы межеден аспауын қамтамасыз ету жолында іске асырылатын макроэкономикалық шаралар кәсіпорындар қызметінің оңалуына тікелей әсер етеді.

Мәселен:

  • салыққа қатысты жеңілдіктер беру;

  • шектеу аясын тарылту.

Бәсекелестік

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.

Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның  ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.

Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға болады.

Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша ұйымшылдық  процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.

Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.

Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ, өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен тәсілдері кіреді.

Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне — әлеуметтік  жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.

Саяси факторлар

Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын жөне оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл — мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы.

Осы көзқарас:

  • табысқа салық салу;

  • салық жеңілдіктерін белгілеу;

  • тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу;

  • айналадағы ортаны қорғау;

  • бағаға бақылау жасау;

  • жалақыны реттеу мәселелерінде үкіметке ықпал етеді.

Кәсіпорын үшін саяси тұрақтылық элементтеріне түрлі партиялар тобының қызметі мен ұстанымдары, шетел инвестицияларын тиімді пайдалану да жатады.

Саяси фактор елдегі жалпы саяси жағдайды, оның тұрақтылығы деңгейі мен болжамдылығын анықтайды. Саяси тәуекелдердің жоғары деңгейі өндірісті ғылыми-техникалық жаңартуды бәсеңдетуге, құрылымның ескіруіне, бәсекелестік күресте ұлттық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Жергілікті билік саясаты аймақтағы жұмысбастылыққа, кәсіпорындарды орналастыруға, олардың қоршаған ортаға әсер етуі, өндірісті-техникалық және әлеуметтік ортаға айтарлықтай әсер етеді.

Нарықтық факторлар

Тұтынушылар өндірілген тауар мен қызметтерді тұтынады. Сұраныс көлеміне байланысты ірі және ұсақ тұтынушылар деп бөледі. Ірі тұтынушылардың талаптарын ескеру ұйымның сәтті жұмыс жысауы үшін қажет. Тұтынушыға қарым қатынасына байланысты ұйымның әртүрлі стратегиясы туралы айтуға болады: өндіріліп қойған өнімді сату; тұтынушыға қажет өнімді өндіру; өндірілетін өнімді тұтынуға шақырып, өз тұтынушысын қалыптастыру.

Халықаралық факторлар

Халықаралық экономика , яғни халықаралық ақша айналымы, халықаралық ұйымдар мен серіктестер, халықаралық Заңнамалар, валюта бағамының өзгеруі, халықаралық қарым қатынас тікелей әсер етеді.

Техника,технологиялық факторлар

Техникалық факторлар — кәсіпорынның атқарымдылығы, өзгерту, жетілдіру, қосымша мүмкіндіктер мен шектеу тенденцияларын қамтиды. Жоғары деңгейдегі технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпорындар техниканың жаңа түрлерін әзірлеп, олармен өндірісті жабдықтаудың тиімді жолдарын басқаларға ұсынады. Өндірісті жаңа техникамен жабдықтаудың өнім өндіруде, оны дайындау мен тиімді сатуда, ақпарат жинауда, кәсіпорыннан тұтынушылардың қандай жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін күтетіндігін анықтауда алатын орны ерекше.

Жанама әсер ету ортасының факторы ретіндегі технологиялар өндіріс күшінің жалпы деңгейін сипаттайды. Бұл аталған ортаның ең қарқынды факторы. Өндірістің ғылыми сыйымды салалары – компъютерлік технологиялар, телекоммуникация жүйелері, синтетикалық материалдар өндірісі басқа ұйымдарға, олардың қызметіне қатты әсер етуде. Еңбексыйымды және қорсыйымды өндіріс сатыларының орнына ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік туғызатын ғылымисыйымды технологиялар келді.

Әлеуметтік факторлар

Әлеуметтік факторлар. Кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметтерінің табыстылығына ел тұрғындарының:

  • мәдениеті,

  • тарихи ерекшеліктері,

  • менталитеті мен әдет-ғүрыптары әсер етеді.

Әлеуметтімәдени фактор ұйымның қызметіне әсер ететін  құндылықтары мен бекітулері, приоритеттері мен ұлттық дәстүрлерінде көрініс табады. Әр елде бизнесті жүргізу этикасы , қызмет көрсетудің қажетті сапа стандарттары, қоршаған ортаға әсер етудің рұқсат етілген деңгейі  бар.