- •Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын сипаттаңыз.
- •Кәсіпорынның мықты және әлсіз тұстарын талдаңыз.
- •Еңбек өнімділігін көтеру мақсатында ұжымды ынталандыру тәсілдерін талдаңыз.
- •Дағдарыс жағдайында банктегі шығынды оңтайландыру тәсілдерін талдаңыз.
- •Банк қызметінің сапасын бақылау тәсілдерін талдаңыз.
- •Банкте инновациялық технологияларды қолдану деңгейін сипаттаңыз.
- •Көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін талдаңыз.
- •Халықаралық инвестициялардың шетел тәжірибесі
- •Қр халықаралық инвестицияларды тартудағы проблемаларын қарастыру
- •Қр халықаралық инвестицияларды пайдалануының тиімділігін арттыру бағыттарын анықтау.
- •Қр халықаралық инвестициялардың болашақтағы
Дағдарыс жағдайында банктегі шығынды оңтайландыру тәсілдерін талдаңыз.
Банк секторының қаупі көбінесе Банк капиталына қойылған міндеттердің өзгеруінен болады. Соңғы жылдар бойынша Банк капиталы міндеттерге сай.
Екінші маңызды фактор - ұлттық валютаның құнсыздануы. Ұлттық валюта құнын жоғалтса, тұтынушылардың сатыпалу қабілеттіліктері төмендейді, соған сай тұтынушылық несие алу да төмендейді. Экономикада несие қаупі сақталады- импортпен, яғни шет елден тауар тасумен айналысатын компаниялар шетел валютасында да , ұлттық валютада да алған қарыздар.
Несиелік қауіп немесе тәуекел: несиелік қауіпті барынша төмендетуге және несиелік операциялардың табыстылығын көтеру мақсатында, Банктің несиелік саясаты экономиканың нақты секторымен айналысатын тұтынушыларды несиелеуге бағытталады.
Пайыздық тәуекел. Банк пайыз мөлшерлемесі өзгергенде тәуекелге барады. Пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі жағдайында банктің пайыздық табысы азаяды, пайыздық шығыны көбейеді немесе нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі капиталға кері әсер етеді.
Валюталық тәуекел. Теңгенің құнсыздануы мен басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерге тәуелді. Сол себепті Банк барлық валютаны бірдей пайдалана береді.
Банкте сонымен қатар Ішкі бақылау бөлімі жұмыс жасайды. Ол келесідей мақсаттарға бағытталып жұмыс атқарады:
Банктің операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелігі, банк активтерін басқарудағы нәтижелілік және пайдалылық және шығын мүмкіндігін анықтау;
Қаржылық және басқару ақпаратының сенімділігі, толықтығы және сапалылығы.Бұл мақсат банктің шешім қабылдау барысында пайдаланатын қаржылық есептер мен басқа да қаржылық құжаттарының тура және сапалы дайындалуына бағытталған.
Қазақстан Республикасының Заңнамасына, нормативтік актілерге , және басқа да банктің ішкі саясаты мен қызметін анықтайтын құжаттарға сай болуы.
Ішкі бақылау бөлімі өзара бір-бірімен байланысқан бес элементтен тұрады:
басқаруды бақылау;
Қауіп немесе тәуекелді анықтау және бағалау;
Өкілеттілікті бақылау және бөлу;
Ақпарат және өзара байланыс;
Мониторинг және кемшіліктерді түзеу;
Банк қызметінің сапасын бақылау тәсілдерін талдаңыз.
Банкте сонымен қатар Ішкі бақылау бөлімі жұмыс жасайды. Ол келесідей мақсаттарға бағытталып жұмыс атқарады:
Банктің операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелігі, банк активтерін басқарудағы нәтижелілік және пайдалылық және шығын мүмкіндігін анықтау;
Қаржылық және басқару ақпаратының сенімділігі, толықтығы және сапалылығы.Бұл мақсат банктің шешім қабылдау барысында пайдаланатын қаржылық есептер мен басқа да қаржылық құжаттарының тура және сапалы дайындалуына бағытталған.
Қазақстан Республикасының Заңнамасына, нормативтік актілерге , және басқа да банктің ішкі саясаты мен қызметін анықтайтын құжаттарға сай болуы.
Ішкі бақылау бөлімі өзара бір-бірімен байланысқан бес элементтен тұрады:
басқаруды бақылау;
Қауіп немесе тәуекелді анықтау және бағалау;
Өкілеттілікті бақылау және бөлу;
Ақпарат және өзара байланыс;
Мониторинг және кемшіліктерді түзеу;
Бұл компоненттердің қызметі банк қызметінің нәтижелілігіне , ақпараттық қызметінң жұмысына, барлық нормативтік актілерге , шектеулерге сай болуына маңызы зор.
Ішкі аудит қызметі - банктің қызметінің мінсіз болуы мақсатында объективті бағалау және кеңес беру қызметін атқаратын банк бөлімі. Банктегі ішкі аудит қызметі тәуекелді бағалау процестері, тәуекелді басқару және ішкі бақылау арқылы айқын мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Ішкі аудит қызметінің міндеттеріне келесі сұрақтарды шешу мен қарастыру жатады:
• ішкі бақылау жүйесінің қызметі;
• ішкі аудит қызметі жайлы директорлар кеңесіне есеп дайындау;
• банк операцияларындағы ағымдағы жылы тәуекелге ұшырауы мүмкін салалар;
• сыртқы қолданушылар мен басқару бөліміне берілетін ақпараттың дәлдігі мен туралығы;
•ішкі аудит пен бухгалтерлік есептегі кез – келген кемшіліктер.
Ішкі аудит қызметтері:
ішкі бақылау жүйесінің нәтижелілігін тексеру және бақылау;
банк тәуекелдерін басқару мен бағалау әдіс- тәсілдерінің нәтижелілігі мен қолдану толықтығы (методикалар, бағдарламалар, тәртіп ережелер мен банктік операциялар мен келісімдер, тәуекелдерді басқару) ;
автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің қызметінің нәтижелілігін тексеру, сонымен қатар мәліметтер базасының толықтығы мен рұқсатсыз бас сұғудан қорғау, күтілмеген жағдайларға іс – әрекет жоспарының болуы;
Бухгалтерлік есептің шынайылығы, толықтығы, объективтілігі, уақытылығы, сонымен қатар ақпаратты жинаудың сенімділігі мен уақытылығы;
Басқа да мәліметтердің шынайылығы, толықтығы, объективтілігі мен уақытылығы және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілергі сай болуы;
Банк мүлкінің қауіпсіздігі;
Банк жүзеге асыратын операциялардың нәтижелілігі және мақсаттылығы;
Ішкі бақылау процестерін тексеру;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сай болуына бағытталған жүйелерді тексеру;
Банк персоналын басқару жүйесін бағалау;
Банк бөлімдерінің қабылдаған шараларының нәтижелілігін бақылау;
Және басқа да банктің ішкі құжаттары жайлы сұрақтар.
