Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инд задания.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.31 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын сипаттаңыз.

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық -құқықтық нысандары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны- кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар және басқа да кәсіпорындармен болатын қатынастарынан тұратын белгілі бір нормалар жүйесі. Кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады: жеке капиталдың немесе оны тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы және т.б.

Кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары болады:

1. Серіктестік: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

2. Акционерлік қоғам (ашық және жабық типі);

3. Мемлекеттік кәсіпорын.

Шаруашылық серіктестіктері жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады.

Толық серіктестік. Қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік толық серіктестік болып табылады.

Толық серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады және әрекет етеді. Толық серіктестік қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны оның қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.

Сенім серіктестігі.Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі болып табылады. Қосқан үлесінің мөлшерінде жауап беретін қатысушылар командистер деп аталады. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды - акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит деп атайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.Бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеуі серіктестік деп танылады. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар нысанында заттық үлестері де болуы мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б.).

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.

Акционерлік қоғам — бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды, оны нотариус куәландыруы керек. Акционерлік коғамды ұйымдастырушыларға шек койылмайды. Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.

Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: ашық және жабық. Ашық акционерлік қоғамға барлық азаматтар қатысады. Олар қоғамның басқа мүшелерінің рұқсатынсыз өз акцияларын сата алады. Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек қана құрылтайшыларына немесе жарғыда көрсетілген басқа да тұлғаларға сатылады.

Акция дегеніміз– оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Сонымен бірге акция акционерлік қоғамның ісін басқаруға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция - бір дауыс деген қағида басшылыққа алынады. Акционердің акциясы неғұрлым көп болса, акционерлік кәсіпорынның істеріне соғұрлым көп әсер ете алады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруда акциялардың бақылау пакетін иеленген акционер шешуші рөл атқарады.

Банк өз қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда «Bank RBK» Акционерлік Қоғамы ретінде жүзеге асырады.

«Bank RBK» АҚ өз тарихын 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жеке меншік банктерінің бірі – «Мекен» банкінің негізін қалаған кезден бастап жазып келеді. 1996 жылы «Мекен» жеке меншік банкі «Алаш-Банк» ЖАҚ деп атауын өзгертті, ал ол өз кезегінде 2005 жылы атауын «Қазақстанның Инновациялық Коммерциялық Банкі» акционерлік қоғамы («ҚазИнКомБанк» АҚ) деп өзгертті.

2010 жылдың аяғында акционерлер құрамы жаңартылып, Банктің даму стратегиясы өзгертілді. ҚР Ұлттық Банкі «SBS Group» өндірістік кәсіпорындар тобының басшысы Фарид Люхудзяевке Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді.

2011 жылдың қыркүйегінде «ҚазИнКомБанк» АҚ атауын «Bank RBK» АҚ деп өзгертті.Дәл осы жылы Банк филиалдық желісін кеңейтуге, өнімдер желісін жаңартуға, ІТ-жүйесін, барлық ішкі бизнес- процестерін жаңартуға, сондай-ақ клиенттік базасын кеңейтуге кірісті.

Жаңа команданы қалыптастыру және жаңа даму стратегиясын әзірлеу жауапты кезеңінде Банкті Жауарова Г.К (1962-2013) басқарып, қаржы институтының дамуына зор үлесін қосты.

«Bank RBK» АҚ – Қазақстан қор биржасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру Бағдарламасының серіктесі, «Агробизнес-2020» ауылшаруашылық кешені субъектілерін қаржылық сауықтандыру Бағдарламасын іске асыру аясында «НУХ «ҚазАгро» АҚ серіктесі, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және Қазақстан Рсепубликасының индустриалды- инновациялық дамыту бағдарламасы аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ серіктесі, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ серіктесі, Дүниежүзілік банк аралық қаржы телекоммуникациялар қоғамдастығының (SWIFT) серіктесі , сондай - ақ Visa International принципалды қатысушысы. Банк кеңселері Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет атқарады.

Мекенжайы: ҚР, 050012, Алматы қ., Ади Шарипова к., 84.

Тел.: 8 (727) 330-90-30.

Факс: 8 (727) 292-01-44.

Электрондық мекенжайы: www.bankrbk.kz

Электрондық почтaсы: info@bankrbk.kz

Ұстаушының атауы

Жай акциялары

Артықшылықты акциялары

Барлық акциялары

саны

үлесі

саны

үлесі

F. Lokhudzyaev

568

500

13,50

568 500

12,20

S.A.N-GROUP AGRO LLP

448960

448 960

9,63

D. Idrisov

334 000

7,93

334 000

7,17

K.Sharipbaev

270

000

6,41

270 000

5,79

ASSET MANAGEMENT ADMINISTRATION "FOND-INVEST" LLP

630 000

14,96

630 000

13,52

U. Nurmukhamedov

334 000

7,93

334 000

7,17

B.Ablazimov

354 000

8,41

354 000

7,60

T. Jumaev

377 250

8,96

377 250

8,09

I. Mazhinov

280 000

6,65

280 000

6,01

Жарияланған жай акцияларының саны, дана

7 000 000

Жарияланған артықшылықты акцияларының саны, дана

500 000

Орналастырылған жай акцияларының саны, дана

4 210 500

Орналастырылған артықшылықты акцияларының саны, дана

450 000

Кері сатып алынған жай акцияларының саны, дана

Кері сатып алынған артықшылықты акцияларының саны, дана

Айналыстағы жай акцияларының саны, дана

4 210 500

Айналыстағы артықшылықты акциялардың саны, дан

450 000