- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •III.Қорытынды
- •Шулардың жіктелісі:
- •Шудың биологиялық әсері:
- •Шумен күрестің техникалық құралдары:
- •Шуды өлшеуге арналған негізгі құралдар және олармен жұмыс істеу тәртібі:
- •Жұмысшылар организміне әсер ететін шу деңгейін төмендетуге арналған шаралар:
- •Шумен күресудің құрылыстық-акустикалық әдістері
- •Дыбысты тұмшаулау (изоляция):
- •Шуды бір қабатты қоршаған кедергілермен тұмшалау:
- •Шуды терезе, есіктер көмегімен тұмшалау:
- •Дыбысты тұмшалау қаптамалары (кожухи):
- •«Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері:
- •Қатынастық ультрадыбыстардың төмен жиілікті көздерімен жұмыс істейтіндерге ұсынылады:
- •Жоғары жиілікті жұмыс істейтіндерге ұсынылады:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мәнжазбаны бағалау критерийлері (бағалау парағы):
«Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері:
Ауада аздап жұтылуына, кедергілерден өту қабілетіне байланысты инфрадыбыс біршама қашықтыққа таралады. Сондықтанда инфрадыбыстан қорғанудың конструктивті шараларынан (инфрадыбысты оқшаулағыш және инфрадыбысты жұтқыштар, инфрадыбысты өшіргіштер), жоспарлы шешімнен тұратын кешенді шаралар, ал өндірістік жағдайда ұйымдастыру әкімшіліктік, медициналық алдын алу шаралары және жеке қорғаныс шаралары пайдаланылуы керек.
Өндірістік жағдайда норма шегінен асатын деңгейдегі инфрадыбыс әсері еңбек және демалыс тәртібіне әрбір екі сағаттық жұмыстан кейін 20 минуттық үзілістерді енгізу қажет және олар технологиялық регламентацияларда, инструкцияларда және т.б. көрініс табуы керек.
Инфрадыбыс және шу әсері жағдайында жеке қоғаныс заттарын пайдалану ұсынылады. Төмен жиілікті шу және инфрадыбыс әсері кезінде жеке қорғаныс заттарын таңдау, олардың спектірлік есепке алып жүргізіледі. Қорғаныстың тиімділігін жоғарлату үшін шудан қорғайтын жеке қорғаныс заттарының бірнеше түрлерін біріктіріп пайдалану ұсынылады, мысалы, шуға қарсы құлаққап, қыстырма, сонымен қатар, ішкі ағзалардың тербелісін азайтатын арнайы белдіктер.
Жұмысшыларды қатынастық ультрадыбыстың және өндірістік ортаның және еңбек үдерісінің басқа да бірге жүретін факторларының қолайсыз әсерінен қорғау шараларына жатады:
Жұмысқа қабылдау кезінде субьективті және объективті тәуекел факторларын есепке ала отырып, медицина - биологиялық скирининг өткізу;
Еңбек етудің әртүрлі тәртібін қолдану;
Гигиеналық, оның ішінде экспозиционды және клиника - физиологиялық мониторинг;
Жұмысшыларды сауықтыру бойынша дәрігерлік - профилактикалық шаралар;
Жұмысқа қабылдау кезінде медицина - биологиялық скринингті жүршізудің бірнеше кезеңін өткізеді:
I - кезең әлеуметтік іріктеу; гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес ультрадыбыстың әсері жағдайында жұмыс істеу үшін негізгі қарсы көрсеткіш болып 18 жастан кішілер саналады;
II - кезең медициналық іріктеу; оның қатарына қатынастық ультрадыбыстың әсер ету ерекшелігін және тәуекел факторларын есепке ала отырып, функционалды зерттеулер жүргізу және алды ала қарау кіреді;
Ультрадыбыстық әсер етудің профилактикасында маңызды орынды нақты жұмыс орнына немесе ауытқу көзі үшін бекітілетін еңбектің ұтымды тәртібі алады. Еңбек тәртібінің құрастыру кезінде келесі принциптерді жетекшілікке алып, сүйену керек:
Нормативтерден асып түсу кезінде ультрадыбысты дыбыстаудың экспозици ясын азайту және қатынасудың қосынды уақытын қысқарту;
Ультрадыбысты әсерлерді тұрақты түрде үзіп отыратын жұмыстарды енгізу;
Екі регламенттелген үзілістерді ұйымдастыру, біріншісі ұзақтығы 10 минут, екіншісі 15 минут, белсенді демалыс, өндірістік гимнастиканың арнайы кешенін жүргізу, физио - профилактикалық процедуралар және т.б. үшін. Бірінші үзілісті ауысым басталғаннан соң 1,5 – 2 сағаттан кейін, екіншісін түскі ас үзілісінен 1,5 сағаттан кейін ұйымдастыру ұтымды болады;
түскі ас үзілісі 30 минуттан кем болмауы тиіс. Еңбектің ауысымдық тәртібінен басқа, сырғымалы тәртіпті енгізген дұрыс апталық, декадалы, айлық, кварталдық және т.б. Еңбек тәртібінің бұл заманауи тәртіптері медициналық қызметкерлер үшін тиімді, себебі, жұмысшыларға рұқсат шегінен асқан ультрадыбыстық жүктеменің түсуін уақыт бойынша тең бөліп беруге болады.
Қатынастық ультрадыбыстың әсер етуі кезінде организмнің қарсыластығын жоғарылатуға бағытталған шараларға физио профилактикалық процедуралардың әртүрлі түрлері, рефлексопрофилактика, өндірістік гимнастика, ұтымды балансты тамақтану, дәрумендену, психофизиологиялық жүктеме жатады.
Көптеген экспериментальды зерттеулердің нәтижесінде тығыс және сұйық орталарда таралатын төмен және жоғары жиілікті ультрадыбыстардың әсерінен жұмысшылардың қолын қорғаудың тиімді тәсілін іріктеліп қарастырылған.
