Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шуи.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.47 Кб
Скачать

Шуды өлшеуге арналған негізгі құралдар және олармен жұмыс істеу тәртібі:

«1М – ШУМ» құралы. Құралмен жұмыс істеу тәртібі:

Жұмыс алдында құралға «Крона ВЦ» түріндегі 2 батареяны салып, «Быстро-Медленно» қосқышын «Быстро» күйіне, «Род работы» қосқышын «батарея» күйіне келтіреді. Құралдың тілі «дБ» шкаласының қара сектордағы «Бат» күйінде болу керек. Егер тілі қара сектордың сол жағында болса, онда жаңа батарея салу керек. Сонан соң өлшегінтегі «Род работы» қосқышын «калибр» күйіне қойып және «калибр» тұтқасын айналдыра отырып өлшегіш аспап тілін «дБ»-ның төмен шкаласындағы «О»-г келтіреі. Дыбыс деңгейін дБА-мен өлшеу кзінде «Род работы» қосқышын «А» күйіне қойған жөн. Дыбыс қысымының деңгейін анализдейтін мүмкіндігі жоқ құралдармен өлшегенде «В» немес «С» сипаттамалары қолданылады,ИШВ-1 құралы.Дыбыс қысымын, дыбыс деңгейін, сонымен қатар діріл параметрлерін өлшеуге арналған.

Құрал тасымалды, қоректену «Марс» типті 8 элементтен, немесе 220 Вт электр көзінен.

Жұмысшылар организміне әсер ететін шу деңгейін төмендетуге арналған шаралар:

1) Қара металлургия кәсіорындарында барынша көп және саналуан шу көздері кездеседі. Бұл шулары шығу көзіне байланысты екі үлкен класқа өлуге болады:механикалық және аэродинамикалық.

Гидродинамикалық және магниттік шулар металлургияда біршама сирек кездесді және олардың қарқындылығы механикалық, аэродинамикалық шуларға қарағанда төмен болады, сондықтан олар қарастырылайды.

Шуды төмендетудің тиімді әдісі болып жабықтағы элементтердің соғылғандағы жанасу уақытын ұзарту болып табылады.

Соққылардың жанасу уақытын ұзарту барысында қарқынды қозатын тербілістер спектрлерінің «қысылуы» болады, сондықтан соққы энергиясының көп бөлігі төмнгі жиілікті шу түрінде туындап, орташа және жоғары жиіліктердегі шулардың едәуір төмендеуіне себеп болады. Мысалы, екі соғылатын болат бұйымдардың біреуін (муфт, подшипник вкладыштарын және т.б.) пласстмастымен (текстолитті, капролонды және т.б.) ауыстырса, жанасу ұзақтығы 2,8 есе ұзарады. Ал егер шарлы диірмендердегі құрышты футерововчный плиталар мен тазалағыш барабандарды резеңкемен ауыстырса шуды төмендету өте нәтижелі болады.

Механикалық шуарды төмендету үшін машиналардың жеке элементтері арасында тығыз резеңкелер қояды, ол шу таралатын беттерге бәрінен бұрын орта және жоғары жиіліктегі дірілдің өтуіне бөгет болады. Резеңке тығындарды дұрыс таңдаған жағдайда диірмендерде және басқа да ір типті жабықтарды, іс жүзінде, шуды норманың кез келген талаптарына сай деңгейге төмендетуге болады.

Шумен күресудің құрылыстық-акустикалық әдістері

Жоғарыда қаралған шумен күресу жолдарының мақсаты, шуды пайда болу кезінде басу және бұл шу сөндірудің белсенді әдісі болып саналады. Бірақ, көптеген жағдайларда, кейбір себептермен бұл әдісті қолдануға мүмкіндік болмайды, немесе олардың тиімділігі шуды талап етілген деңгейге төмендету үшін жеткіліксіз болып табылады. Бұл жағдайда пассивті әдіске жүгінеді, оған шумн күресудің құрылыстық – акустикалық әдістері жатады.

Дыбысты тұмшаулау (изоляция):

Технология талаптарына сай шулы жабдықтарды қаптамаларға орнату мүмкіндігі болмаған, немесе жұмысшылар жұмыс уақытының көбінде басқару постларында болатын жағдайларда, қаптамалардың дыбыс тұмшалайтын құрылымдарды мен бақылау кабиналарын дұрыс таңдап орналастыру, жұмысшыларды іс жүзінде кез-келген шудан қажетті деңгейде қорғауға мүмкіндік береді.

Дыбыстың кедергілер арқылы өту механизмі, дыбыс толқынының кедергілерге соқтығыса отырып, оларды, жиілігі толқын құрамындағы ауа бөлшектерінің тербеліс жиілігіне тең келетін, тербеліске әкелетінімен түсіндіріледі. Нәтижесінде, кедергі құрылымының өзі дыбыс көзіне айналып, дыбысты қоршаған ортаға таратады. Бірақ одан шығатын дыбыс қуаттылғы шу көзінен таралатын дыбыс қуаттылығына қарағанда 100 және одан да көп есе төмен болады.

Шу, тұмшаланған бөлмеге тек шудан бөліп тұрған қабырғалар арқылы ғана емес, сонымен бірге басқа да жанама жолдармен (құбыр жолдары, тесіктер, шелдер, саңылаулар және т.б. арқылы) енеді.

Шуды өкізудің жанама жолдароы бар болған кезде, дыбысты қоршаған кедергілермен тұмшалау шуды кедергіермен нақтылы (фатич.) тұмшалау немесе дыбысты кедергілермне жай тұмшалау деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]