Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шуи.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.47 Кб
Скачать

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Коммуналды гигиена және еңбек гигиенасы

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: «Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері.

Орындаған: Нұрадинов Қ 517 «Б»

Ақтөбе – 2016 жыл

Жоспары:

I.Кіріспе

Өндірістік шуға түсінік,жіктелісі. Шудың биологиялық әсері.

II.Негізгі бөлім:

  1. Шудың жағымсыз әсерінің алдын алу;

  2. Шудың нормалары және өлшеу құралдары.

  3. «Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері.

III.Қорытынды

Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

Шу-адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.

Өндірістік шу-адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс немесе сондай дыбыстардың үйлесімділігі.Дыбыс өз кезегінде серпімді ортаға толқын тәрізді таралатын, сол орта бөлшектерінің қоюлатылатын және сиретілетін ауыспалы толқындары-дыбыстық толқындар түріндегі тербелуші үдеріс. Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты.

Дыбыстың қысымы деп оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы Паскальмен (Па) өлшенеді.

Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м²-пен өлшенеді.

Дыбыстың жиілігі дегеніміз- оның бір секундтағы толқуының саны.

Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс).

Шулардың жіктелісі:

Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты). Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады.

  1. 20 000 Гц-тен жоғары тербелістер-ультрадыбыс.

  2. 16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады.

Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді:

  1. Механикалық-станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.

  2. Соққы түрі-темірді соққандағы, шегелегендегі.

  3. Аэродинамикалық-газдардың шығуы кезінде.

  4. Гидравликалық-сұйықтар қозғалысы кезінде.

Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты:

  1. Органикалық

  2. Бейорганикалық

Жиілігіне байланысты:

  1. Төмен жиіліктегі

  2. Орташа жиіліктегі

  3. Жоғарғы жиіліктегі

Спектр ендігі бойынша:

  1. Тар ендіктегі шу

  2. Кең ендіктегі шу.

Қарқынының өзгерісіне байланысты:

  1. Импульстік шу,

  2. Тұрақты шу.

Әсер ету уақытына байланысты:

  1. Қысқа уақыт әсер ететін шу

  2. Ұзақ уақыт әсер ететін.

Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]