Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BiznesZhosparTurmystykZhaneOnerkasiptikKaldyktardyZhinauKyzmetterinUsynu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
593.57 Кб
Скачать

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

Қазіргі уақытта республиканың үкіметі қоқыс мәселесіне назар аударуда. Атап айтқанда, Құрылыс және ТКЩ агенттігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің 2012 жылы 2-3 ірі қаласында қоқысты бөліп жинау технологиясын енгізудің «пилоттық» жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның көмегімен тұрғындармен қоқысты бөліп жинауды түсіндіру және насихаттау жұмысын жүргізетін болады.

Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау қағидалары мен ұсынымдары, жаңа құрылыс салу кезінде қоқыс жинайтын жерасты контейнерлерін енгізуге бағытталған ереже әзірленетін болады. Жергілікті жұмыс жасау мақсатында ҚТҚ жинау мен тасымалдау үшін қоқысты реттеу желілері мен контейнерлер жобаларының бастамашыларына көмек көрсету қажет. ТҚШ саласындағы уәкілетті орган осы жобаларды іске асыруға әдістемелік және қаржылық көмек көрсететін болады.

Бүгінде министрлік техникалық регламент әзірледі, онда ҚТҚ жұмыс жасаудың барлық циклі көрсетілген.

Техникалық регламентте дербес сауда нүктелері, мейрамханалар үшін қоқысты жинау мен шығарудың тиісті талаптары белгіленетін болады. Оларды қоқысты қайта өңдеу кәсіпорындарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге міндеттеу жоспарлануда.

4.4 Маркетинг стратегиясы

Есептерге ай сайынғы жарнамаға арналған шығындар қосылған. «Тікелей маркетиег», жеке кәсіпкерлердің күшімен өнімдерді жеткізуге тікелей шарттар жасасу қолданылатын болады.

Кәсіпорында өнімді сатуды ұйымдастыруды мынадай принциптер ескеріле отырып жүзеге асыру болжануда:

1. Бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты мониторингі және оны жетілдіру жолындағы жұмыс;

2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру , имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді тарту жөніндегі шаралар кешенін пайдалану.

Сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру мынадай сәттерді ескере отырып жоспарлануда:

- Бәсекелестікті реттеу агенттігі бекіткен бағалармен салыстырғанда бағаның бірдей деңгейі;

- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру.

4-кесте - SWOT-талдау

Сыртқы

орта

Мүмкіндіктер

Тұрақты пайда алу.

Компанияда белгілі «атақты» жасау.

Болашақта өңірлік қамтуды ескере келе қалдықтарды шығару және кәдеге жарату қызметтері нарығында беку

Қатерлер

Жоғары бәсекелестік,

Сәтсіз жайғастыру.

Қолайсыз қоғамдық пікір.

Форс-мажор жағдайлар

Ішкі

орта

Басымдықтар

Клиентке «дербес» менеджерді бекіту.

«Еуро-3» стандартына сәйкес келетін жаңа қоқыс шығаратын машинамен қызмет көрсету,

Кемшіліктер

Қоқыс полигондарын пайдалану мерзімінің шектеулі болуы, шығыстардың полигонға дейінші қашықтыққа байланыстылығы.

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Техникалық процесс

Қазіргі уақытта ҚТҚ шығарудың екі кезеңдік схемасы өзекті болуда.

1-кезең:

- ҚТҚ жинақталған орындарынан жинау;

- ҚТҚ қоқыс машинасы тиеу.

2-кезең:

- ҚТҚ оларды көму және кәдеге жарату орнына жеткізу ;

- ҚТҚ қоқыс машинасынан түсіру.

Кәсіпорынның жинақтау бункерлерінің көмегімен қоқыс шығару схемасы мынадай:

1. Аумаққа қоқыс контейнері қойылады (ашық немесе жабық түрі).

2. Жинақталуына байланысты клиент диспетчерге телефон арқылы контейнерді әкетуге тапсырыс береді..

3. 4 сағат ішінде арнайы машина қоқысты алып кетеді. .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]