- •Бизнес-жоспар
- •Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
- •1. Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
- •4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
- •4.4 Маркетинг стратегиясы
- •5. Техникалық жоспарлау
- •5.1 Техникалық процесс
- •5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
- •5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
- •7.2 Жобаны іске асыру шығындары
- •8. Пайдалану шығыстары
- •9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •10. Қаржыландыру қажеттілігі
- •11. Жобаның тиімділігі
- •11.1 Cash-flow проекциясы
- •11.2 Пайда мен залалдардың есептері
- •11.3 Баланс проекциясы
- •11.4 Қаржы индикаторлары
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
- •12.1 Әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2 Қоршаған ортаға әсер
- •Қосымшалар
4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Осы уақытқа Қазақстанның аумағында 43 млрд. Тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. Соның 600 млн. тоннасы – улы. Бұл ретте жыл сайын жинақталатын ҚТҚ көлемі 700 млн. тоннаға ұлғаюда. Ақтөбе облысында 5 000 000 тонна ҚТҚ жинақталған. Облыста бүгінгі күнге 1 090 қалдық үйінділері бар.
Бүгінде Қазақстанда әрбір тұрғынға жылына 2 мың тонна қалдықтан (тұрмыстық және өнеркәсіптік) келеді. Салыстыру үшін, Германияда осындай көрсеткіш жылыны 400 кг құрайды. Бұл ретте Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша қоқыстың тек 3-5% немесе шамамен 2,15 млрд. Тоннасы ғана қайта өңделеді. Қалған бөлігі бөлшектерге іріктелмей шығарылады Жәнке ашық үйінділерге төгіледі, Қазақстанда мұндай үйінділер саны 4 525 (ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің – «Къ» деректері бойынша).
2-сурет – Ақтөбе облысы халқы санының серпіні, адам
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Суретте Ақтөбе облысы халқы санының өсу серпінінің оң көрсеткіші берілген. Суреттегі қорытындылар бойынша облыстың барлық халқына жыл бойынша қанша қалдықтан келетінін есептеуге болады. Бұл үшін облыс халқының санын Қазақстанның бір тұрғынына келетін қалдықтар көлеміне көбейтеміз.. Сонымен, 777 471 * 2 = 1 554 942 мың тонна. Осылайша, кәсіпорын ұсынылатын қызметтерді тұтынушыларға мұқтаж болмайды деп санауға болады.
Бұл ретте барлығы 307 полигон (немесе 6,8%) заңды болып табылады, яғни оларға арнайы жер учаскелері бөлінген, мемлекеттік сараптаманың санитарлық және экологиялық оң қорытындылар алынған, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар. Тиісінше қалған 93,2% полигон республиканың табиғатты қорғау және санитарлық талаптарына сәйкес келмейді.
3-суретте Ақтөбе облысын.да ластаушы заттарды кәдеге жарату серпіні көрсетілген.
3-сурет – Ақтөбе облысында ластаушы заттарды кәдеге жарату, мың тонна
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
4-суретте Ақтөбе облысында ластаушы заттарды кәдеге жаратудың оң серпіні көрсетілген. Мысалы, 2010 жылы Ақтөбе облысында 58,7 мың тонна ластаушы заттар кәдеге жаратылды бұл 2009 жылға қарағанда 16,4 мың тоннаға (немесе 38,8%) көп.Барлығы ҚР-да 2010 жылы 6 432,4 мың тонна ластау заттар кәдеге жаратылды. Жалпы көлемде кәдеге жаратудағы Ақтөбе облысының үлесі 2010 жылы 0,9% құрады.
Осы деректерді ескере келе қалдықтарды жинау қызметтері әрқашан сұраныста болатыны анық.
Ақтөбе облысындағы соңғы тарифтер мынадай:
- Қолайлы сектор – 74,24 теңге
- Жеке сектор – 475,11 теңге
- Тұтыну қызметтері – 1238,78 теңге.
Ақтөбе қаласы бойынша соңғы бекітілген ҚТҚ шығару тарифтері - 950 тг./м3, эмиссия - 469 тг./м3 (ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректері бойынша).
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Ақтөбе облысында тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласындағы қызметтерді ұсынатын компаниялар болып табылады.
3-кесте – ҚР тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызметтер көрсететін компаниялар тізімі
Компанияның атауы |
Облыс |
Мекенжайы |
АктобеЗащита ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, Бр. Жұбановтар, 202, п. 43 |
Sa-Neko West (Са-Неко ЖШС Вест) |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, Г. Жубанова көшесі, 9-2 |
«Спецавтотранспорт» АҚ |
Ақтөбе облысы |
Актөбе, 30 ЛЕТ КАЗАХСТАНА көшесі, 2А |
"АДАЙ" |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, пр. Абилқайыр хан, 60/3/125 |
"АЙКА - 2030" ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, РЯХОВ көшесі, 169 |
"ТРАНССТРОЙКОММЕРЦ" ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, СКУЛКИНА көшесі, 5А, П 24 |
"ЭКО - СТРОЙ СЕРВИС" АҚ |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, д. АБЫЛҚАЙЫР ХАН, 63/1, П 13 С |
АБИРА ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, ӘЙТЕКЕ БИ көшесі, 48, П 2 |
АК ЖОЛ LTD ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, д. САНКИБАЙ, 22 |
ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ-XXI ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, д.ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА, 18, ОФИС 4 |
КАСТОР ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, д.МИР, 37 |
НК СЕРВИС ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, д. Абилқайыр хан, 44В, П 64 |
САНДОР ӨК |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, д. ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА,, СМУ ГАИ ауданы |
ТАЗА-МУНАЙ АКТОБЕ |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, ул.Есет батыра көшесі,116 «А» |
ЖАСЫЛ-АЛЕМ ЖШС |
Ақтөбе облысы |
Актөбе қаласы, НЕКРАСОВ көшесі, 50 |
Ақпарат көзі: портал ALL.BIZ параталы
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының аудандары орталықтарында полигон салудың алты ТЭН әзірленді – Қандыағашта, Шұбарқұдықта, Хромтауда, Кобдеде, Мартукте және Қарауылкелдіде. Бастапқы екі ауданда жобаны іске асыру басталды.
Құрылатын кәсіпорындардың негізгі басымдылықтары мыналар:
- клиент үшін қолайлы шығару кестесі;
- клиентке келісімшартты тиісінше орындауға және барлық мүмкін болатын мәселелерді шешуге жауап беретін « дербес» менеджерді ю бекіту;
- GPS датчиктерімен жабдықталған «Еуро-3» тиісті стандарты жаңа қоқыс шығару машинасымен қамтамасыз ету, бұл көлік құралының жүрісі мен тоқтап тұруын қадағалауға мүмкіндік береді;
- клиенттің қаражатын барынша үнемдеуге және табиғи ортаның жайын жақсартуға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін қалдықтарды бөліп жи науды енгізу мүмкіндігі.
