- •Туризм және сервис кафедрасы
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
- •6. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Интернет көздері:
- •7. Бағалау критериі Кредиттік технология бойынша 3 курс студентінің білімін бағалау
- •Баға қою саясаты
- •Курстың білімін жалпы бағалау
- •Баға қою саясаты ( 3 кредиттік пәнге арналған үлгі нұсқасы)
- •8.Оқытушы талабы.
- •9. Оқытушының студентпен өзіндік жұмыстары
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Семинарлық, тәжірибелік сабақтар
КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА
THE KAZAKH ACADEMY OF SPORTS AND TOURISM
ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ
Туризм және сервис кафедрасы
СИЛЛАБУС
пәні бойынша: «Туризмнің ақпараттық-жарнама қызметі»
мамандық бойынша: 5В090200 «Туризм»
оқу түрі: күндізгі
бағам: 3
семестр: 6
кредит саны: 2
барлық сағат: 90
соның аудиториядағысы: 30
дәріс: 15
практикалық: 15
лабораториялық:
СОӨЖ: 30
СӨЖ: 30
Экзамен: 6 семестр
Алматы, 2015
Студенттерге арналған пән силлабусы
Пән туралы ақпарат
Туризмнің ақпараттық-жарнама қызметі |
Пәннің коды
|
Кредит саны 2 |
3 Курс 6 семестр |
Туризм |
Мамандықтың коды 5В090200 |
Туризм және сервис кафедрасы |
Туризм факультеті |
Оқу түрі - күндізгі |
Оқыту тілі - қазақ |
||
Пәнді өткізу уақыты және орны - сабақ кестесі бойынша |
|||
Консультация уақыты – кесте бойынша |
|||
1 рейтинг –7 апта; 2 рейтинг- 15 апта; |
|||
Магистр, оқытушы Ушкулакова Г.М |
Байланыс түрі (телефон, e-mail) 87071660037 gulnara.ushkulakova@mail.ru |
||
|
Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к., доцент Имангулова Т.В |
||
Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Жарнама кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ол қоғамға әлеуметтік-мәдени және психологиялық әсерін тигізеді. Өркениетті жарнама – ол қоғамдық түсінікті алшақтатпайды, керісінше адамның өзекті қажеттіліктерінің дамуын қалыптастырады. Жарнама тұтынушыларға жаңа білім береді, сатып алудан қанағаттануды көбейтеді. Қауымдастықтар, мәртебелі белгілер адамның психикасына қолайлы әсер тигізеді. Жарнама көмегімен өнімге қосымша құндылықтар беру шығындалған қаражатқа өкінбейтініне кепілдік болып табылады. Бәсекелестік құрал бола тұра жарнама бәсекелестікті тудырады, ал ол қызмет көрсету сферасындағы қызмет көрсетудің сапасын жоғарлатуға ықпалын тигізеді.
Жарнама сату көлемін көбейту мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Кәсіпорын үшін масштабты қызмет көрсетуді өткізу табыстың жоғарлауын, ұжымда қолайлы моральды-психикалық климатты орнатуға, болашаққа деген тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді. Жарнама ерекше мәнге ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында ие болады. Ол маркетингтің теңдесі жоқ құралы болып табылады, кәсіпорын мен тұтынушы, делдалдар, өндірушілер, мемлекеттік ұйымдар арасындағы орнығатын, қолдайтын және дамитын коммуникация болып табылады. Жарнама көмегімен нарықпен кері байланыс орнатылады. Бұл қызмет көрсетудің қозғалысын бақылауға, тұтынушыда қызметті тұрақты бақылау жүйесін бекітуге, өткізу қызметіне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Тұтынушыға мақсатты әсер ету мүмкіндігін қолдана отырып маркетинг сұраныстың қалыптасуына және оны басқаруға мүмкіндік береді. Жарнама қызметтің сапа деңгейінің төмендігін білдіретін көрсеткіш емес. Ол тек тұтынушыларға жоғары сапалы өнім мен қызмет көрсету туралы ақпаратты тарату құралы ретінде қызмет атқарады.
Мақсаты: туристік құрылымды басқару үдерісіндегі кәсіби міндеттерінің мәні ретінде туристік бизнесте жарнамалық-ақпараттық қызмет жөнінде жүйелі түсінік беру.
Міндеттері: студенттерді келесі мәселелермен таныстыру:
а) жарнамлық қызметтің негізі болатын түсініктермен (анықтама);
б) жарнамалық қызмет жайлы ақпаратпен және оларды туристік бизнес тәжірбиесінде қолдану икемділігін қалыптастыру;
в) әлеуметтік және экономикалық тиімділікпен, жарнамалық тәжірбиесімен
Студент білуі керек:
- жарнама тәжірбиесінің теориялық негіздері мен негізгі талаптарын
- жарнаманың экономикалық тиімділігін
- жарнамалық хабарландыруларды құру
- жарнама компаниясын жоспарлау
- бәсекелестердің жарнама қызметін талдау
Студент орындай алуы керек:
- жарнама тәжірбиесін дамыту
- жарнаманы тарату құралдарын таңдау және мүмкіндіктерін зерттеу
- жарнамалық презентациялар мен көрмелерді дайындау
Тәжірибиелік дағдылар:
- қызмет көрсету сферасындағы жарнама қызметінің тапсырмалары, мәні, түсінігі
- жарнама ісі тарихын
Пәннің пререквизиттері:
Курстың алдында оқылатын пәндер:
Туризмтану негіздері
Туристік қызметтің нормативтік –құқықты негіздері
Туризм маркетингі
Пәннің постреквизиттері:
Алған білімін қолданатын пәндер:
Туризмдегі жаңа ақпараттық технологиялар
