- •Жыраулар тілінің танымдық табиғаты
- •1 Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу тарихы
- •1.1 Тіл мен таным арақатынасына байланысты көзқарастар
- •1.2 Когнитивті зерттеулердің қазақ тіл біліміндегі көрінісі
- •2 Жыраулар тілінің танымдық табиғаты 2. 1 «өлім», «қайғы», «мұң» концептілері
- •2.2 «Жалғыздық, жекелік» концептілері
- •2.3 «Атамекен» концептісі
- •2.4 «Ақындық» концептісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жыраулар тілінің танымдық табиғаты
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................................3
1 Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу тарихы..................................
1.1 Тіл мен таным ара қатынасына байланысты көзарастар....................
1.2 Когнитивті зерттеулердің қазақ тіл біліміндегі
көрінісі...........................................................................................................
2 Жыраулар тілінің танымдық табиғаты.....................................................
2.1 «Өлім», «Қайғы», «Мұң» концептілері.................................................
2.2 «Жалғыздық, Жекелік» концептілері...................................................
2.3 «Атамекен» концептісі............................................................................
2.4 «Ақындық» концептісі.............................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Адамзат қоғамы дамып, өркендеген сайын оның таным-білімі, ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Осымен байланысты санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де кеңейе түсетіні белгілі. Ақиқат дүниенің кез келген үзігінің (объектісінің) денотаты мен ситуациялары тіл арқылы санада таңбаланып сақталады және сол дүниені таныту үшін жұмсалады. Ал суреткер танымында ақиқат дүние үзігінің тілдік қолданыста кездеспейтін, яғни тіл арқылы санада “тіркелмеген” (фиксацияланбаған) ерекше денотаттар, ситуациялар кездесіп отырады. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі, біріншіден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, екіншіден, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарды тіл арқылы іздеп айқындау. Бұл мәселе жан-жақты зертеуді қажет етеді. Осыған орай, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, яғни тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бағытқа айналды. Когнитолог-ғалымдар М.Минский, Г.Филлмор, Дж.Лакофф, Э.Кассирер, Б.С.Мейлах, В.А.Маслова, Е.С.Кубрякова, Р.И.Павиленис, В.К.Нишанов, М.Холодная еңбектерінде талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері ұсынылған. Осы бағыт қазақстандық лингвист ғалымдардың зерттеулерінде де кеңінен қарқын ала бастады.
Адамның интллект, ойлау заңдылығы мәселесі мен логика, философия, физиология, психология ғылымдары айналысып келеді. Мәселен, философия ғылымында гносеология делінетін бүтін тарау таным теориясын қарастырады. Бірақ когнитивистика бағытында ескі атаулар жаңа мазмұнға ие болды. Мысалы әрбір ақиқат дүниенің (зат, оқиға, жағдаят) өзіндік болмысы когнитивизмде былай танылады: Біріншіден – заттық көрнекі бейнеде, екіншіден – қарапайым бейнеде, үшіншіден символ түрінде.
Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны – адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдармен адамның стратегиялық таңбалары айқындау керек. Демек, адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі – оның тілі. Себебі, тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал.
Когнитивтік әрекеттің нәтижесінде адамның дүние туралы танымын көрсететін ой жүйесі қалыптасады. Адамның қабылдаған ақпараттары сұрыпталып, категорияланған, жүйеленген ойға шоғырланады, ол тілдік формада көрініс табады: “тілдік сана, жалпы сөз мағынасы – адамның қоғамдық тәжірибесінің құрылымдық формасы; дүние туралы білімі – индивидуалды санадағы білімінің өзекті көздері мен белгілерінің формасы (А.Н.Леонтьев). “Когнитивтік әрекеттер тілмен тікелей қатысты және олар тілге қатысты әрекеттердің формасын тудырады” (Е.С.Кубрякова).
Когнитивтік тіл білімінде жаңа ақпаратты қабылдау және өңдеу құралы ретінде мына терминдер қолданылады: Фреймдер (стереотиптік жағдаяттар мен сценарийлер); концептілер (тіл арқылы көрініс тапқан жан-жақты білімнің ойдағы жиынтығы); гештальт (дүние фрагменттерінің ұғымға дейінгі бүтін бейнесі). Когнитивтік тіл білімінің қызметі – тілдегі бейнеленген мазмұнның санада қандай ақпараттар негізінде қалыптасқанын, қандай ғылыми шеңберінде, қандай психикалық қабілет негізінде қабылданғанын анықтау. Сондықтан бұны когнитивтік бағыттың басты нысаны болып табылатын ұғынудың ерекшеліктерін қарастыратын фундаментальды аспектіде және дұрыс ұғынуға күш салатын қолданбалы аспектіде шешу көзделген.
Профессор Э.Д.Сулейменова тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н.Ж.Жарқынбекова адамзаттың этноментальды дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Сонымен қатар ғалым Қ.Жаманбаева эмоция, гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісін талдайды. Г.Г.Гиздатов сөз әрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясын, С.Сүгірбекова прозадағы концептілердің тілдік көрінісін, М.Күштаева жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының берілуін, Г.Снасапова “Ұлпан” романындағы концептілердің ұлттық-мәдени компоненттерін, С.Жапақов эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік сипатын, Ш.Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Н.Аитова түр-түс атауларының когнитивтік семантикасын, А.Сыбанбаева концептуалдық метафоралардың табиғатын, Ж.Уматова Жан/душа концептісін талдау үлгісін, Ж.Б.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, айқындап берді.
Мәдениеттің, өркениеттің әр қилы кезеңдері мен дәуірлерінен өткен сайын тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі, сондай-ақ белгілі бір ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік ғана емес, эстетикалық түрде де тани біледі және таныта алады. Сол ақиқат дүниенің сәулесін, ол туралы түсінік, ұғымды санада тұрақты таңбаланып қалыптасқан тілдік құралдардан басқа эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі құралдармен де таныту жағдайлары кездеседі. Осындай адам санасындағы ақиқат дүниені, сондай-ақ идеалды дүниені эстетикалық көркем негізде таныту әсіресе өнермен тікелей байланысты шығармашылық таланты бар дарынды тұлғалардың ой жүйесінде туындайды.
Дегенмен, дүниенің бейнесін танытудағы тұлғалық не ұжымдық санада жинақталған біліми, мәдени ақпараттардың құрлымын,оның жүйелену, топтасу механизмін анықтау, бұнымен қоса басты когнитивтік бірлік-концептіні ұғымнан ажырату, оның санадағы бейнесі мен тілдік көрінісі мәселелерін айқындау, бір тұжырымға келу терең зерттеуді талап етеді.
Жоғарыда аталғандай, жеке лексемаларды, фразеологизмдерді, прозалық мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеген ғылыми еңбектер бар. Ал жыраулар поэтикасының танымдық табиғатын анықтау мәселелері когнитивтік лингвистикада зерттеліне қойған жоқ. Сондықтан концептілік құрылымдардың жыраулар тілдегі көрінісін, концептілердің берілуін, бір концептінің әртүрлі тілдік құралдар арқылы вербалданудағы ерекшелігін айқындау жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Диплом жұмысының нысаны мен дереккөздері ретінде жыраулар тілінің әртүрлі концептілік құрылымға салынған концептілердің тілдік көрінісі алынды.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Концептілік құрылымдардың түрлері мен типтерін, олардың денотатының, стереотиптік немесе стереотиптік емес ситуацияларының вербалдану ерекшеліктерін, әртүрлі тілдік құралдар арқылы эстетикалық мақсатқа бағынған ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсаттарды орындау барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
жұмысымызға негіз болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және зерттеу барысында сүйенген теориялық тұжырымдарын негіздеу;
когнитивтік тіл білімі аспектісі тұрғысында бұрын зерттелген еңбектер мен тақырыпқа қатысы бар мәселелерге шолу жасап, оларды ой елегінен өткізу;
Жыраулар поэтикасындағы «Өмір-өлім», «Атамекен», «Ақындық», «Жалғыздық-жекелік» концептілерінің когнитивтік модельін көрсету.
Диплом жұмысының тұжырымдары:
- жыраулар поэтикасының тілдік құраладар арқылы көрініс тапқан концепт құрылымдары өз бейнелілігімен, бағалауыш, экспрессивті, коннотаттық мәнімен құнды;
- концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады. Концептілік жүйе иерархиялық (сатылы) құрылымнан тұрады: 1) дүниенің қасиеті, белгілері (сенсорлы, перцептивті қабылдау); 2) когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, стереотип формаға ие болуы); 3) концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы); 4) дүниенің тілдік бейнесі (метофара, фразеологизм, сөз, сөйлем, көркем мәтін);
- жыраулар поэтикасының тілі ақиқат дүниені мынадай концепт типтері арқылы тану тиімді деп танимыз: фрейм – қарапайым форма, скрипт – күрделі форма, сценарий – оқиғалы форма, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі форма.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
