Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аспан денелери атауларынын концептуалды ориси.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.92 Кб
Скачать

Күнді іліп қойғандай.

Сәндісің, жаным, сәндісің! –

деген өлең жолдарын өзінше өрнектеп, мұнда да сәнділік, сұлулық образы күн арқылы берілген», - деп көрсетеді.

Демек, Ай мен Күн – өмір өзегі – биік махаббат, терең сүйіспеншілік, асқан сұлулықтың символы болса, жұлдызды аспан-қос ғашықтың куәгері.

Қорыта айтқанда, когнитивтік тіл білімі бағытының қызметі:

- тілге дейінгі санада қалыптасқан дүние туралы ақпараттарды жинақтау және тұжырымдау (концептілеу);

- оларды бір жүйеге топтастыру (категориялау);

- дүниенің санада бейнелену көрінісін анықтау;

- тілдегі бейнеленуін анықтау.

2 Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері

Қай ұлттың болмасын өзінің даму тарихында эстетикалық ұғым-түсініктеріне, шаруашылык кәсібіне, мінез-құлық, наным сеніміне, салт дәстүр ерекшеліктеріне байланысты сөз концептілері бар. Солардың бір шоғыры — космосимволдар, яғни аспан денелері.

«Күн», «Ай» және «Жұлдыздар». Олар – халықтың ғасырлар бойындағы жинаған тәжірибесінің, көңілге түйген пайымдарының, алған әсері мен терең танымының айнасы. Бұл сынды «концептілердің бір-бірімен өрілуі тек қана табиғи орта туралы хабар бермей, сонымен бірге этникалық, эстетикалық ұғым, түсінік, тәрбие жайында бай мәлімет берерліктей қойма болып табылады.

Қазақ халқының космогониялық түсініктері туралы деректерде (Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, С.Мұқанов т.б.) Аспан мен оның шырақтары Ай мен Күн қазақ халқы үшін барынша құдіретті саналған. Жалпы көшпелілер үшін Ай мен Күн, Жұлдыз құдай деңгейінде құдіретті құбылыс деп танылады. Барлық елдерде де бұл шырағдан тек жерге – жарық сәуле, жылу беретін ғана емес, жақсылық әкелетін ерен құдіретті күш саналды, оның мейірімін өздеріне көбірек аудару үшін табындап, құрбандық шалған. Сондықтан Аспанмен қатар оның шырақтары да күллі жақсылық, бақыт, сәттілік, сұлулық, көркемдік символы болған, оған жұрт табынған, қасиет тұтқан. Ежелгі түркі тайпаларының аспанда, ай мен күнді қасиетті, құдіретті, Тәңірі санап, оларға табынғаны тарихтан белгілі.

Академик Ә.Марғұлан ерте заманда қазақ пен монғол халықтарына ортақ символ сөздерінің мағынасын келтіреді: 1) Күн

1) махаббат, әділет, ғашықтық белгісі. Күнім деу махаббаттың, сәби тазалықтың күшті түрі саналған.

2) Ай – сұлулық, сан ишарасы болған.

3) Жұлдыз – мереке, ойын-сауық, жастық белгісі болған.

Тарихшы, фольклорист А.Н.Афанасьев «Аспан шырақтары: Күн, Ай және жұлдыз таза адамгершіліктің және рухани нұрлылықтың символы»,- деп жазады.

«Сұлулықтың сұлу қыздың бейнесін халық поэзиясындағы ай, таң, нұр образымен беру қалыптасқан дәстүр,- дей келе Р.Сыздықова Дулат ақынның:

Қараса көз тойғандай,

Топты ортадан ойғандай.

Бұтағына Шынардың ,

Күнді әкеп іліп қойғандай.

Сәндісің, жаным, сәндісің! –

деген өлең жолдарын өзінше өрнектеп, мұнда да сәнділік, сұлулық образы күн арқылы берілген»,- деп көрсетеді.

Ал Шәкәрім ақынның жыр сазы, көңіл ырғағы қазақ санасына сіңісті образы күн арқылы түсініктермен астасып қана қоймай, ару сұлулығын барынша асқақтата көрсеткен:

Нұрыңнан нұр алып