- •1.1 «Мақсат» жшс-нің қызметімен танысу
- •1.2 Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит негізін құру
- •1.3 «Мақсат» жшс-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау
- •2. Қаржылық есеп, талдау және аудит
- •2.1 Тауарлы-метериалдық қорларды есепке алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу
- •2.2 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі, талдау және аудиті
- •2.3.Инвестициялар есебі, талдау және аудиті
- •2.4 Ақшалай қаражаттар есебі, талдау және аудиті
- •2.5. Дебиторлық қарыз есебі
- •2.6 Еңбекақы есебі, талдау, аудиті және оның төлемі
- •2.6 Кірістер мен шығыстар есебі
- •2.7. Қаржылық есептілік құру әдісі, талдау және аудит
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
2.6 Кірістер мен шығыстар есебі
Кірістер дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін.
Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъктіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қспағанда субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайларнәтижесінен капиталдың азаюы.
Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкесөлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс – есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдаланылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен ерекше болады.
Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізі емес қызмет түрлеріне байланысты.
Нәтижелі шоттарды құру тәсілін, табыстар мен шығыстардың құрамын, оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтайды және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес банкті басқару және оған салық салу үшін жеткілікті деңгейде түсінікті болуы қажет.
Табыстар әдетте мәміле орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығыс немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалғын актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.
Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі – сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оның өзінде қалдырса, онда ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.
Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің тиімділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы-шауашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп құру үшін табыстар мен шығыстар маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фираманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы –материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, (проценттерден) роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта (контрактіде) анықталады. Шығыстар өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ма, сатылған өнімнің көрсетілген қызметінің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылықты жүргізуші адам еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.
Табыстар мен шығыстардың ұйымдастырылуы:
— Жылдық жиынтық табыстың есебі;
— Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі;
— Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі;
— Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі;
— Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі;
— Кезең шығыстарының есебі;
— Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстардың (зияндардың) есебі.
Жалпы табыс дегеніміз- ол сату бағасымен сауда бағасының айырмашылығы. Шаруашылық есептегі дәріханалар қоймалардан, фирмалардан көтерме бағамен сатып алады да, бөлшектік сауда бағасымен сатады, айырмасы дәріхананың жалпы табысы болып табылады.
Мысалы, 1кг новокаин б.с.б.- 80 тг. болса, к.с.б. – 8,50 тг., осыдан новокаиннан түскен жалпы табыс- 71 500 тг.
1 көзі кейбір медициналық тауарларға (медициналық құралдар, приборлар, жабдықтар, тіс дәрілік материалдары, лабораториялық столдар, рентген пленкалары, т.б.) тек қана көтерме сауда бағасы кіреді. Осы тауарлар тұрғындарға, емдеу-профилактикалық мекемелеріне және басқа мекемелерге көрсетілген белгіленген көтерме бағамен сатылады. Бұл үстеме баға да жалпы табысқа жатады. Ауруларды күтуге қолданылатын, шыныдан жасалынған тауарларға 30% үстеме бекітілген, көзілдірік футлярының 3 тг. үстеме бағасы, ал сатылу бағасы 3,90 тг.
1 көзі кейбір заттарға (балық майы, медициналық термометр) тек қана сатылу бағасы бөлшектік сауда бағасы көрсетіледі. Осындай тауарлар дәріханаға түскенде сатылу бағасымен белгіленген бір скидкадан түседі. Сатылғанда сол сатылу бағасымен сатылады. Скидка мөлшері жалпы табыстың 3 бөлігі деп есептейміз.
Мысалы, мақтаның сауда бағасына 11,5% скидка жасап, дәріханалық қоймадан сатып алды. Сатқанда сол сауда бағасымен сатады. Жалпы табысқа әсер ететін факторлардың бірі ол дәрілердің, медициналық заттардың көтерме және сату бағасының өзгеруі. Талдау кезінде сатылған заттар жалпы табысын есептеуге қалдық тауарлардың жалпы табысын анықтау керек. Жалпы табыс айналым шығындарын жауып, дәріхана таза пайдадан құрайды. Жалпы табыс 2 көрсеткішпен көрсетіліп, жоспарланады:
А) деңгейі бойынша- жалпы табыс сомасының сату бағасына тауар айналым сомасына % қатынасы.
Б) ақшалай көрсеткіш-дәріхананың 2012 жылғы жалпы тауар айналымы сатылу бойынша 1,5 млн. тг., к.с.б. бойынша 1 млн.тг., сондықтан жалпы табыс 500 000тг. тең.
Жалпы табыс көлемі мен деңгейіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
1.Көтерме және бөлшектік сауда бағасының өзгеруі
2.Тауар айналым көлемінің өзгеруі
3.Тауар айналымдағы топтық құрылым
Дәріхананың жалпы табысын жоспарлау үшін керекті көрсеткіштер:
1.Тауарлардың әр топтары бойынша жоспарланған тауар айналымының көлемі
2.Өткен 4-5 жылдың жалпы табыс деңгейінің талдауы
3.Алдағы уақытта болған үстемені немесе скидканы білу
4.Кейбір дәрі-дәрмектердің көтерме немесе босату бағасының өзгеруін білу
5.Түсетін дәрі-дәрмектердің ассортиментінің өзгеруі
Таза пайда дегеніміз – ол жалпы табыс пен шығын айналымының айырмасы. Таза пайда тауар айналымының көрсеткішімен тығыз байланыста. Егерде тауар айналымы сандық көрсеткіш болса, таза пайда сапалық көрсеткіш.
Таза пайда екі түрге бөлінеді:
1. Операциялық
2. Баланстық
Операциялық пайда дегеніміз-кәдімгі таза пайда, жалпы табыс пен шығын айналым айырмасы. Осы пайдаға жоспарланбаған кірісті қосып, одан жоспардан тыс кіріс пен шығысты алып тастаса баланстық пайданы аламыз.
Рентабельділік дегеніміз – ол таза пайда соммасының жалпы тауар айналымға сатылу бағасындағы %-дық қатынасы.
Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы табыс кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Тауар айналысы сферасының фармацевтика салаларында дәрі-дәрмек өткізуден түскен түсім-ақша категориясының орнына тауар айналымы категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табастарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада түсім-ақша атауының орнына көбінесе жалпы табыс атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған қүнды немесе шаруашылық жүргізуші субьктісінің таза өнімін білдіреді.
Еңбек өнімділігіне талдау:
2012 жыл |
Тауарайналымы бөлшек бағада |
Қызметкерлер саны |
Еңбек өнімділігі,теңге |
|
|
|
|
18 720 000 |
4 |
45 680 000 |
Орташа еңбек өнімділігі: 45 680 000тг .
Ұйымның тауарлық есебі ай сайын арнайы кітапта жүргізіледі. Айлық есепке барлық түскен тауарлар бөлшек және сатып алу бағасында есепке алынады. Тауарайналымы, өзге шығындар кітапта күнделікті көрсетіледі. Тауар қалдығы күнделікті есептелініп шығарылатындықтан, айлық есеп бірден дайын болады.
Айлар |
Түскен тауарлар |
Шығындар |
Тауар үстемесі Теңге |
Тауар үстемесі деңгейі, % |
||
Сатып алу бағасында |
Сату бағасында |
Сатумен байланыс ты шығындар |
Өзге шығындар |
|||
Қаңтар |
1 788 112 |
2 313 699 |
1 560 000 |
6131 |
525 587 |
23 |
Ақпан |
1 481 255 |
1 960 912 |
1 560 000 |
2000 |
479 657 |
24 |
Наурыз |
1 624 565 |
2 327 215 |
1 560 000 |
4120 |
702 650 |
30 |
Сәуір |
1 680 492 |
2 251 386 |
1 560 000 |
3800 |
570 894 |
25 |
Мамыр |
1 655 730 |
2 230 329 |
1 560 000 |
4150 |
574 599 |
26 |
Маусым |
1 512 848 |
2 017 470 |
1 560 000 |
2150 |
504 622 |
25 |
Шілде |
2 031 680 |
2 695 894 |
1 560 000 |
3560 |
664 214 |
25 |
Тамыз |
1 877 403 |
2 501 158 |
1560 000 |
4200 |
623 755 |
25 |
Қыркүйек |
2 303 071 |
3 126 151 |
1 560 000 |
5150 |
823 080 |
26 |
Қазан |
2 083 612 |
2 788 175 |
1 560 000 |
3950 |
704565 |
25 |
Қараша |
2 298 977 |
3 074 565 |
1 560 000 |
3870 |
775 588 |
25 |
Желтоқсан |
2 427 210 |
3 113 932 |
1 560 000 |
2580 |
686 722 |
22 |
БАРЛЫҒЫ: |
22 764 955 |
30 400 886 |
18 720 000 |
45661 |
7 635 931 |
Орташа 25,08 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 жылдағы дәріхананың тауар үстемесінің орташа деңгейі 25,08 % құрады.
Шығын сомасы -2 085 661 , деңгейі б.б. тауарайналымының - 11% құрайды.
Таза табыс мөлшерінің деңгейі- 13%.
