Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.25 Кб
Скачать

2.6 Еңбекақы есебі, талдау, аудиті және оның төлемі

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу 3350 шотында жүргізіледі. Осы шот бойынша талдамалы есебі әр бір жұмысшы бойынша жүргізілуі тиіс.

Еңбекақы есебінің бастапқы құжаты жұмыс уақытын есептеу табелі, басшылардың бұйрықтары, еңбекақы төлеу бойынша ведомость, кіріс және шығыс касса ордерлері және т.б.

Адам құрамының есебін кадр бөлімі жүргізіледі. Жұмысқа келген әр бір жұмысшыға жеке карточка толтырылады және жеке іс ашылады. Жұмысқа келегн адам соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуге тиісті. Бұйрық негізінде бухгалтер табельдік нөмер береді және жеке шот ашады.

Еңбекақы айына екі рет төленеді: аванс және қорытынды төлем. Аванс және еңбеақы 3 күн ішінде беріледі.

Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі

Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының тиімді пайдаланылуы, жұмысшылардың категориясы, өндірістегі шығындар сияқты мәліметтер тұтастай қамтылатын дәл және оперативтік деректер талап етілетін аса маңызды да күрделі объект болып табылады.

Еңбек және еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

—          еңбекақы қорын және жұмыс уақытын тиімді пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, жұмсалған еңбектің санын және сапасын бақылау;

—          бастапқы құжаттарды уақытында және дұрыс ресімдеу;

—          әр жұмысшының жалақысын уақытында және дұрыс есептеу;

—          белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

—          жалақы бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына уақытында дұрыс енгізу;

—          еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есептер жасау.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынасы ҚР Еңбек кодексінің 20-бабына сай кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды.

Кәсіпорындарда заңға сәйкес штат кестесі болады және еңбекақы, сыйақы жүйесі белгіленеді.

Қызметтері әртүрлі салалы болып келетін кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар болып бөлінеді.

Өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтіндер:

а) өнеркәсіптің жұмысшылары мен қызметкерлері; б)өнеркәсіп ұйымының балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері деп бөлінеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін, қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» деп аталады. Тізімдік сан жұмысшыларды жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Жұмысшылардың құрамының есебі мамандар бөлімінде жүргізіледі. Онда жұмысқа қабылдау туралы бұйрық немесе өкім шығарылады. Бірінші рет жұмысқа орналасқан адамдарға еңбек кітапшасы толтырылады. Ол мамандар бөлімінде немесе жұмысқа орналасқан адамның өзінде сақталады. Еңбек кітапшасында жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс орынының ауысуы, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулер мен сөгістері және т.б. деректер жазылады.

Сондай-ақ, барлық санаттағы еңбеккерлерлерге Т-2 үлгідегі «Жеке карточка» толтырылады, онда жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні, ұлты, туған күні, айы, жылы, еңбек стажы, жұмыс орыны, мекен-жайы, отбасылық жағдайы және т.б.қажетті деректер толтырылады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны олардың жұмыс уақытын пайдалану есебінде табельдің деректеріне сәйкес болуы тиіс. Есепті айдағы ұйым жұмыскерлерінің орташа санын табу үшін сол айдың әр күнінде жұмыс істегендердің санынын қосып, күнтізбедегі күннің санына бөлеміз. Демалыс немесе мейрам күндері 2 күн немесе одан да артық болса, сол демалыс күндері үшін жұмыскерлер санын демалыс күндерінің алдындағы саны алынады. Егер ұйымда жұмыс толық ай істелінбеген жағдайда (жаңа құрылған ұйымдарда, маусымдық жұмыстарда) қызметкерлердің орташа санын есепті айдағы жұмыс істеген жұмысшылар санының қосындысын сол айдың күнтізбелік күн санына бөліп анықтаймыз.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің бір жылдық орташа санын осы жылғы барлық айдағы тізімінің орташа санының қосындысын 12-ге бөліп табамыз.

Бұған дейін көрсетілгендей, дәріханада 4 фармацевт жұмыс жасаған. Жалақы қоры әр айға 170 000 теңге көлемінде. Деңгейі кестеде көрсетілген.

2012 ж

тауар айналымы

Қызметкерлер

Саны

Жалақы

сомада, теңге

деңгейі, %

18 720 000

4

170 000

9

Жалақының қорының айлық орташа мөлшері 170000 теңге, орташа деңгейі тауар айналымының – 9 % құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]