- •1.1 «Мақсат» жшс-нің қызметімен танысу
- •1.2 Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит негізін құру
- •1.3 «Мақсат» жшс-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау
- •2. Қаржылық есеп, талдау және аудит
- •2.1 Тауарлы-метериалдық қорларды есепке алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу
- •2.2 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі, талдау және аудиті
- •2.3.Инвестициялар есебі, талдау және аудиті
- •2.4 Ақшалай қаражаттар есебі, талдау және аудиті
- •2.5. Дебиторлық қарыз есебі
- •2.6 Еңбекақы есебі, талдау, аудиті және оның төлемі
- •2.6 Кірістер мен шығыстар есебі
- •2.7. Қаржылық есептілік құру әдісі, талдау және аудит
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
2.4 Ақшалай қаражаттар есебі, талдау және аудиті
№7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептеу 2 нысанда жүзеге асырылады:
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен;
2. Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Касса қолма-қол ақшалар мен өзгеде құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай.
Ақша қаражаттары туралы ақпарат 1000 шот бөлімінде көрсетілген. Ақша қаражаттар есебін қазына бөлімшесі жүргізеді. Ақша қаражаттар бойынша негізгі бастапқы құжаттар кассалық ордірлер болып табылады.
Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан акшалай қаражатпен олардың баламаларын дүрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес акшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жүмсау жэне есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашыльгқ жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың сакталуы үшін материал-дык толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардьщ міндеттері мен жауапкеріпіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды аткарады.
Мекемелер өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырьш, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге. Жәрдемақыға және шаруашьшык шығында-рына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма-кол ақша алу үшін субъект банкке алдьш ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу
Кассалык операциялар қолма-кол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетгі тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) (ф. № КО-1) ресімдейді.
Ұйым кассасына колма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде де, акпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол кояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша таныстырушынын қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол акша берумен байланысты одерациялар шығыстык кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппаратгар арқылы жургізіледі.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қолмен өндеуде де, ақпаратты компьютерде өндегенде де қолданылады. Бухгалтерия қьгзметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ІІІКО және оларды ауыстыратын кұжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл мен жасыл түстен басқасымен) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл күжаттардың түзетілген жері, тузетуі болмауы керек. ККО, ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
ККО. ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналында (№ КО-3 ф.) тіркеледі.
Кассалык ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
• кұжаттарда бас бухгалтердің қолы бар - жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
• кұжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
• кұжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық оиерацияларды кассир 1 жылға ашылатын (Ж0-4 ф.) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы тиіс және парақтардың жалпы саны кассалык кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен (печать) мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО, ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалык кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшанын қалған қалдығын шығарады. Кассалык кітап беттерінің екінші даналары жыртылады яғни кассирдің есебі болып қызмет етеді. Егер оған тіркелген бастапқы құжаттармен (Ш). ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес бірақ операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде 1 рет жасалады. Кассирден қабылданғап есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері гексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына шығындық кассалық ордер жазылады. Егер қолма-кол ақша сомасы кірістік кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесептегі жазбалар операция атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Кассадағы акшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық есептердін корреспонденттелетін шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет кассир есептерінің негізінде №1 журнал-ордерге (шығыс) және №1 тізімдемеге (кіріс ) жазылады.
