- •1.1 «Мақсат» жшс-нің қызметімен танысу
- •1.2 Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит негізін құру
- •1.3 «Мақсат» жшс-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау
- •2. Қаржылық есеп, талдау және аудит
- •2.1 Тауарлы-метериалдық қорларды есепке алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу
- •2.2 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі, талдау және аудиті
- •2.3.Инвестициялар есебі, талдау және аудиті
- •2.4 Ақшалай қаражаттар есебі, талдау және аудиті
- •2.5. Дебиторлық қарыз есебі
- •2.6 Еңбекақы есебі, талдау, аудиті және оның төлемі
- •2.6 Кірістер мен шығыстар есебі
- •2.7. Қаржылық есептілік құру әдісі, талдау және аудит
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................................4
«МАҚСАТ» ЖШС-нің қызметімен танысу…………......……………..............4
Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит негізін құру...........................................5
«МАҚСАТ» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау........................6
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ...........................................7
2.1 Тауарлы-метериалдық қорларды есепке алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу........................................................................................................................7
2.2 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі.................................9
2.3 Инвестициялар есебі, талдау және аудиті.........................................................14
2.4 Ақшалай қаражаттар есебі, талдау және аудиті………………………….......16
2.5 Дебиторлық қарыз есебі.....................................................................................19
2.6 Еңбекақы есебі, талдау, аудиті және оның төлемі...........................................21
2.7 Кірістер мен шығыстар есебі.............................................................................23
2.8 Қаржылық есептілік құру әдісі, талдау және аудит.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................36
КІРІСПЕ
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып тұтынуды таратуды айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерін негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметінің құрылымды ұйымның нысанынан айрықша ерекшелігімен есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа кәсіпорынның материалдық құндылықтарының ақшалай қаражаттарын және басқа да ресурстардың заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша бағалауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін экономикалық даму заңдылықтарымен зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен 18 қаңтар –26 наурыз аралығында Есеп және аудит пәнінен ЖШС “Мақсат”-ың бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – теориялық білімді ары қарай тереңдетіп бекіту, қаржылық-экономикалық талдау аймағында қажетті іс-тәжірибелік дағды мен іскерліктерге ие болу, есептік-аналитикалық жұмыстардың автоматтандырылуының бағдарламалық тәсілдерін пайдалану, мекеме жұмысының нәтижелерін объективті бағалау, шаруашылық етудің тиімділігінің ары қарай өсу резервын анықтау, ұсынылған тауар, жұмыс және қызметке деген сұранысты толығымен
қанағаттандыру жолдарын іздеу.
Іс-тәжірибенің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Мекемемен, оның құрылымымен және басқарушық бөлімшелердің негізгі қызметтерімен танысу;
Мекемедегі есептік жұмыс іс-тәжірибесін, басқару құралының құрылымын, есептеу мен талдаудың қолданылатын тәсілдерінің автоматтандырылуы, қаржылық құжатнамалар мен құжат айналымының сызбасы мен мазмұнын зерттеу;
Есептеу мен талдау ұйымының сыни талдауы, олардың ары қарай толық жетілуне ұсыныстар енгізу.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 «Мақсат» жшс-нің қызметімен танысу
«МАҚСАТ» ЖШС-нің негізгі кәсібі - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізу – сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;
ЖШС «Мақсат» дәрі-дәрмектерді өткізу лицензиясы бар. Компанияның дәріханалары бар. Сонымен қатар сол дәріханалар арқылы компанияның негізгі қызметі жүзеге асырылады.
Мекемеде екі бухгалтер, төрт фармацевт және бір провизор жұмыс істейді.
ЖШС-ның орналасқан жері Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 20А.
Серіктестік келесі көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалармен (жабдықтаушылармен )келісім – шартқа отырған:
ЖШС «INKAR»
ЖШС «Medicus Centre»
ЖШС «МТ-Фарм»
ЖШС ФК «Ромат»
ЖШС «Садыхан Премиум»
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын объектілерге:
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дәріхана қоймасы;
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қоймасы жатады.
Дәріхана үш құрылымдық бөлімшеге ие:
Дәрі - дәрмектер қоры бөлімі;
Дайын дәрі дәрмектер бөлімі (ДДДБ)
Рецептік өндіріс бөлімі. (РӨБ)
Дәріханада жүргізілетін құжаттар:
1. Бұйрықтар кітабы.
2. Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелі.
3. Дәріханаға түскен тауарларды тіркеу журналы.
4.Кассалық кітап.
5. Дәріхананың ауа температурасын, ылғалдылықты тіркеу журналы.
6. Сақтау мерзімі шектелген, яғни 2 жылға дейінгі, дәрілік заттарды есепке алу журналы.
7. Дұрыс жазылмаған рецептерді тіркеу журналы.
8.Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге жұмсалған дәрілік-заттарды тіркеу журналы
9.Шаруашылық қажеттілікке жұмсалған заттарды тіркеу журналы.
10.Дефектураны тіркеу журналы.
1.2 Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит негізін құру
Дәрілік заттардың есебі дәріханада өнім берушінің бағасымен сомалық (ақшалай) және сандық түрде атаулары және есеп тобы бойынша жүргізіледі.
Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық есептiлiк жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлiк қызметтiң басшысы — бас бухгалтер болып табылады.
Бухгалтерлік есеп-кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері- ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы сондай-ақ олардың құралу және пайдалану көздері. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оныбасқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады.
Жалпы серіктестікте барлық операциялар 1С «Кәсіпорын» бағдарламасында жүргізіледі.
1С «Кәсіпорын» жүйесі 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтелік есеп программасы болып саналады, ол әр түрлі меншік формасында және әр түрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйенің жұмысы мынандай үш компонентке негізделіп жасалған. «Оперативті» «Бухгалтерлік есеп» « Есептеу» компаненті.
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын операциялармен проводкаларды және бухгалтерлік қорытнды есептіқамтамсыз етеді.жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және көп деңгейлі есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін. Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.
