- •Жоба түйіндемесі
- •Маркетинг бөлімі
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1. Жалпы сұрақтар
- •2.2. Орналасатын жерін таңдау
- •2.3. Нысан ауқымы
- •2.4. Жобаның аймақ инфрақұрылымына және жиынтық (біріктірілген) салалардың дамуына әсер етуін бағалау
- •2.5. Жобаның технологиялық кестесі
- •2.6. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдеріне технологиялық талаптар
- •2.7. Жобаның инженерлік жарақтармен қамтамасыз етілуі (көлік тасымалы және энергия , жылу құралдары, сумен қамтамасыз ету және канализация, өрт қауіпсіздігі)
- •2.8. Жобаның орындалу кестесі
- •3. Еңбекті қорғау
- •4. Экологиялық блім
- •5. Институционалды бөлім
- •6. Қаржы бөлімі
- •6.1. Күрделі шығындар
- •Нысанды іске қосу кезеңіндегі құрылыс құнының жиынтық есебі
- •7.Экономикалық бөлім
- •7.1. Жобаның алдын-ала құнын есептеу:
- •7.2. Экономикалық ахуалды жобамен (бағдарламамен) және жобасыз (бағдарламаларсыз) талдау
- •7.3. Ең аз шығындарды талдау
- •7.4. Жобаның (бағдарламаның) бюджеттік тиімділік және жобаның (бағдарламаның) экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі
- •8. Әлеуметтік бөлім
- •8.1. Жобаның (бағдарламаның) тұрғындардың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты тұрғысынан қарағандағы негізділігі
- •9. Жалпы қорытынды
2. Техникалық-технологиялық бөлім
2.1. Жалпы сұрақтар
Құрылыс жобасын жүзеге асыру үшін қалпына келтіру орталығы құрылысының бағдарламасы таңдалды.
Жобаны және ТЭН дайындау барысында ҚР СНмЕ 3.02-24-2004, ҚР СНмЕ 3.02-02-2001, ҚР СНмЕ А.2.2-1-2001, ҚР СНмЕ 1.03.06-2002 және ҚР СНмЕ 3.02-25-2004 сәйкес келесі шаралар жиынтығын қарастыру қажет:
Қалпына келтіру орталығының орналастыру орнын таңдау ( климаттық-географиялық және топырақтық ерекшеліктерін, төңіректін гидрогеологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында инженерлік-зерттеу жұмыстарын өткізу), инженерлік зерттеулердің материалдарының құрамы:
Белгіленген шектері мен масштабтары белгіленген құрылыс ауданының топографиялық жоспары;
Топырақтың инженерлік-геологиялық мінездемесі;
Жер суларының деңгейінің тәртібінің сипаты, топырақты сүзу коэффициенттері, жер тасқының жүгін түсіру ауданы мен қоректену ауданы және оның химиялық құрамынан тұратын гидрогеологиялық сипаттамасы;
Температуралық және жел тәртібі, қар басатын қабаты, топырақтың тоңазуы, су үстінің булануы мен жауын-шашынмен қамтамасыз етілуі көрсетуімен климаттық очерк көлемінде метеорологиялық сипаттама.
Қалпына келтіру орталығының жобалауда ҚР СЕ 3.06-15-2005 және ВҚН 62-91 қолданылуы қажет.
Ғимараттың айналасындағы алаң үстіңгі қабаттағы суларды тарату үшін еңіс және лотоктар (жыралар) құру, жоспарлау, өтетін жолдарға сәйкес келетін төсемдер қолдану арқылы көгалдандырылады және абаттандырылады.
Халықтың мүгедектер мен басқа да мобильдігі аз топтарының қажеттілігі үшін архитектуралық ортаның қалыптасуы 4 белгіден тұрады:
Қол жеткізе алулық;
Қауіпсіздік;
Ақпараттылық;
Жабдықталғандық.
Сонымен қатар бұл ғимараттағы басқа да адамдардың мүмкіндіктері мен құқықтарына да қысым жасалмайды.
Қол жеткізе алулық белгісі келесі талаптардан тұрады:
Коммуникациялық жолдармен, бөлмелер мен функционалдық аймақтармен кедергісіз қозғалу;
Мекенжайы, жұмыс орнына және қызмет орындарына кедергісіз жету;
Демалу орындарымен, күту және ілеспелі қызмет көрсету орындарын пайдалану мүмкіндігі.
Қауіпсіздік белгісі өмір сүру жағдайын жасау, қызмет көрсету және жұмыс жасау орындарына зақым алмай барып келу, және де басқа адамдарға, қоғамдық және жеке мүлікке зиянын тигізбеуін қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік белгісінің негізгі талаптары:
Ғимараттың архитектуралық ортасының қасиеттерінен зақым мен артық шаршаудан құтылу мүмкіндігі;
Уақытылы тәуекел орындары мен аймақтарын танып алу мүмкіндігі;
- қозғалу жолдарының қиылысу орындарын арнайы жабдықтау немесе оларды алып тастау (мүмкіндік бойынша);
- потенциалдық қауіптілік тудыратын аймақтар жөнінде тұтынуыларды алдын ала ескерту шаралары;
- Өрт және басқа да экстремалды жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жабдықталғандықты көтеру бір жерде бірнеше қызмет алу үшін қажетті жол мен уақытты қысқарту, демалу орындарының оңтайлы санын және ақпарат элементтерінің оңтайлы санын құру, эргономикалық жабдықтарды қолдану жолдарымен жасалады.
