- •Жоба түйіндемесі
- •Маркетинг бөлімі
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1. Жалпы сұрақтар
- •2.2. Орналасатын жерін таңдау
- •2.3. Нысан ауқымы
- •2.4. Жобаның аймақ инфрақұрылымына және жиынтық (біріктірілген) салалардың дамуына әсер етуін бағалау
- •2.5. Жобаның технологиялық кестесі
- •2.6. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдеріне технологиялық талаптар
- •2.7. Жобаның инженерлік жарақтармен қамтамасыз етілуі (көлік тасымалы және энергия , жылу құралдары, сумен қамтамасыз ету және канализация, өрт қауіпсіздігі)
- •2.8. Жобаның орындалу кестесі
- •3. Еңбекті қорғау
- •4. Экологиялық блім
- •5. Институционалды бөлім
- •6. Қаржы бөлімі
- •6.1. Күрделі шығындар
- •Нысанды іске қосу кезеңіндегі құрылыс құнының жиынтық есебі
- •7.Экономикалық бөлім
- •7.1. Жобаның алдын-ала құнын есептеу:
- •7.2. Экономикалық ахуалды жобамен (бағдарламамен) және жобасыз (бағдарламаларсыз) талдау
- •7.3. Ең аз шығындарды талдау
- •7.4. Жобаның (бағдарламаның) бюджеттік тиімділік және жобаның (бағдарламаның) экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі
- •8. Әлеуметтік бөлім
- •8.1. Жобаның (бағдарламаның) тұрғындардың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты тұрғысынан қарағандағы негізділігі
- •9. Жалпы қорытынды
Сауықтыру орталығы құрылысының
техникалық-экономикалық негіздемесінің үлгі есебі
Өтініш беруші:
Мазмұны
Жоба түйіндемесі 3
Кіріспе 4
1. Маркетинг бөлімі 5
2. Техникалық-технологиялық бөлім 7
2.1. Жалпы сұрақтар 7
2.2. Орналасатын жерін таңдау 8
2.3. Нысан ауқымы 8
2.4. Жобаның аймақ инфрақұрылымына және жиынтық (біріктірілген) салалардың дамуына әсер етуін бағалау 8
2.5. Жобаның технологиялық кестесі 8
2.6. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдеріне технологиялық талаптар 9
2.7. Жобаның инженерлік жарақтармен қамтамасыз етілуі (көлік тасымалы және энергия , жылу құралдары, сумен қамтамасыз ету және канализация, өрт қауіпсіздігі) 9
2.8. Жобаның орындалу кестесі 11
3. Еңбекті қорғау 13
4. Экологиялық блім 13
5. Институционалды бөлім 13
6. Қаржы бөлімі 15
6.1. Күрделі шығындар 15
7.Экономикалық бөлім 16
7.1. Жобаның алдын-ала құнын есептеу: 16
7.2. Экономикалық ахуалды жобамен (бағдарламамен) және жобасыз (бағдарламаларсыз) талдау 17
7.3. Ең аз шығындарды талдау 17
7.4. Жобаның (бағдарламаның) бюджеттік тиімділік және жобаның (бағдарламаның) экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі 17
8. Әлеуметтік бөлім 17
8.1. Жобаның (бағдарламаның) тұрғындардың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты тұрғысынан қарағандағы негізділігі 17
9. Жалпы қорытынды 18
Жоба түйіндемесі
Жоба атауы Реабилитациялық орталық құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме Техникалық-экономикалық негіздеме құру үшін негіз Реабилитациялық орталық салу үшін ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырма
Өтініш беруші:
Жалпы құны
Реабилитациялық орталық құрылысы жобасының құны: 271 183,645 мың теңге
Оның ішінде СМР: 175 547,864 мың теңге
Технологиялық жабдық пен керек-жарақ құны: 51 800,700 мың теңге
Қазандық жабдығының құны:4 200,000 мың теңге
Жобаның 2001 жылғы базалық бағлардағы жалпы құных: 130 214,285 мың теңге
Оның ішінде СМР: 96 296,140 мың теңге
Технологиялық жабдық пен керек-жарақ құны: 25 370,612 мың теңге
Қазандық жабдығының құны:2 057,049 мың теңге
Әрқайсысының құны көрсетілген жоба компоненттері .
Өндірстік жайлар мен нысандар 1-кестеде берілген.
1-Кесте
Нысандар атауы |
Құны, мың теңге
|
Қосымша ғимараттары бар жалғастырылып салынған спорттық зал |
64 167,521 |
Жалғастырылып салынған 25 керует орындығы бар жатын ғимараты |
32 193,894 |
Бас ғимарат |
92 184,465 |
Қазандық |
12 000,000 |
Қазандықтың технологиялық жабдығы |
4 200,000 |
Технологиялық жабдық пен керек-жарақ |
51 800,700 |
Технологиялық жабдықты монтаждау |
430,841 |
Жобалық жүмыстар |
7 029,089 |
ТЭН әзірлеу |
3 000,000 |
Авторлық қадағалау |
513,955 |
ТЭН сараптау |
443,356 |
Жұмыс жобасын сараптау |
886,712 |
Геологиялық-инженерлік іздестіру |
1 073,923 |
Жобаның техникалық қамтылуы |
1259,189 |
Жиынтығы: |
271 183,645 |
Жобаны жүзеге асыру орны:
Мақсаты мен міндеттері, соның ішінде сандық нұсқасы:
Мүгедектерді сауықтыру жүйесін жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сапасын жақсарту.
Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін ұйымдық жағдай жасау, тіршілік әрекеті және қоғамға бірігуі үшін оларға теңдей мүмкіндік жасау.
Ағза функцияларының бұзылуымен денсаулыққа келтірілген кемшіліктерді, мүмкіндігінше толықтай емдеуге немесе жоюға бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіби шаралар кешенін ұсыну.
Мақсатты топтар, оның ішінде негізгі пайда алушылар:
Болжамды қаржыландыру көздері мен сұлбалары:
Жобаның, қаржыландыруды жылдарға бөле отырып, іске асырылу кезеңі:
Жобаның іске асырылу мерзімі – 1 жыл.
Кіріспе
Мүгедектер жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектікке шалдыққан азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға теңдей құқықтары бар. Теңдей құқықтар физикалық, психологиялық, сенсорлық, мәдени, заңнамалық және өзге тосқауылдарға байланысты шектеулі мүмкіндіктерді реттейтін әлеуметтік қызметтер жүйесі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл тосқауылдар мүгедекке қоғамның өзге мүшелері сияқты негізде қоғамға кірігіп кетуіне мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл медициналық қана проблема емес, ең бастысы –мүмкіндіктердің теңсіздігімен шектелетін әлеуметтік проблема.
Қоғам мүгедек жандар тәуелсіз өмір сүрулері үшін, олардың қоғамның ажырамас бөлігі болып табылуы үшін адамға тән құқыққа ие болулары және олардың тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды, көліктерді, коммуникация құралдарын, еңбек пен білім алуды таңдау еркі мен қол жеткізу еріктері болулары үшін, әлеуметте орын алған стандарттарды олардың ерекше мұқтаждықтарына қарай бейімдеуге міндетті.
Осы ТЭН ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 144 бұйрығына сай, 2004 жылғы 5 қарашада № 3184 ҚР Әділет министрлігінде тіркелген бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық- экономикалық негіздемелеріне қойылатын (бекітілген) талаптар негізінде құрылған.
Құрылыстың климаттық аймағы - III А
Қарлы аймақ - II
Желді аймақ - III
Сыртқы ауаның қыс кезіндегі есепті температурасы – 310С
1 шаршы м жердің горизонталды бетіндегі қар жамылғысының салмағы 1,2 кПа құрайды
жердің мерзімдік нормативті тоңу тереңдігі – 1,8 м
Оңтүстік Шығыс бағыттағы күшті жел
жер бетінен 10 м биіктіктегі жел қысымы -0,38 кПа
