- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы, 2015 ж.
- •1.Қосуды орындаңыздар:
- •2.Азайтуды орындаңыздар:
- •3.Көбейтуді орындаңыздар:
- •4. Кестені пайдаланып сандарды сегіздік санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •5. Келесі сегіздік жүйесіндеге сандарды екіліктің санау жүйесіне аударыңыз:
- •6. Кестені пайдаланып сандарды оналтылық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •7. Сандарды оналтылық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •8. Сандарды оналтылық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
- •II. Student қалтасында иерархиялық файлдық жүйе құруыңыз және жетектегіштің көмегімен көрсетіңіз:
- •III . Кестені толтырыңыз. (калькулятор программа көмегімен)
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •4 Тапсырма.
- •Сіздерді «Комфорт» атты компьютерлік фирманың салтанатты презентациясына шақырамыз.
- •Сіздер үшін есігіміз ашық.
- •5 Тапсырма.
- •5 Тапсырма.
- •6 Тапсырма.
- •7 Тапсырма.
- •8 Тапсырма.
- •9 Тапсырма.
- •10 Тапсырма.
- •VI. Қорытынды сұраныс құрыңыз.
- •Қазақстан республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдаламасы 10.11.2004ж.
- •Андронова, а. Николаев Электронное правительство в Европе и мире.
- •Қр «Электронды үкіметті» қалыптастырудағы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі анықтамаларын айтыңыз? (болашақта бағдарлама деп айтамыз).
- •Қазақстан республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдаламасы 10.11.2004ж.
- •Андронова, а. Николаев Электронное правительство в Европе и мире.
- •№ 14 Тақырып: Қазіргі кездегі программалық тілдер
- •Таңдау операторы
- •Циклдік оператор.
- •1. Тапсырманың орындалуы:
- •Сурет 23.3
- •2. Программаның орындалу жоспары
- •Сурет 23.4
- •3. Қосымша тапсырма
- •Практикалық жұмыс № 2"Физикадан тест"
- •1. Тапсырманың қойылуы
- •Программаны орындау жоспары
- •3. Қосымша тапсырма
1 Тапсырма.
Мәтіндік процессор Word 2007 құжатты құру, сақтау және қайта жүктеудегі негізгі принциптермен танысу.
Word –ты жүктеу.
Экранға бетті белгілеу (разметка страницы) режимін тағайындаңыз.
Негізгі параметрді (қаріп тип - Times New Roman, қаріп өлшемі - 12, мәтінді тегістеу – сол жақ бойынша) тағайындаңыз.
Мәтінді теру барысында Enter пернесін қолданбай, берілген үлгі (5.1 - сурет) бойынша теріп шығыңыз.
Тап1.docx атымен мәтінді сақтаңыз. «Сохранить как…» және «Сохранить» командасындағы айырмашылықтарға назар аударыңыздар.
Құжатқа Автоматты сақтау параметрін әрбір 10 минут сайын сақтаңыз деп тағайындаңыз.
Құжатты жауып, қайта жүктеңіз.
Word 2007ортасынан шығыңыз.
Құрметті студенттер! Сіздерді «Комфорт» атты компьютерлік фирманың салтанатты презентациясына шақырамыз. Фирма қазақстанның нарық аумағында бірнеше жылдан бері жұмыс істеуде. Еліміздегі көптеген тұтынушылар біздің ақпараттық компьютерлік техникамызды қолданып қана қойма онымен жұмыс істегенді ұнатады. Сонымен қатар жаңа ақпараттық техникаларға көрме ұйымдастырылады. Сіздер үшін есігіміз ашық. Мекен –жайымыз: Компьютер көшесі 100 үй, сағ. 18-00, байланыс телефоны 123-45-67-89.
5.1 - сурет
2 Тапсырма.
Құжатты өңдеу.
Тап1.docx файлын жүктеңіз.
Мәтін теру барысында жіберілген қатені түзетіңіз (дұрыс жазу, тезаурус, аударма).
5.2 - суретімен салыстыра отырып, мәтінді абзацтарға бөліңіз.
Фрагменттерді белгілеу әдістерін көрсетіңіз (сөз, сөйлем, символ, бір жолды тұтас, жолдарды топтап, абзац, бүкіл мәтін).
Абзацтын көшірмесін жанама және негізгі мәзірдің көмегімен алыңыз, сосын жойыңыз.
Абзацқа символ, сөз және сөйлемнің көшірмесін кірістіріңіз.
Іздеу командасы бойынша келесі амалдарды орындаңыздар:
Түбірлес сөз, мысалы компьютер сөзін табыңыздар,
Ж әрпінен басталатын сөздерді табыңыздар.
Бүкіл мәтінді көшіріп алыңызда, бір студентке арнап шақыру билетін жазыңыз. Мысалы, Қымбатты Жанар!
Бір кезкелген сөзді ауыстырыңыз. Мысалы, фирманы - кеңсеге.
Байланыс телефоны 123-45-67-89 бірнеше мәрте мәтінге қойып шығу үшін авто ауыстыру командасын қолданыңыз.
Тап1.docx файлын Тап2.docx деп қайта сақтаңыз.
Құрметті студенттер!
Сіздерді «Комфорт» атты компьютерлік фирманың салтанатты презентациясына шақырамыз.
Фирма қазақстанның нарық аумағында бірнеше жылдан бері жұмыс істеуде. Еліміздегі көптеген тұтынушылар біздің ақпараттық компьютерлік техникамызды қолданып қана қойма, онымен жұмыс істегенді ұнатады. Сонымен қатар жаңа ақпараттық техникаларға көрме ұйымдастырылады.
Сіздер үшін есігіміз ашық.
Мекен –жайымыз: Компьютер көшесі 100 үй, байланыс телефоны 123-45-67-89.
5.2 - сурет
3 Тапсырма.
Word процессоры ұсынған үлгі бойынша құжат құру.
Word анықтамалық жүйесін жүктеңіз. Үлгі (шаблон) туралы ақпаратты оқып шығыңыз.
Үлгіні пайдалана отырып, өз резюмеңізді жазыңыз.
Файлды өз есіміңізбен сақтаңыз.
