- •1.Геннің молекулалық деңгейдегі құрылысын және қызметтерін сызу және түсіндіру.
- •2.Жасушадагы тұқым қуалау ақпаратының тасымалдану типтерін және бағыттарын сызу және түсіндіру.
- •1. Жалпы берілу: Кез-келген жасушаларда беріледі.
- •2.Арнайы берілу:Кейбір ерекше жағдайдағы арнайы жасушада жұреді.
- •3.ДнҚрепликациясы-ң принцип-р-ң сызбасын сызу және түсіндіру.
- •2) Комплементарлы
- •3)Антипараллельдік және униполярлық
- •4)Үзілмелілік
- •6. Сызыкты днк молекуласы уштарынын толык реплик-яланбау себебін, узару механизімінін сызбасын сызу және тусіндіру.
- •7. Транскрипция үрдісінің кезеңдерінің сызбасын сызу және транскрипцияға қатысатын ферменттерді сипаттау.
- •8. Эукариот-р-н ядролык а-рнқ процессингінің механизімін сызу түсіндіру
- •9. Рнк. Типтері. Курылысы. Кызметі
- •10. Геннің трансляция удерісінің сызбасын сызу.
- •11.Генетикалық кодтың қасиеттерінің сызбасын сызу және түсіндіру
- •12.Митоздык цикл. Аныктамасы. Сатылары. Кезендері. Генетикалык материалдардын озгеруін сипаттау.
- •Интерфаза
- •Жасушанын болінуі(митоз)
- •13.Митоздық циклдың реттелуіндегі циклин және циклинге тәуелді киназалар рөлінің сызбасын сызу және түсіндіру
- •14. Жасушанын митоздык юоліну сатыларын мейоздын турлі сатыларындагы жасуша генетикалык материалынын молшерәнән сызбасын сызу.
- •15. Гендер белсенділігінін реттелуін оперондык моделінін сызбасын сызу.
- •17.Адамдагы моносомиянын п.Б. Механизмі сызбасын сызу
- •19.Адамдагы трисомия-н п.Б. Механизмі
- •20. Гендік мутация-н п.Б.Механизмі.
- •21. Хроматин аныктамасы
- •22.Хромосомалардын классификациясы
- •25.Сперматогенез удерісі
- •26. Оогенезудерісі
- •3Кезеңнен тұрады:
- •27. Рекомбонотивтік озгергіштік
- •28. Онтогенетикалык дамудын ерте сатысындагы жумыртка ...
- •31. Апоптоздын типтері сатыларынын сызбасын сызу.
- •32. Протоонкоген мен онкогенге аныктама беру
- •33. Катерлі ісік
14. Жасушанын митоздык юоліну сатыларын мейоздын турлі сатыларындагы жасуша генетикалык материалынын молшерәнән сызбасын сызу.
Мейоз-жыныс бездерінде ерекше сомалық жасушалардың бөлінуі.Нәтижесінде түзілген гаметаларда хромосома жиынтығы гаплоидты болады. Мейоз бірінші және екінші мейоздық бөлінулерден тұрады. Әр бөліну 4-кезеңнен тұрады.Бірінші мейоз:
-Профаза1:
1.Лептотена-хромосомалар ширатылады, жуандайды қысқарады ,микроскоппен көрінеді. Генетикалық материал-2n4c.
2.Зиготена-гомологтық жұп хромосомалар жақындасып ұзынынан бір-бірімен беттеседі.
3.Пахитена-гомологтық хромосомалар қосақталған жұптар құрап биваленттер түзеді. Әр бивалент 4хроматиттерден тұрады Генетикалық материал-2n4c. Коньюгацияланған хромосомалар айқасып, сәйкес бөліктермен алмасады ,кроссинговер жүреді.
4.Диплотена-жұптасқан гомологтық хромосомаларда хромотидтер центромера бөлігінде бір-бірімен ажырай бастайды бірақ айқасқан бөліктер хиазмалар арқылы байланыс сақтайды .
5.Диакинез- хромосомалар қатты ширатылады ядро қабығы ериді ядрошық жойылады бөліну ұршығы түзіледі.
-Метафаза1-биваленттер экватор жазықтығына орналасып центромераларымен бөліну ұршығымен байланысады.
-Анафаза1-тұтас хромосомалар 2жақ полюске қарай тартылады. Бұл кездейсоқ процесс Генетикалық материал-n2c.
-Телофаза1-тек хромосомалар ширатылған түрде сақталады.
Екінші мейоз.
Профаза2-өте қысқа болады хромосомалар ширатылған түрде.
Метафаза2-хромосома экватор жазықтығында орналасады.(n2c).
Анафаза2-бір-бірінен ажыраған хроматидтер қарама-қарсы полюстерге тартылады.(nc)
Телофаза2-цитокинез аяқталғанда гаплоидты жиынтығы бар(nc) жыныс жасушалар түзіледі. Маңызы-гаплоидты жиынтығы бар жыныс жасушалары түзіледі.Ұрықтану кезінде екі гаметаның ядросы қосылып зигота түзеді. Егер гаметалардағы хромосомалар саны кемімесе ұрықтану нәтижесінде олардың саны әр ұрпақ сайын екі есе артады. Мейоз кезінде кроссинговер және гомлогтық хромосомалардың кездейсоқ ажырауы нәтижесінде генетикалық материалдың рекомбинациясы жүреді.
15. Гендер белсенділігінін реттелуін оперондык моделінін сызбасын сызу.
Алғаш
рет Ф. Жакоб және Ж. Моно прокариоттарда
гендер активтілігінің реттелуін зерттеу
мақсатында ішек таяқшасында β-галактозидаза
ферментінің синтезі реттелуіне тәжірибе
жүргізді. Тәжірибе нәтижесінде фермент
синтезделудің индукциясв мен
репрессиясының механизмдерін түсіндіретін
“оперон
моделін”
ұсынды.
Жакоб және Мононың бұл моделі бойынша оперон құрамында:
1. Бірнеше белок-ферменттердің синтезін анықтайтын қатарласа орналасқан құрылымдық гендер болады .
2.Осы гендердің активтілігін бақылайтын реттеуші немесе оператор гені болады.
О
перондағы
құрылымдық гендердің ерекшелігі –олар
оперонда қатарласа орналасқан кластерлік
гендерді құрайды . Осы кластерлік
гендерден тұтас бір ғана полицистронды
РНҚ түзіледі.Лактозалық оперондағы
құрылымдық гендер 3-цистроннан
тұрады:Z,Y,A.Бұл гендердің өнімі –ферменттер
лактоза қантын ыдыратуға қатысады.
16.Геномдық мутациялар типінің сызбасын сызу және олардың пайда болу механизмін түсіндіру. Геномдық мутациялар-мейоз немесе митоздың бұзылуының нәтижесінде не хромосома санының өзгеруі мен артуы не кемуі болатын мутация.Оларға полиплоидия гаплоидия гетероплоидия жатады.Полиплоидия-хромосомалардың диплоидтық санының гаплоидтық жиынтығына еселеніп артуы(2п+п,2п+2п,2п+3п).Кариотипте хромосомалардың тек гаплоидты жиынтығы болса оны гаплоидия дейді(п).Диплоидты жиынтықта жеке хромосомалардың санының өзгеруі гетероплоидия д.а.Бірнеше түрі бар.Хромосоманың диплоидты жиынтығында бір жұп хромосоманың болмауы нуллисомия д.а.(2п-2)Нулисомиктер өмір сүре алмайды .Кейде диплоидты жиынтық 1 хромосомаға кемиді,оны моносомия д.а.(2п-1)Адамда тек қана 1 моносомия белгілі.Бұл жыныс Х хромосома бойынша моносомия Тернер-Шерешевски синдромы.Ал егер хромосомалардың жұбы 1 хромосомаға артса (2п+1)оны трисомия,егер екеуге(2п+2)тетрасомия д.а.Қазіргі кезде 750 геномдық мутациялар 100 астамы адамның хромосомалық ауруының себепшісі. Оларға полиплоидия, гаплоидия, гетероплоидия (анеуплоидия) жатады.
Полиплоидия хромосоманың диплоидтық санының гаплоидтық жиынтығына еселеніп артуын айтамыз. (2n+n;2n+2n;2n+3n;)
Гаплоидия хромосомалардың тек гаплоидты жиынтығының болуы.(n)
Гетероплоидия (анеуплоидия) диплоидтық жиынтықта жеке хромосомалар санының өзгеру.
Нулисомия-(2n-2), моносомия-(2n-1), трисомия-(2n+1), тетрасом
ия-(2n+2).
