Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульмонология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.46 Кб
Скачать

Вопрос 464.

Қыз балаға 5 ай. Ауруханада емделіп, жатыр. Жалпы жағдайы тыныс жетіспеушілігі есебінен ауыр. Мазасыз. Терісі бозарған, мұрын –ауыз үшбұрышы көгерген. ТЖ-80 рет 1 мин. Кеуде қуысының ойыс жерлері ішке тартылған. Перкуторлы – өкпе дыбысы қораптық реңкпен. Аускультативті – тыныс алу кезінде көп мөлшерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар мен сықырлар естіледі. Жедел бронхиолит–диагнозы қойылған болатын. Балаға қандай емді тағайындау қажет

(+) глюкокортикостероидтар

( ) антибактериальды терапия

( ) ұзақ әсерлі -2 агонистері

( ) қысқа әсерлі -2 агонистері

( ) седативті препараттар

Вопрос 465.

Ер бала 4 ай., ауруханаға тыныс жетіспеушілігі есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-84 рет 1 мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі. Өкпе үстінен тимпанит, аускультативті – тыныс шығаруы ұзарған және қиындаған. Өкпенің барлық аймағынан ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммадае: лейкоцитоз. Науқаста қандай ықтимал диагноз болуы мүмкін

(+) жедел бронхиолит

( ) жедел бронхит

( ) облитерациялық бронхиолит

( ) жедел пневмония

( ) жедел обструктивті бронхит

Вопрос 466.

Бала 4 айлық. ауруханаға тыныс жетіспеушілігі есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-84 рет 1 мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі. Өкпе үстінен тимпанит, аускультативті – тыныс шығаруы ұзарған және қиындаған, өкпенің барлық аймағынан жайылған, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада - лейкопения. Науқаста қандай ықтимал диагноз болуы мүмкін

(+) жедел бронхиолит

( ) жедел пневмония

( ) муковисцидоз

( ) бронх демікпесі

( ) ЖРВИ

Вопрос 467.

Ер бала, 7 айлық. Жедел ауырды, дене қызуы 38,1°С дейін жоғарылады, мұрнынан шырышты бөліністер, құрғақ жөтел пайда болды. Объективті – жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аускультативті – тынысы қатаң, жайылған құрғақ және ылғалды орта көпіршікті сырылдар екі жағынан да естіледі. Перкуторлы – ашық өкпелі дыбыс естіледі. Науқаста қандай ықтимал диагноз болуы мүмкін

(+) жедел жәй бронхит

( ) бронх демікпесі

( ) стеноздаушы ларинготрахеит

( ) жедел обструктивті бронхит

( ) жедел бронхиолит

Вопрос 468.

Бала 5 жаста. Анасының айтуы бойынша шағымдары: дене жүктемесі кезіндегі тынысының қиындауы, өте шаршағыш, құрғақ жөтел, ентігу. Қарап тексеру кезінде баланың дене дамуы артта қалған, акроцианоз, «дабыл таяқшасы» белгісі бар. Өкпесінде ылғалды ұсқа көпіршікті сырылдар мен сықырлар естіледі. Рентгенологиялық зерттеу кезінде – өкпе суреті мөлдірлігінің диффузды төмендеуі, интерстициальды фиброздың белгілері анықталады. Келесі диагноз қойылған болатын: Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит. Науқасқа емдеудің қандай тәсілі көрсетілген

(+) преднизолон + Азатиоприн

( ) купренил + Антибиотиктер

( ) ингаляциялық кортикостероидтар + Антибиотиктер

( ) оксигенотерапия + ұзақ әсерллі -2 агонистер

( ) купренил + қысқа әсерлі -2 агонистер

Вопрос 469.

Бала, 5 жаста. Жедел ауырды: дене қызуы 38,5°С, тынысы жиілеген, енжар. Объективті – жағдайы ауыр, танаулары керілген, тыныс жиілігі 35 рет бір минутта. Перкуторлы – өкпе үстінен «мозаика тәрізді» дыбыс, аускультативті – оң жақта жауырын асты аймақта тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуторлы – өкпе дыбысының қысқаруы естіледі. Жалпы қан анализінде: Л-12,8х109/л, т/я -6%, с/я- 42%, лф- 38%, э-1%, м-13%, ЭТЖ-24 мм/сағ. Төменде аталғандардан бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізіледі

(+) кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

( ) бронхография

( ) риноскопия

( ) спирография

( ) кеуде қуысы ағзаларының КТ