Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульмонология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.46 Кб
Скачать

Вопрос 221.

Қыз бала 7 айлық, ауруханаға тыныс жетіспеушілік есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-86 рет 1 мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикоз. Өкпе үстінде тимпанит, аускультативті – ұзарған және қиындаған тыныс, өкпенің барлық аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкоцитоз. Сіздің диагнозыңыз

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

жедел бронхиолит

Жедел бронхиолит

Вопрос 222.

8 айлық ұл бала. өмірінің бірінші аптасынан бастап тұрақты көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Өкпе үстінен өкпе дыбысының қысқаруы және тұйықталу аймақтарымен перкуторлық дыбыс, аускультативті – екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерде, сасық, жалтырақ құмалақты, жабысқақ тәулігін 7 ретке дейін.

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

муковисцидоз өкпелік-ішектік түрі

Муковисцидоз өкпелік-ішектік түрі

Вопрос 223.

2 жасар қыз бала мына шағымдармен түсті: физикалық және психикалық дамуының артта қалуы, денесіне қан құйылумен. Объективті: тері қабаты сарғыш, аяқта және жамбасында экхимоздар. Ішінде және аяқ- қолдарында тері асты май қабаты жұқарған. Жүрек тондары тұйықталған. Тынысы пуэрильді. Іші ұлғайған. Айқын гепатоспленомегалия. Қан анализінде: Нв – 85г/л, эритроцит-3,34 х 10*12г/л; лейкоциттер – 8х10*9/л; тромбоциттер – 45х10*9/л; ЭТЖ – 25 мм/сағ. Рентгенограмма: сан сүйегінің сынығы мен асептикалық некрозы. Нақты диагноз қою үшін сүйек миында анықтау керек

(+) гоше жасушалары

( ) нысана тәрізді эритроциттер

( ) бластты жасушалар

( ) мегалобластты жасушалар

( ) ксантомды жасушалар

Вопрос 224.

4 айлық ұл бала. Қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 40С. Ылғалды жөтел. Айқын периоральды цианоз. Тері қабаттарының және көрінетін шырышты қабаттардың бозаруы. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 180. Оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, жауырын астында майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Іші ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 3,5 см шығып тұр. Нәжісі ботқа тәрізді. Кеуде клеткасы органдарының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті инфильтрациямен көптеген буллалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

Оң жақты деструктивті пневмония

оң жақты деструктивті пневмония

Вопрос 225.

4 жастағы науқаста дене қызуы жоғары, қақырықпен ылғалды жөтел, ентігу, бронхиальдық тыныс, перкуторлық дыбыстың қысқаруы, нәзік сықырлы сырылдар көрсетеді

(+) бөліктік пневмония

( ) обструктивті бронхит

( ) бронхоэктазды ауру

( ) жедел бронхит

( ) экссудативті плеврит

Вопрос 226.

12 айлық бала. Ілгектермен және ұсақ заттармен ойнап отырды. Кенеттен жөтел, ентігу пайда болды.Сосын 10 минуттан кейін кетті. Денесінің температурасы қалыпты, бала активті, перкуторлы қорапты дыбыс, сол жақ өкпе аускультациясында тыныс алғанда жоғарғы бөлігінде ысқырықты сырылдар естіледі.

Алғашқы диагнозыңыз:

(Тип: Ввод строки, Баллов: 10, Попыток: 1)

Допустимые ответы

бронхтағы бөгде зат

Бронхтағы бөгде зат