- •3. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы түсініктер эволюциясын қарастырайық.
- •3. Кеңес үкіметінің барлық мемлекеттік реттелуімен 40 жылғы жоспарлауы дамғын Европа мемлекеттерінің ішінде (Франция Италия ) және Жапония сияқты елдерде кеңінен қолданады.
- •[Gl] Тақырып 3. «Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм» [:]
- •2. Қазіргі Қазақстанның жағдайын және бюрократияның элементтерін көрсету үшін Паркинсон заңына сүенейік.
- •[Gl]Тақырып 4: «Мемлекет нарықтық қатынастарды ынталандыру субъектісі» [:]
- •[Gl] тақырып 5: «Кәсіпкерлік дамуының экономикалық негіздері және оның түрлері» [:]
- •[Gl] тақырып 6: «Үкімет бизнес» қатынасының реттеу және оның әртүрлі елдердегі тәжірибесі» [:]
- •1. Дамыған елдер постиндустриализациялаудың жаңа кезеңіне көшті. Металлургия, өңдеуші өнеркәсіп, тоқыма саласы екінші кезекке қалды. Ғылыми сыйымды салалар кеңінен дамытыла бастады.
- •[Gl] Тақырып 7. “Мемлекеттің экономикалық өсім мәселелерін шешу мен азаматтық қоғамның қалыптасуындағы мемлекеттің ролі ”[:]
- •Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
- •[Gl] тақырып 8: «Мемлекеттің бизнес пен арақатынасының құқықтық астары» [:]
- •Дәріс жоспары
[Gl] тақырып 6: «Үкімет бизнес» қатынасының реттеу және оның әртүрлі елдердегі тәжірибесі» [:]
Дәріс 1
Үкімет пен бизнес арасындағы қатынасты анықтауға қатысты тарихи және теоретико-аналитикалық тәсілдемелер.
«Үкімет-бизнес» қатынастарын жақсарту ісіндегі әкімшілік институттардың функционалды және құрылымдық сипаттамалары
Роулс пен Коциктің әділеттілік теориялары.
Дәріс 2
1. Түрлі елдердегі Үкімет пен бизнес арасында қалыптасқан тәжірибені талдау
2. Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастардың этикалық аспектісі
Дәріс 1
1. Стратегияны қарастырудағы жетістіктер бәсекелік фактор ретіндегі «мемлекеттік басқару секторының» маңыздылығын түсінуге әкелді.
Осы қорытындының маңыздылығы келесі жағдайларды анықтау барысында айқындалады:
1. Кейбір кәсіпорындар мен нарық секторлары үшін мелекеттік институттар айтарлықтай көлемдегі өткізу нарығын білдіреді. Мемлекет және тапсырыс берушімен қатынас жасау, оның қажеттіліктерін ескеру, қызмет ету тәртібі (формальды процедуралар) мен шешім қабылдау процесінің сипатты белгілері – өзге кәсіпорындардан бәсекелік басымдық болып табылады.
2. Кейбір секторлар үшін өкілеттіктерді, басқару құралдарын ұсыну, қоғамдық институттардың лицензиялар мен куәліктерді беуі өндіріс шығындарына, нарықтың өзгермелі жағдайдарына иелімелі бейімделуге шешуші ықпал етеді.
3. Қоғамдық инситуттар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында жүгінетін процедуралар (жалпы қауіпсіздікті қолдау, заңдарды ұстану, соттық әкімшілік), инфрақұрылым деңгейі (өндірістік және әлеуметтік) мен коммуналды қызмет көрсету тиімділігінің дәрежесі (көлік, телекоммуникация, газ, энергетика) – осының барлығы экономикалық жүйеге ықпал ететін пункттер. Ықпал сектордан секторға және компаниядан компанияға өтіп, өзгеріске ұшырайды.
Жеке кәсіпорындардың «бизнес-үкімет» қатынасын басқару қабілеттілігі – табысқа бағдарланған стратегия.
Төмендегі мәселелермен байланысты интерұлттандыру процесінен туындайтын перспектива:
1. Жеке кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілігі жекелеген кәсіпорын ішіндегі факторлардан, сонымен қатар белгілі сектор қрылымынан, оның бас офисінің орналасуынан тәуелді болады.
2. Өндірістік және коммерциялық, қаржылық мәселелер бойынша инвестицияларға ықпал ететін шешімдер бойынша түрлі елдер арасындағы келіспеушіліктерді шешу.
«Тәуекелді талдау» моделі макроэкономикалық индикаторларға (ЖҰӨ динамикасы, экономикалық жүйе құрылымы, бағалық сектор сипаттамасы), әлеуметтік және саяси индикаторларға (саяси тұрақтылық, түрлі индикаторларға деген сезімталдық, әлеуметтік және экономикалық жандал) және «жеке кәсіпорынға бағытталу саясатына» негізделген.
«Қатынастар динамикасын талдау» моделі іскерлік жүйе (жеке кәсіпорындар жүйесі) мен институционалды жүйесі (мемлекеттік институттар жүйесі) арасындағы қатынастарға ерекше назар аударады.
2. Экономикалық және институционалды жүйелер арасындағы қатынастар мәселесі бойынша экономикалық саясатқа қатысты мемлекеттік институттардың құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын талдау маңызды ақпарат береді:
Жалпы экономикаға қатысты нақты және күтілетін сектор салмағы;
Сектордың даму болашағы;
Сектор құрылымы.
Жеке кәсіпорындар мен үкімет өзара қатынастар сипатын бәсекелік стратегияны талқылауға енгізудің түрлі деңгейде жүзеге асатынын ескеру керек:
Экономикалық жүйенің жалпы деңгейінде;
Түрлі экономикалық секторлар деңгейінде;
Компания деңгейінде.
Үш деңгейдің әрқайсысы үшін талдау түрлі мақсаттарды көздейді имеет:
Стратегиялық конфронтация үшін жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара қатынастардың шекті сәттерін таңдау;
Жүйелі концептуалды қағидаларын өңдеу;
Адамдарда, менеджерлерде осындай өзара қатынастарды жақсарту қабілеттіктері мен ептіліктерін дамыту.
Аталған мақсаттар стратегиялық талдау, стратегиялық жүзеге асыру сияқты аталмыш процестерді анықтайды.
Бірақ өзара қатынастар пәні мемлекеттік институттардың қызмет етуін зерттеу тұрғысынан да сыйымды. Өткен ед оның негіздері болып табылғандар:
Жалпы пайдаланылатын тауарлар мен әмбебап тауарлардың өндірісін іскерлік әдістермен басқару. Бұл – кәсіподақтарды дифференциациялау;
Дамуды қолдау саясаты (мысалы, жаңа кәсіпорындардың құрылуын қолдау бойынша әрекеттер). Бұл – экономика дамуының макро бағыты.
Мемлекеттік сектордың қаржылық және функционалды дағдарысы жеке кәсіпорындардың мемлекет қызметтерін атқаруға салымын қайта бағалауын қамтитын зерттеудің жаңа аумағын ашты.
Бұл перспектива тұжырымдамалар арасындағы айырмашылықтарға әкеледі:
Мемлекет қызметі процестердң белгілі жиыны арқылы қажеттіліктерді қанағаттандырудан тұрады;
Қоғамдық қызметтерді өндіру.
Пәннің күрделілігі екі элементті сипаттайтын теорияларға жүгінуден тұрады – жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар.
Осыған қатысты түрлі тәсілдемелерді атап өтуге болады:
теоретико-дедуктивті;
тарихи;
салыстырмалы;
сипаттаушы-индуктивті.
Теоретико-дедуктивті тәсілдеме әлеуметтік-экономикалық жүйелер, жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар негізіндегі теориялардың дамуы ретіндегі өзара қатынастар пәнін қарастырады.
Жекелей алғанда, бір жағынан, тиімділік қағидалары арқылы мақсаттарға жету үшін әдістерді анықтаумен «басқару теориясымен» байланысқа негізделсе, екінші жағынан, басқару ғылымында өзара қатынастар сипаты туындайды:
жеке кәсіпорындар үшін тиімділік тұжырымдамасы өндірілген нәтижелер мен пайдаланылатын ресурстар арасындағы коэффиицентті анықтау үшін тиімділік тұжырымдамасы қабылданды;
мемлекеттік институттар үшін тиімділік тұжырымдамасы аталмыш жағдайдан тәуелділікті анықтау үшін қабылданды;
өзге ассоциация типтері үшін тиімділік тұжырымдамасы әлеуметтік әрекетке ықпал ететін басқару деңгейін сезіну үшін қабылданған.
Басқару ғылымының прогрессивті эволюциясы сыртқы өзара қатынастарға шоғырланған. Олардың ішінде «өндірістік жүйе» (жеке кәсіпорындар жүйесі) мен «өндірістік емес жүйе» (қоғамдық институттар жүйесі) арасындағы қатынасты атап өтуге болады.
Жүйедегі мәселелермен байланысты талдау саяси және институцоналды ерекшеліктердің жеке кәсіпорындағы басқаруға қалайша ықпал ететінін көрсетуге негізделген.
Екінші теориялық мектеп «қоғамдық саясатты» қарастырады. Бұл мемлекеттің «қоғамды реттеу мен қоғамды құрайтын құраушылар арасындағы өзара қатынастар» ретінде қатынастарын кеңейту үшін жүзеге асады. Қызметтердің әрекет етуі заң саласынан экономикалық салаға дейін кеңінен тарайды, себебі азаматтық құқықтардың экономикалық қатынастардың қатты ықпалына алынатыны анық болды (еркіндік, меншік, таңдау еріктігі, өмір сүру шарты.
Бүгінгі күні мемлекеттік капитализммен баламалы жүйелердің конфронтациясынан кейін жалпы экономикалық саясатты қайта қарау процесі әрекеттер арқылы емес, қағидалар арқылы реттеу мақсатымен қозғалысқа келтіріледі.
Сәйкесінше, жалпы экономикалық саясат жалпы тепе-теңдік жоғарыдан енгізіле алмайды деген қағиданы қайта анықтайды.
Үшінші теориялық мектеп жеке кәсіпорынның «әлеуметтік жауапкершілігін» қарастырады. Жеке кәсіпорындардағы зерттеулер экономикалық мақсаттардың тұрақты немесе әлеуметтік ортаға қол жететінін көрсетеді.
Өткен теорияларда орта мемлекеттік саясаттан тәуелді «әлеуметтік динамика» ретінде анықталған.
Соңғы теориялық мектеп әдетте мемлекет өкілеттігінде болатын мемлекеттік табыстармен ұқсас болатын мемлекеттік істерді қарастырады. Алдымен бұл теориялар қоғам құраушыларының өкілеттігіне енбейтін объектіні анықтады.
Кейіннен «мемлекеттік іс» тұжырымдамасы қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныс, шетелдік және дипломатиялық қатынастар ретінде анықталған.
Елдер немесе облыстар арасындағы одақтар мен қатынастар экономикалық мәселелерді құқықтардың өзара дәлелденуімен, әскери сипаттағы келісімдермен қатар енгізілуін талап етеді.
«Үкімет - бизнес» қатынасын қарастыруға қатысты екінші тәсілдеме - тарихи. Ол аталмыш елдегі қатынастардың дамуын келесі параметрлер арқылы қайта қарастырудан тұрады:
сандық шарттар, енгізілетін ресурстардың ауқымдылығы;
сапалық шарттар, қатынастар сипаттамасы мен типологиясы.
Тарихи тәсілдеменің мақсаты төмендегілерді түсіндіруден тұрады:
қоғамдағы түрлі мекемелердің ролі;
әлеуметтік шарттар;
экономикалық шарттар;
бұрындары орын алатын интеграцияның ұлттық процестермен бірігуі.
Үшінші тәсілдеме – қарастырудағы салыстырмалы тәсілдеме. Ол түрлі елдердегі жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар арасындағы қатынастарды салыстырады.
Төртінші тәсілдеме эмпирикалық сипаттаумен байланысты, ол елдегі жеке кәсіпорындар мен қоғамдық институттар арасындағы қатынастарды қарастырудан және олардың мазмұнын, соңғы мақсаттарын түсіндіруден тұрады.
Тақырыпты зерттеудің күрділілігі зерттеушімен қолданылатын құрылымдық таңдау әсерінің әрекет етуінен тұрады. Эмпирикалық сипаттаушы тәсілдеме шектеулерін алып тастау тәсілдемелерінің бірі төмендегілерді қамтитын релевантты мәселелерді алға шығарудан тұрады:
территориалды қамтылушылық пен орналастыру;
салық салу жүйесі (пайда, салықтардың азаюы, капитал салымдары);
өңдеуді ынталандыру стратегиясы;
еңбек нарығындағы жалпы араласу;
қаржылар мен банктік нарықты реттеуге араласу;
базистік зерттеулерді, ноу-хауды қолдау;
қоршаған ортаны қорғау бойынша араласу;
кәсіпорындардың инфрақұрылымға қызмет көрсету жүйесін басқаруға қатысуы;
халықаралық деңгейдегі ұлттық мәртебені қолдау;
ынтымақтастықтың халықаралық бағдарламаларына қатысу;
жеке және мемлекетпен бірлескен кәсіпорындар.
3. Қоғамдағы адамдардың құқықтары мен мемлекеттің ролі туралы ек қарама қайшы тұжырымдамалар бар – тар және кең мағынадағы тұжырымдамалар. Мұнда тауарлар мен қызметтерді бөлуге қатысты осындай түрлі тәсілдемелердің қолданылуына қорытындылар жасалады.
Іскерлік шеңберлердегі менеджерлер мен үкімет адамдардың құқықтары және міндеттерімен айналысуды шешкенде, олар ненің жеке ненің әділетті болуын анықтаумен айналысады. Жұмысбастылық мүмкіндіктері, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, әл ауқат бағдарламаларына қатысты даулардың басым бөлігі экономикалық кәсіпорындардағы әлеуметтік кооперация тиімділіктерін әділ бөлуге қатысты түрлі көзқарастардан туындайды. Әділеттілікке қатысты екі көзқарас ұсынылған. Әділеттілік кең мағынада - Джон Роулстың «Әділеттілік теориясы» еңбегін талқылауы. Әділеттілік тар мағынада - Роберт Коциктің «Анархия. Мемлекет және утопия» еңбегін тақлқылауы. Роулса пен Коцик сияқты гарврдтық философтардың философиялық аргументтері коммунизм, индивидуализм идеологияларын білдіреді.
Джон Роулс үшін әділеттіліктің негізгі мазмұны - бұл жоғарғы әлеуметтік институттар негізгі құқықтар мен міндеттерді бөліп, әлеуеттік кооперацияның тиімділіктерін анықтау тәсілі. Жоғарғы институттар деп ол қоғамдағы негізгі экономикалық және әлеуметтік келісімдерді түсінеді.
Роулс теориясының негізінде әркімнің әл ауқаты әлеуметтік кооперация сызбасынан тәуелді болатыны деген тұжырымдама жатыр. Әлеуметтік кооперация пайдасын бөлу шынайы болуы керек.
Роулсқа сәйкес, қоғам мүшелері әділеттіліктің екі ережесін ұстануы керек. Біріншісі – әр адам өзге адамдардың құқықтарына залал келтірмейтін жеке еркіндікке тең құқықтарға ие болуы керек. Екіншісі – әлеуметтік және экономикалық тиімділіктер мемлекетпен бөлінуі керек, және олар мынадай болуы тиіс:
әркімге тиімді;
әркімге бекітілуі керек.
Барлық әлеуметтік тиімділіктер – еркіндік пен мүмкіндіктер, табыс пен байлықты мемлекет тең бөлуі тиіс.
Әділеттіліктің осы теориясы бойынша адамның ар-ұят сезімі – бұл өзін өзі бағалауы мен оны жүзеге асыруға қатысты сенімділік.
Роберт Коцикте әділеттілік орталықтан бөлуді талап етпейді. Бірде бір адам, бір де бір адамдардың топтары барлық ресурстарды бақыламайды. Әркімде өзгелерден алуына қатысты құқықтары болады.
Коциктің әділеттілік теориясы мемлекетке «кең» қызметтер ұсынады: ішкі тәртіп пен тыныштықты сақтау; азаматтарды күштеуден қорғау; сауданы реттеу, валютаны тұрақтандыру, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мемлекет қызметтерін өзгеше пайымдау жеке құқықтардың бұзылуы ретінде қарастырылады да, әділетсіз болып табылады. Мемлекет біреулерді екіншілеріне көмектесуге мәжбүрлеу үшін өзінің мәжбүрлеу аппаратын қолдана алмайды.
Дәріс 2
