Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_po_gos_i_biznesu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
496.64 Кб
Скачать

Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi

1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.

2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.

3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.

4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады.

5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс.

6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi.

7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ёлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметiне тыйым салынады.

8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.

9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.[kgl]

[gl] 8 тақырып: «Экономиканың әртүрлі секторындағы бизнестің даму жағдайлары» [:]

1 дәріс

  1. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті мемлекеттік шарттармен қамтамасыздандыру

  2. Өндіріс салаларындағы бизнесті дамыту шарттары

  3. Агроөндірістік кешенінде бизнесті дамыту

2 дәріс

  1. Салалларды қолдайтын үкімет пен бизнестің арасындағы қатынас

  2. Әлеуметтік сферадағы бизнесті дамыту ерекшеліктері мен мемлекеттік қолдау

Дәріс 1

Жалпы Қазақстан Республикасының экономикалық кеңістігінде, оның әрбір аймағында, өндірістің барлық салалары мен сфераларында, әрбір кәсіпорындар мен олардың ұжымдарында өркениетті жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру тұрақты экономикалық даму мен халықтың тұрмыс жағдайын қалыпты деңгейге дейін жеткізудің басты стратегиялық факторларының бірі болып табылады. Сондықтан макро-, мезо-, микроэкономика деңгейлерінде өндірістің кәсіпкерлік типіне өткен жөн.

Қазақстанда тиімді нарықтық экономика құру үшін кәсіпкерліктің мәні құрылымдық жасаушы фактор ретінде оның ролімен анықталады, ол:

  • бәсекелі ортаның дамуы;

  • нарықтың тауарлар мен қызметтерге толуы;

  • жергілікті атқарушы органдардың экономикалық базасының күшейуі;

  • ауылдың, кіші және орта қалалардың дамуын қамтамасыз етуі.

Шағын кәсіпкерлік секторы сонымен қатар өз санына жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, нарықтық қатынастарды демократизациялаудың әлеуметтік қысымдылығын жеңілдету кіретін маңызды әлеуметтік қызметтерді де атқарады. Шағын кәсіпкерлік Қазақстанда орта топты қалыптастырудың негізі болып табылады. 2007 жылдың 28 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауында он үшінші бағытында айтып кеткендей: «Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заң­намасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынта­лан­дыратындай, сондай-ақ бизнестің “көлеңкеден” шығуына жәрдемдесетіндей етіп одан әрі жетілдіре түсу қажет».

Жалпы Қазақстан Республикасының экономикалық кеңістігінде, оның әрбір аймағында, өндірістің барлық салалары мен сфераларында, әрбір кәсіпорындар мен олардың ұжымдарында өркениетті жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру тұрақты экономикалық даму мен халықтың тұрмыс жағдайын қалыпты деңгейге дейін жеткізудің басты стратегиялық факторларының бірі болып табылады. Сондықтан макро-, мезо-, микроэкономика деңгейлерінде өндірістің кәсіпкерлік типіне өткен жөн.

1992 жыл, ХХ ғасырдың 80 жылдары ортасынан басталған шағын кәсіпорындар мен онда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының қарқынды өсуімен сипатталады. Бұл таң қаларлық жәйт, себебі бағаның ырықтандыруы мен салықтық прессингті енгізу шағын кәсіпкерліктің қаржылық базасын құлдыратты. Күшті инфляция бір жағынан, халық жинағының құнсыздануына, екінші жағынан банктік несиенің проценттік ставкаларының жедел өсуіне әкелді. Ол әлі күнге дейін иемденбеген инвестициялық қызметтің құлдырауына әкелді.

Кең таралған пікір бойынша, «естен тандыру» моделі республика экономикасы мен шағын кәсіпкерлік саласының жылдам әрі тиімді дамуы үшін аз құрамды болды. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық реформаларын белсендіру жағдайында позитивті мүмкіндіктер де болды. Олардың басты қызметтері – әлеуметтік демпфиралау, жұмысбастылық арқылы дағдарыс жағдайында халықтың маңызды қабаты үшін өмір сүруін қамтамасыз ету, өмір сүруге қосымша қаражат алу мүмкіндігін ұсыну. Шағын кәсіпкерлік саласында қызметтер мен тауарлардың сапасы мен әр түрлілігін жоғарлату негізінде шағын кәсіпорындардың күресі мен сипатталатын қалыпты бәсекелі нарықтық орта қалыптаса бастады. Бірақ та қылмыстық құрылымдар шағын бизнеске тыныштық бере қоймады.

1992-1994 жылдар жалпы қабылданған «грюндерлік» терминімен сипатталады. Шағын кәсіпкерлік осы жаппай құрылтайшылық процесінің құраушы элементі болды. Биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, ірі жеке және жартылай мемлекеттік акционерлік кәсіпорындар республика бойынша көптеп туындай бастады. Адамдар алғаш рет өмірінде жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, ертеде мемлекеттік құрылымның абсолюттік монополиясы болған қаржылық жоспарланумен айналысуға құқық пен еркіндік алды. Мұндай ынталандырулар, әсіресе бюджеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда тауарлар мен қызметтерден жоғары пайда алу сенімімен ірі масштабты грюндерлікке жете алмады. Грюндерлік жағдай әлеуметтік психологияның жалпы заңдылықтарындай экономикалық себептермен түсіндіреді.

Нәтижесінде қатаң климатты зоналар мен Қазақстан аймағының төменгі сапалы жерлерінде көптеген эфемерлі фермерлік шаруашылықтар пайда болды, ал экономикалық мақсаттылық тұрғысынан алғанда мұндай шаруашылықтың нарықтық экономикасы дамыған елдерде де өмір сүруі мүмкін емес. Көптеген шағын кәсіпорындар өмірге ұзақ мерзімді даму бағдарламасын иемденбей отырып, экономикалық мақсаттылық күшімен емес, жалпы үмітпен, оларды ұйымдастырушылар арманынан абстрактілік «жақсы өмірге» өту арқылы келді.

Инвестициялық дағдарыс, инновациялық белсенділіктің төмендеуді және барлық деңгейдегі бюджет тапшылығынан ғылыми өнімге белгілі бір сұранымды тез қалыптастыру жағдайында жеке шағын ғылыми фирмалардың көптеп пайда болуымен түсіндіріледі. Психологиялық тұрғыда бұл құбылыс келесідей түсіндіріледі: ғылыми қызмет, зерттеуші тұлғаларға көптеген он жылдықтар бойы сұраныс болмады. Жаңа жағдайлар бұрынғы ғылыми мүшелерге олар 70-80 жылдары мемлекеттік академиялық, салалық және басқа да ғылыми ұйымдарда болған қысымдық жағдайдан жеке шығуына сенім берді.

1996 жылдың басында Қазақстанда шағын бизнес саласында 21260 кәсіпорындар мен онда жұмыс істейтін 147000 адам болды. Өнеркәсіптік өнімді шығарумен жалпы саны 33,6 мың адамды қамтитын 2563 кәсіпорын айналысады.

2003 жылы кәсіпкерлер қатары біршама өсті. Сату мен қызмет ету саласының өзін алғанда ғана шағын бизнесте 121 мыңнан жоғары жұмыс істейтін субъектілер бар. Республикамызда азаматтар үшін ең көбірек танымал сала жеке кәсіпкерлік болып табылады. Тіркеу мен салықты жеңілдету бизнестің бұл саласына 281 мың шағын бизнес субъектісін (557 мың адам) алып келді. Ол жалпы есептің 72,5%.

2004 жылдың 1 қаңтарына берілген мемлекеттік статистикалық есеп бойынша 2003 - жылы 2002 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпорындар саны 9,4%-ке өскені, ал олардың жұмыскерлерінің саны 31,9 % өскен. Бұл 739,9 мың адамды құрайды. (Казахстанская правда №67 от 02.04.04.)

Бірақ Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке қарама-қайшылықтар туды. Бір жағынан, олардың мәнінің жедел өсуі, екінші жағынан – бизнестің шағын формаларының өмір сүру мүмкіндігінің төмендеуі.

Осы кешендік мәселенің факторлары қандай?

Оларға жататындар:

  • шағын кәсіпорындардың жеткізілік қаржылық «фундаменті»;

  • олардың әлсіз ресурстық базасы;

  • қатаң салықтық жүйе;

  • қылмыстық «прессингтің» кең көлемі мен көптілігі;

  • шағын бизнес жолындағы әкімшілік кедергілер жеткіліксіздігін;

  • заңдылылқтың тұрақсыздығы, аяқталмағандығы, әсерсіздігі;

  • тұрмыс нарығын колассальді түсіндіру;

  • ресурстық нарықтардың монополизациялығы және дамымағандығы.

Әлеуметтік бағытталған нарық шаруашылығына өту, экономиканың дағдарыстан шығуы және тұрақтылығы жағдайында кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясаттың стратегиялық мәселесі болып табылады. Елде тиімді нарықтық экономиканы құрудағы шағын және орта бизнестің мәні бәсекелі ортаның қалыптасуы мен дамуына, ғылыми-техникалық процесстің жылдам дамуына, өтпелі кезеңнің әлеуметтік қысымдылығын жеңілдетуге әсер ететін құрылымдық фактордың орны мен ролімен анықталады.

Әлемдік тәжрибе көрсеткендей, шағын және орта бизнес нарық конъюктурасының өзгеруіне әсер етеді, нарықтық экономикаға икемділік береді, халықтың мәнді қаржылық және өндірістік ресурстарын мобилизациялайды. Өнеркәсібі дамыған елдер тәжрибесі бойынша экономикада оған басты орын тән кәсіпкерліктіңмүмкіншіліктері туралы айтуға болады. Мысалы кейбір елдерде шағын бизнес барлық кәсіпорындардың 90 - 95 % - ын және ұлттық өнімнің 20-25 %-ын құрайды.

Қызмет және сауда саласының кәсіпкерлік үлкен роль атқарды. Мысалы, Германияда шағын және орта бизнестің экономикалық мәні оның ролімен анықталады, біріншіден, ЖІӨ-ң жартысын құрайтын қызмет өнімдерін өндіруші, екіншіден, барлық жұмысбасты халықтың 2/3 бөлігін құрайтын жұмыс берушілер, үшіншіден, үлесіне жиынтық инвестицияның 2/5 бөлігі және тіркелген патенттің жартысы келетін ғылыми-техникалық прогресс катализаторы, төртіншіден, өндірістік оқытудың 85%-ын құрайтын кадрлар негізі.

Жұмысбастылық мәселесін шешуде кәсіпкерлікте роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оларға барлық жұмысбастылардың 50-60%-ы және жаңа жұмыс орындарының 70-80%-ына дейін келеді. Мысалы, Жапонияда қазіргі кезде шағын және орта кәсіпорындар үлесіне барлық кәсіпорын санының 91,1%-ы келеді, онда барлық жұмысбастылардың 79,2 %- жұмыс істейді.

Шағын бизнестің бәсекелі ортаны қалыптастыруға әсері (отандық жоғары монополиялы экономика үшін де) бірінші деңгейлік мәнді иемденеді. Бір жағынан, кәсіпкерлік оны құраушы элементтердің көптігі мен динамикасының жоғарлылығынан монополияға ірі кәсіпорындарға қарағанда аз дәрежеде беріледі, екінші жағынан, мамандырылу мен жаңа технологияны және техниканы аз мөлшерде қолдануда ірі бірлестіктердің монополиялық позициясын бұзатын бәсеке ретінде көрінеді. Осы қасиеті өнеркәсібі дамыған елдерден монополизацияға және ғылыми-техникалық прогресстің кешігуіне тән ірі капитал қарқынын иемденсе, әлсіреуде де шешуші роль атқарады.

Шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жеңілдетуде және нарықтық қатынастарды демократизациялауда ролі маңызды. Шағын кәсіпкерлік орта топты қалыптастырудың және нарықтық экономикаға тән тенденциялардың әлеуметтік дифференциацияға әлсіздігінің негізі болып табылады.

Осылайша жеке кәсіпкерліктің экономикадағы ролі келесімен берілді:

  • экономиканың мемлекеттік секторын аз сериялы және даналы өнім үшін рентабельді емес өндірістен бастау;

  • тұтыну тауарлры мен қызметтің өндірісі мен ассортиментін кеңейту;

  • өз аймағын дамыту мүмкіншілігі;

  • «тың индустрия» өнімімен кәсіпорындарды қамтамасыз ету және соның есебінен ірі кәсіпорындардың тиімді қызметін жоғарлату;

  • экономикалық даму үшін халық жинағын қолдану;

  • материалдық және адамдар ресурстарға тиімді әсер ету, нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі мен қоғамдық өндіріс көлемін жоғарлату;

  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету үшін нарықтық формалар мүмкіншілігін қолдану;

  • экономикалық бәсеке мүмкіншілігін жоғарлату;

  • шаруашылық аймақтарға барлық ресурстар түрін қолдану;

  • тапшы тауарлар мен қызметтердің өндірісін шектеу;

  • ірі шаруашылық бірлестіктерінің дамуына байланысты қосымша өндірісті жақсарту;

  • ірі шаруашылық кешендер шегінде өндіріс құрылымын оптимизациялау.

Ел экономикасының негізгі мамандануының бірі – ауыл шаруашылығы. Бірақ жеткіліксіз инвестиция, ауыл халқының төменгі төлеу мүмкіншілігі осы саладағы шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді. Сонымен бірге, динамикада статистикалық мәліметтер осы бағыттағы позитивті өзгерістерді көрсетеді.

Кәсіпкерлік дамуының негізгі міндеті – халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету.

Шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау экономиканың осы секторы дамуының серпiндi-үдемелi сипаты бар екенiн және әлеуметтiк шиеленiстi төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң негiзi бола отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк сипат экономикаға барған сайын тиiстi икемдiлiк берiп, оның дамуының шешушi факторы болып келедi. Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындар мен жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, рынокты әртүрлi тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтырып отыр.

Жаңа жұмыс орындарын құру, тауар рыногын отандық тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң инновациялық белсендiлiгiн арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, дамыған елдер тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, арнайы мемлекеттiк қолдау шараларынсыз мүмкiн емес.

Бағдарламаның бiрiншi кезектегi шараларын iске асыру, ең алдымен шағын кәсiпкерлiктiң дамуын тежеп отырған мынадай проблемаларды шешуге бағытталған:

- шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының жеткiлiксiз дамуы;      - қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң әлсiздiгi;      - салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiлiгi;      - негiзгi қаражатты алуға және айналым қаражатын молықтыру үшiн несиелiк ресурстарға қол жеткiзудiң шектеулiлiгi;

 - экономиканың нақты секторында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк үй-жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлігi және тым жоғары жалгерлiк ақысы;       - кадрларды даярлау және шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесiнiң жоқтығы;

- шағын кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк құрылымдармен өзара iс-қимыл жасаудың ұйымдық проблемалары;

- шағын кәсiпкерлiктiң дамуы жолындағы әкiмшiлік тосқауылдар.       Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының бiрi болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк өкімет органдарының актiлерiнен, iс-қимылдарынан және әрекетсiздiгiнен туындаған, әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi жою болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi жердегi атқарушы өкiметтiң әрекетiне байланысты. Осыған байланысты жұмыссыздықты төмендетудің бағыттары – аграрлық саясатты дамыту, әр жұмыскерге өз потенциалын максималды қолдану үшін жағдай жасау. Ол үшін келесілер қажет деп саналады:

  • ауыл халқына тауарлық несие беру жүйесін жасау;

  • ауыл шаруашылық өндірістің мамандарын дайындау үшін кәсіби-техникалық мектептерді дамыту;

  • жұмысбастылық саласы ретінде жеке шаруашылықты дамыту үшін жағдай жасау;

  • тиімді шикізат пен табиғи материалдарды пайдаланумен дәстүрлі саласын дамыту үшін жағдай жасау;

  • ауыл халқын жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша ауыл шаруашылық Департаменті мен материалдарды бірігіп өңдеу;

  • ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіріс көлемінің, құстар мен мал санының өсуі, жанұя бизнесінің жаңа объектілерін ұйымдастыру, бақша жер учаскесін бөлудің, мәңгілік жұмысқа басқа да қызмет түрлеріне тартудың өсімі есебінен қосымша жұмыс орындарын құру.

Жұмысбастылықты тұрақты қамтамасыз етудің жаңа көзқарастары мен мәселені шешу жолдарын, жағдай жасау мен механизмдерін құру қажет.

Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын жоғарлату мен жұмысбастылықты кеңейту механизмдерін, бағыттарын анықтау үшін заңды тұлғалар деңгейі мен оларды анықтайтын негізгі факторларды талдаған жөн.

Жеке шаруашылық тауарларын өсіру мен кеңейту жолы, ауыл халқы табысының өсуі мен жұмысбастылықты қамтамасыз ету – ауыл дамуының негізгі бағыттарының бірі болуы қажет.

Негізгі бағыттар болып өңдеу (ауыл шаруашылық өнімдерін), сақтау, ағаш өңдеу және ағаш дайындау, құрылыс материалдарының өндірісі мен құрылыс, халық дәстүрі, халықты тұрмыстық қамтамасыз ету, ауылдық туризм, т.б. табылатын ауыл шаруашылық емес бизнесті ауылда дамыту маңызды.

Шағын бизнесті дамыту және қолдау бағдарламасында шағын бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелер көрніс тапты. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы және материалдық өндіріс саласында жұмысбасты шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие ресурстарын қайтару мерзімін ұзарту үшін шара қолданыла ма?

Осыған сәйкес, шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларға сай микробағдарламалар негізінде шағын бизнесті дамытудың аймақтық бағдарламаларын қабылдау арқылы деңгейлерде жүзеге асырылады.

Ел экономикасын қалыптастыру процесінде шағын бизнес басты рольді иемденді. Оның өнеркәсіп секторы диверсификациясымен бірлікте дамуы «Қазақстан - 2030» дамуының негізгі стратегиясы болып табылды. Осы байланыста республика экономикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын қарастыру – мақсатты жағдай.

«Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдаудың негiзгi бағыттарының бiрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қолайлы жағдай туғызудың құқықтық режимiн белгілеу болып табылады.       Кәсiпкерлердiң қоғамдық құралымдарына нормативтiк, әдiстемелiк құжаттар тұрғысында әдiстемелiк көмек көрсетiп, келiп түсіп жатқан, соның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына байланысты өтiнiштер бойынша консультация бере отырып, олардың қызметiн жандандыруға ұмтылу қажет. Сонымен қатар, кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң күш-жiгерiн «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетiлген өз құқықтары мен өкiлеттiктерiн кеңiнен және нәтижелi пайдалануға бағдарлау және бағыттау керек.       Мұндай ұстаным аймақта заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуына неғұрлым тиiмдi бақылау жасауды, сондай-ақ жанжал дауларды шешу практикасын жетiлдiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Кәсiпкерлердiң орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшыларымен тақырыптық кездесулерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен бақылаушы органдар арасында өркениеттi қарым-қатынастардың қалыптасуына, сондай-ақ өзара қатынастардағы қайшылықтарды жою жөнiнде сындарлы ұсыныстар жасауға жәрдемдеседi. [kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]