- •3. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы түсініктер эволюциясын қарастырайық.
- •3. Кеңес үкіметінің барлық мемлекеттік реттелуімен 40 жылғы жоспарлауы дамғын Европа мемлекеттерінің ішінде (Франция Италия ) және Жапония сияқты елдерде кеңінен қолданады.
- •[Gl] Тақырып 3. «Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм» [:]
- •2. Қазіргі Қазақстанның жағдайын және бюрократияның элементтерін көрсету үшін Паркинсон заңына сүенейік.
- •[Gl]Тақырып 4: «Мемлекет нарықтық қатынастарды ынталандыру субъектісі» [:]
- •[Gl] тақырып 5: «Кәсіпкерлік дамуының экономикалық негіздері және оның түрлері» [:]
- •[Gl] тақырып 6: «Үкімет бизнес» қатынасының реттеу және оның әртүрлі елдердегі тәжірибесі» [:]
- •1. Дамыған елдер постиндустриализациялаудың жаңа кезеңіне көшті. Металлургия, өңдеуші өнеркәсіп, тоқыма саласы екінші кезекке қалды. Ғылыми сыйымды салалар кеңінен дамытыла бастады.
- •[Gl] Тақырып 7. “Мемлекеттің экономикалық өсім мәселелерін шешу мен азаматтық қоғамның қалыптасуындағы мемлекеттің ролі ”[:]
- •Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
- •[Gl] тақырып 8: «Мемлекеттің бизнес пен арақатынасының құқықтық астары» [:]
- •Дәріс жоспары
[gl] Тақырып 2. «Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы» [:]
Дәріс 1
Қоғамдық-экономикалық жүйелердің моделдері
Мемлекет қоғамдық өмірді ұйымдастырудың саяси формасы ретінде
Мемлекеттің экономикадағы ролі туралы түсініктер эволюциясы
Экономиканы мемлекеттік басқару туралы ғылымдағы ең негізгі түсініктердің бірі ол – «экономикалық жүйе». Экономикалық жүйе – ол қзара байланысқан әлеуметтік және құқықтық институттардың жиынтығы.
Бүкіл ХХ ғасыр бойы ресейлік экономикалық жүйе мемлекеттік ықпалымен құрастырылған болатын. Экономикалық жүйені әртүрліше бөліп қарастыруға болады. Кеңес дәуірі кезінде экономикалық жүйелердің айырмашылықтарының басты критерийлері болып өндіріс құралдарына деген белгілі бір меншік түрі еді. Сондықтан да, алғашқы қоғамдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунисттік (алғашқы кезеңі – социализм) әлеуметтік-экономикалық формациялар. Егер де, атаөты экономикалық тепе-теңдік идеясын негізге алар олсақ, онда келесідей экономикалық жүйелер бөлінеді: үй шаруашылық экономикасы, феодалдық шаруашылық экономикасы, бюргерлік шаруашылық, қол өнер өндірісі, автаркиялық шаруашылық. Тауарлы экономикада әдетте экономикалық режимге байланысты нарықтық (капиталистік), орталықтынған жоспарлы (КСРО 1928-1985 жж аралығында) және нарықтық ұжымдық экономика (бұрыңғы Югославия, скандинав елдері).
Қоғамдығы ең негізгісі ол – меншік қатынасы болып табылады. Меншік қатынасынан тек шаруашылық өмірдің формалары ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық жүйелер моделдері де жатады.
Қоғамдық-экономикалық жүйе белгілі бір меншік негізінді адамдардың шаруашылығын ұйымдастыруды меңзейді.
Келесідей экономикалық жүйелер бар:
Нарықтық жүйе
Командалық жүйе
Дәстүрлі жүйе
Аралас жүйе
2. Мемлекет қоғам өмірін ұйымдастырудың саяси формасы болып табылады, ол өз кезегінде бұқаралық билік іскерлігіні мен пайда болуының нәтижесі ретінде орнатылады. Мемлекеттің негізгі сипаттары келесілердің болуын талап етеді:
Жиынтығында ерекше мәжбүрлеу аппараты бар мемлекеттік механизмді құрастыратын органдар мен мекемелердің ерекше жүйесі;
Мемлекеттік механизмнің құрылымы мен іскерлігінің тәртібін анықтайтын, мемлекетпен бекітілетін міндетті ережелер, я,ги құқықтар;
Аталмыш мемлекеттік билік жүретін белгілі бір шекара.
Мемлекет ол – қоғамдық дамудың нәтижесі, қоғамның әлеуметтік және саяси бір уақытта ұйымдастырылуы. Қоғамды ұйымдастырудың аталмыш процессі ортақ мүдделермен біріккен адамдардың жиынтығын қамтиды; қоғамдық еңбек бөлінісінің пайдаболуы мен дамуы; жеке меншіктің пайда болуы; қоғам мүшелерін ажыратып, таптардың пайда болуы; жеке меншіктің пайда болуы; саясаттың және басқару мен бақылау органдары бар биліктің пайда болуы.
Мемлекеттің эволюцияның бірнеше негізгі кезеңдерін бөліп, оның экономикалық ролінің дамуын көрсетуге болады:
1. Мемлекет қалыптасуының ерте сатысы, негізінде екі қызмет атқарған болатын – азат адамдардың бірлестігінде жалпы істерді орнату мен құл болған адамдарды басу.
2. Орта ғасырлардағы және жаңа дәуірдегі мемлекет күшті монархиялық билікпен және үстемдік ету мен иелік ету қатынастарының үстемдігімен.
3. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетт дайындау кезеңі, халық саяси процесстің қатысушысы болған кезде және мемлекеттік билікпен келісімдік қатынастарға түскен кезде.
4. Мемлекеттің эволюциясының қазіргі кезеңі, федеративті және конфедеративті процесстердің кеңейуімен негізделеді.
Мемлекет өзінің типологиясына ие болады, сондықтан да оны топтастыруға болады. Ондай топтастырулардың негізінде әртүрлі сипаттар болуы мүмкін:
-басқару күштерінің таптық табиғаты (құл иеленушілік, феодалдық, буржуазды, пролетарлы мемлекет);
-басқару формасы (монархиялы, республикалы мемлекет, президенттік немесе парламенттік ресубликалар);
-саяси ұйымдастырудың құрылғысы (унитарлы, федеративті, конфедеративті мемлекеттер);
-саяси режим (демократия, автократия, диктаторлы, либералды мемлекет).
Мемлекеттің жалпы тарихи сипаттары:
-белгілі бір әлеуметтік немесе таптық негізде басқару күштерінің болуы;
-өзіне тән саяси жүйенің болуы, орталық және переферийлі биліктің құрылымы;
-сыртқы саяси қызметтерді жүзеге асыру;
-ел алдында бірқатар міндеттерді атқару – ішкі тәртіп пен бейбітшілікті сақтау, өзінің шекарасын қорғау, таптық, әлеуметтік, саяси және экономикалық қатынастарды реттеу;
-бірқатар монопольді құқықтарға ие болу.
ХХ ғасырдың басында интернационалды мемлекетті құру, әлемдік үкімет құру идеясы пайда болған еді, ол өз кезегінде жекелеген елдердің проблемаларын ғана емес, жалпы адамзаттың мәселелерін шешуге тиіс еді.
Алайда ондай үкімет әлі құрылған емес, дегенмен де кейбір аймақтық одақтар ол қызметті сәтті атқаруда, мысалы ЕуроОдақ және т.с.с.
3. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы түсініктер эволюциясын қарастырайық.
Рассмотрим вопрос эволюции представлений о роли государства в экономике. Меркантилизм (Т. Мен, В. Стаффорд, А. Серра). Мемлекеттік реттеу тарихы орта ғасырлардың аяғына келеді. Ол уақытта экономикалық мектептің негізі ол – меркантилистер еді. Ол күшті мемлекет пен экономикалық іскерлікті кең ауқымды реттеуді ұстанған еді. Құймалардағы асыл металладр мен бағалы тастар мемлекеттік байлықтың негізгі көрі ретінде қарастырылған болатын, сондықтан да сыртқы сауда экспорты импорттан басым қылдырып, елге бағалы тастардың құйылуын көздеген еді. Осыған орай меркантилистер экспорты ынталандырып, импорты шектеуге дем қойды. Меркантилистер байлықтын негізгі көзі сыртқы саудада деп білгендіктен, экспортқа бағытталған өнімді өндіретін өнеркәсіпті дамытуды ынталандырған болатын.
Физиократтар (Ф. Кенэ). Францияда ХVII ғасырда пайда болған экономикалық мектеп, меркантелистік ойларды сынға алып, байлықта айырбстан гөрі өндірістің алар орны зор екендігін анықтап берген болатын.
Физиократтардың сараптамалары шектеулі болатын, себебі олар өз назрларын ауыл шаруашылығына тым көп бөлген еді. Олар мемлекеттің экономикаға араласпауының жақтаушылары еді (laissez-faire), сондай-ақ, мемлекеттің өнеркәсіпті реттеуге бағытталған кез-келген қылықтарына қарсы келген болатын, әсіресе салық салуға. Экономикалық саясат саласында бұл мектеп өкілдері тек бір ғана салық түрін мойындаған еді, ол – жерге салынатын салық. Физиократтар мемлекетпен шектелмеген жеке меншікті, еркін бәсекелестік пен еркін сыртқы сауданың жақтаушылары еді.
Классикалық мектеп (А.Смит). Мемлекеттің ролі туралы түсініктердің келесі сатысы болып А.Смиттің «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты жөнінде зерттеулер» атты еңбегі еді.
Классикалық ұғымға сәйкес мемлекет адамның және оынң меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, бір сөзбен айтқанда адм өз бетінше істей алмайтын немесе істесе де оны тиімсіз етіп істейтін мәселелерді мемлекет өз мойнына алу керек. Адам Смит нарықтық экономиканың жүйелерін талқылаған кезде, экономикалық дамудың басты қозғаушы күші ол – кәсіпкердің өз жеке мүдделерін қанағаттандыра отырып, ол өзінің және тұтастай қоғамның да бірқатар мәселелерін шешер еді.
Ең бастысы – барлық шаруашылық етуші субъектілер үшін ең негізгі деген таңдау еркіндіктерін қамтамасыз етіп беру керек: іскерлік ету аясын таңдау еркіндігі, бәсекелестік еркіндігі және сауда еркіндігі.
Кейнсиандық теория (Дж. Кейнс). ХХ ғасырдың 30-жылдары, АҚШ-ғы терең экономикалық дағдарыстан кейін, Дж.Кейнс өзінің теориясын ұсынған болатын, ол жерде ол мемлекеттің ролі туралы классиктердің барлық көзқарастарын жоққа шығарады. Кейнстің бұл теориясын «дағдарыстық» деп те атауға болады, себебі ол экономиканы дипрессия жағдайында қарастырады. Оның теориясы бойынша, мемлекет экономикаға белсенді түрде араласу керек, себебі нарық өз-өзін реттей отырып, экономиканы дағдарыстан алып шыға алатындай механизмдерге ие емес. Ол бірнеше механизмдерді ұсынған еді. Олардың бірі – икемді ақша-несие саясаты.
Реттеудің кенстік моделнің басты сипаттары ол:
Мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық табыстың жоғарғы үлесі;
Мемлекеттік және аралас кәсіпорындардың құрылуы негізінде мемлекеттік кәсіпкерліктің кең ауқымын құру;
Экономикалық конъюктураны тұрақтандыру үшін, циклдық тербелістерді тегістету үшін, өсімнің жоғарғы қарқыны мен жұмысбастылықтың жоғарғы деңгейін ұстап тұру үшін бюджеттік-қаржылық пен несие-қаржылық реттеуіштерді еңінен қолдану.
Неоклассикалық теория (Е. Бем-Баверк, Л. Вальрас, Б. Кларк, А. Маршал, А. Лигу, М. Фридмен). Неоконсервативті моделдің теоретикалық негізі экономикалық ойлардың неоклассикалық бағытының концепциялары болып табылады.
Экономикалық ойдың неоклассикалық бағыттарының концепциялары неоклассикалық модельдің теоретикалық негізін құрады. Экономиканы мемлекеттік реттеу моделінің жаңаруы мынаған байланысты болды: қайта өндіруге сұраныс арқылы әсер етуден бас тарту, оның орнына ұсынысқа жанама әсер етуді қолдану. Ұсыныс экономикасының жақтаушылары жинақтаудың классикалық механизмін және жеке кәсіпкерліктің тәуелсіздігін жандандыру керек деп ойлайды. Осы теорияға сәйкес мемлекет капиталдың жинақталу процесіне және өндірістің өнімділігін жоғарылатуға жағдай жасауы тиіс.
Осы жолдағы басты кедергілер –бұл жоғары деңгейдегі салықтар мен инфляция. Жоғары салықтар капитал салымының өсімін тежейді, ал инфляция кредитті қымбаттатады, нәтижесінде заемдық капиталды жинақтауға қолдануға кедергі болады. Осы себептен неоконсерваторлар монетористердің ұсынысымен антиинфляциялық шараларды қолдануды және кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін беруді ұсынды.
Салық мөлшерлемелерінің азаюы мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады және оның дефицитін көбейтеді. Нәтижесінде мемлекеттік шығыстар азайып, бюджет сұранысты ұстап тұруға көмектесе алмайды және кеңмасштабты әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыра алмайды. Бұған мемлекеттік меншікті приватизациялау саясатын да жатқызуға болады.
Сөйтіп, неоконсервативті моделде мемлекет экономикаға тек жанама түрде ғана ықпал ете алады. Экономикалық дамуды жүзеге асырудың басты ролі нарықтық күштерге беріледі.
Неоклассикалық концепцияның үстем формасы монетаризм болып табылады, оған сәйкес экономикалық тұрақсыздықтардың басты себебі ол – ақша ұсынысы болып табылады. Монетаристердің айтуы бойынша, нарықтық экономика ішкі жағынан тұрақты, сол себепті экономикалық саясаттың басты міндеті ақша ұсынысының жоғарғы қарқынын ұстап тұру. [kgl]
Дәріс 2
Экономиканың дамуына мемлекеттік араласудың қажеттілігі мен шектеулері
Мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
Әлеуметтік бағдарланған елдерде экономиканы басқаруға мемлекеттік араласудың тәжірибесі (Германия, скандинав елдері және т.б.)
1. Тәжірибе көрсеткендей, нарық таза үлгісінде бірде бір мемлекетте жоқ. Қоғамды тауарлы тапшылықтан айыра отырып, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыра отырып, нарықтық экономика әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмайды, әсіресе, ақшамен өлшенбейтін, яғни оларды нарықтық негізде шешу керек. Бұл біріншіден, ұлттық қауіпсіздік жүйесі, бірегей энергетикалық жүйе, халықтық білім алу мен денсаулық сақтау және т.б. Бұл тауарлар мен қызметтер мемлекетті толықтай қамдандыруы тиіс, салықтар және басқа да төлемдерден жиналған мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Жоғары төлемқабілетті сұранысқа бағытталған экономика нарық механизмі ретінде сыртқы әсерлерден толықтай тәуелсіз бола алмайды. Оның мағынасы мынады – нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың қызметінің жағымды жақтарынан басқа, жағымсыз жақтары да бар, олар қоғамның басқа мүшелерінің жағдайына де әсер етеді.
Сыртқы әсерлерге мысал ретінде қоршаған ортаны ластау және табиғи ресурстардың салқылуын жатқызуға болады, нәтижесінде өндірісте диспропорция пайда болады және т.б.
Сыртқы әсерлерді реттеуді мемлекет қолына алуы тиіс. Сыртқы әсерлердің жағымсыз әсерін мемлекет мемлекеттік бюджет табыстарын қайта бөлу арқылы немесе жағымды сыртқы әсерлерден, тиімсіз технологияны пайдаланғаны үшін әкімшілік тыйым салу, табиғи ресурстарды эксплотациялаудан тапқан пайданы қайта бөлу арқылы жабады.
Осылай мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуы арқылы жағымсыз сыртқы әсерлерден қорғануға немесе жоюға болады.
Нарықтық механизмді тежейтін тағы бір мәселелер жиынына назар аударған дұрыс. Бұл адамның әлеуметтік-экономикалық құқығы, біріншіден еңбек етуге деген құқығы. Тәжірибе көрсеткендей нарықтық экономика толық жұмысбастылықты қамтамасыз ете алмайды. Бұл толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін шектен тыс шараларды қолдану керек немесе бұл нарықтық экономиканың құлдырауы деген ой емес. Дегенмен, жұмыс күші нарығын тиімді реттеу, жұмыс орындарынан айрылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, жаңа жұмыс орындарын дайындау бағдарламалары тек мемлекеттің қолынан келетін іс.
Жаңа технологиялар мен жаңа сұранысқа жауап бере алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін құру қажеттілігі айқын көрінеді. Бұл орта білім беру, ЖОО-лар, еңбек нарығындағы қайта дайындау, жұмыстан айрылу қаупі бар жұмысшыларды қайта дайынлауға да байланысты.
Швецияның экономикалық саясатында басты мақсаттардың бірі - толық жұмысбастылық әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асады.
Басқа мәселелерді шешу кезінде де мемлекеттің көмегін пайдаланбау мүмкін емсе, себебі классикалық нарық барлық мәселелерді өзі шеше алмайды. Бұл тезарада пайда әкелмейтін үлкен тәуекелмен байланысты кең инвестициялық жобалар, аймақтардың тең емес жағдайда дамуы, инфляциямен және монополиямен күрес және т.б.
Қорытындылай келсек, нарықтық экономиканың кемшіліктерінің болуына байланысты мемлекеттің экономикаға араласуы қажет. Қазіргі таңда көп мемлекеттер әлеуметтік салада мемлекеттік реттеуді қажет ететін және өзін-өзі реттейтін нарықтық экономиканы таңдайды.
Экономикалық процестерді нарықтық механизмдер мен мемлекеттік реттеуді біріктірген басқарудың ааралас түрін өзіне кіріктіретін халық шаруашылық жүйесі аралас экономика деген атқа ие болды.
Жеке меншік, кәсіпкерлік бостандығы мен оны таңдау тәуелсіздігі, бәсеке, нарықтық бағалар жүйесі – бұлар кәсіпорынның тиімді қызмет етуіне жағдай жасайтын, өндірісті нарық шарттары негізінде ұйымдастыру принциптері болып табылады.
Аралас экономика құрылымының ажырамас бөлігі ретінде жеке меншіктің әртүрлі формаларымен қатар мемлекеттік меншік бола алады.
Бұрынғы кездерден бері мемлекеттік сектор өзіне транспорт жүйесінің объектілерін, энергиямен қамтамасыз етуші құрылыстарды кіріктіреді, олар бір жағынан, капиталсыйымды, екінші жағынан қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кейбір табиғи монополиялардағы ресурстарды тиімді пайдалану мемлекеттік меншікпен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бірақ мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың тиімділікті жақсартуға ынталары жоқ. Нарықтық экономикаға мемлекеттік сектор басқа мақсаттарды орындау үшін кіреді: қоғамда ресурстарды тиімді орналастыру үшін.
Осылай, мысалы, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде білім беру, денсаулық сақтау саласына мемлекет субсидиялар береді. Білімнің жоғары деңгейі мен халықтың денінің саулығы жеке бір адамға немесе жеке бизнеске емес, қоғамға жағымды әсерін тигізеді. Бұл макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда, төмен бағаларды ұстап тұрып, бұл қызметтермен көп халықты қамтамасыз етіп, жалпы экономиканың тиімділігін арттыруға болады. Нәтижесінде білім бері жүйесін және денсаулық сақтау саласын мемлекеттің басқаруына және қаржыландыруына берген дұрыс деген ойға келеміз.
Мемлекеттік сектордың қажеттігі теория және тәжірибе жүзінде де шешілген. Бірақ оның экономикадағы рөлі мен масштабтылығы әр мемлекетте әртүрлі. Мысалы АҚШ және Жапония мемлекеттерінде негізгі салалар мен өндірісте мемлекеттік сектор аз орынды алады. Олар жеке меншік пен кәсіпкерлікті реттеуді тиімді мемлекеттік құқықтық реттеу арқылы жүзеге асырады. Осы жүйе бұл мемлекеттерде жалпыхалықтық қызығушылықтар басымдығын қамтамасыз етеді. Швецияда басқа жүйе: онда мемлекеттік сектор мемлекеттің жиынтық ресурстарының үштен бірін алады, мемлекеттік шығыстар ЖҰӨ-нің 62 пайызын құрайды.
Қарастырылып отырған жоспарымыдағы экономиканың құрылымы өзгермейтіндей болып табылмайды. Негізінен, көптеген елдерде, нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде де мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процессі жүргізілуде, ең белсендісі – Англия мен Франция. Меншік құрылымының серпінді түрде өзгертуінің басты себептерінің бірі – жекешеленіп отырған объектілерінің, демек барлық ел экономикасының тиімділігін жоғарлатудың қажеттілігінде.
Жеке сектордағы жинақтардың ауқымының көбейуі, капитал нарығының дамуы, жеке меншіктің ассоциациалы түрлерінің дамуы (корпорациялар), меншікті демократизациялау мен меншік иелерінің орта таптарын күшейту – жекешелендірілгенбарлық мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық жүйеге кіргізуге толық мүмкіншілік береді.
Меншік пен таңдау еркіндігі өз беттерінше – қажет, алайда кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеулерін қамтамасыз етулеріне жеткіліксіз. Оның бір мысалы – монополиялар болып табылады (мемлекеттік немес жеке болса да), олар жоғарғы табыс пен кірістерді ресурстарды тиімді қолданылғаннын арқасында емес, керісінше тұтынушыларға кері әсерін тигізетіндей өнімге, тауарлар мен қызметтерге деген бағаларды көтерудің арқасында қамтамасыз етеді.
Сондықтан да, мемлекеттік реттеу өзіне міндетті түрде антимонополиялық заңнаманы және экономикада бәсекелестіктің жоғарғы деңгейін ұстап тұруды қолдауы керек.
Аралас экономикада мемлекеттік реттеудің ролі аса маңызды болып табылады. Және де ол негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі:
Біріншіден, кәсіпорынға ықпал ету жолымен: құқықтық базаны қамтамасыз ету (бизнес қатысушылары арасында ойынның заңды ережелерін тағайындау), бәсекелестіті қолдау, бірқатар жағдайларда ішкі нарықты қорғап қалу, бизнестің жаңа формаларын ынталандыру (шағын кәсіпорындар, түрлі бағдарламалар және т.б.), инвестицияларды ынталандыру, келешекте экономиканың құрылымын өзгертелатын өндірістің жекелеген түрлерін қолдау.
Екіншіден, мемлекеттік реттеу халықтың жекелеген таптары арсында ресурстарды бірқалыпты етіп қайта бөлуге бағытталған, сондай-ақ құралдарды уақыт ралығында қайта бөлу (білім беру, денсаулық сақтау, жұмыссыздық, балалық, қарттық кезінде халыққа әлеуметтік көмек көрсету және т.б.).
Және де, мемлекеттің ең маңызды қызметттерінің бірі ол – экономиканы тұрақтандыру, жұмысбастылық пен инфляция деңгейлерін бақылау.
Кәсіпкерлік іскерлікті мемлекеттік реттеу негізінен жанама әдістер арқылы жүргізіліп отырады, олардың ең бастысы салық салу жүйесі. Алайда, мемлекеттік экономикаға тікелей әсер ету әдістері де бар, мысалы мемлекеттік инвестициялар, дотациялар, мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды құру мен іске қосу.
Осы жерде заңды сұрақ туындайды: мемлекеттік араласудың деңгейі қандай болу керек және шаруашылықтың аралас жүйесінде мемлекет пен наық қандай рольге ие болады.
Осы сұраққа жауапты аралас экономиканың екі секторлы құрылымының концепциясынан білуге болады. Бізге белгілі болғандай, экономика қоғамның барлық мүшелерінің бүкіл қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Сұраныс қажеттіліктің бір бөлігі болатындай, нарық та экономиканың бір бөлігі болып табылады. Нарық қажеттіліктің төлемгеқабілеттілігін қатамасыз етеді (сұраныстық), мәселен ол шығындық болуы мүмкін емес, себебі анықтамада айтылғандай ол тек табыс әкелуші болып есептеледі.
Нақты бір елдің нақты экономикасы өзінің бірқатар мәселелеріне ие болып табылады, алайда аралас экономикның мәні сақтала береді, ол:
1. нарықтық сектор қаншалықты үлкейсе, мемлекеттік сектор соншалықты кішірейеді;
2. нарықтық сектордың қаржылық әлеуеті қаншалықты тиімді болса, мемлекеттік сектор да экономикалық тұрғыда соншалықты қамтамасыз етіледі;
3. жекешелендіру процессі бүкіл мемлекеттік сектор нарықтық сектордың қолына көшкенге дейін жүргізіле береді.
Тұтастай алғанда, экономиканың тиімділігі кәсіпорындардыі ңскерліктерінің тиімділігімен анықталады, себебі олар шаруашылықтың аралас жүйелерінде нарықтық механизмдердің және мемлекеттік реттеудің ықпалында болған болатын.
2. Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл - үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақсаттарына жету үшін экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі.
Қазіргі жағдайда мынадай құралдар елге ортақ болып табылады:
- бағаны реттеу;
- үкіметтік сатып алу;
- трансферттік төлемдер;
- мемлекеттік несиелер;
- дотациялар, субсидиялар, субвенциялар;
- федералды қаржылар (бюджетгік және бюджеттік емес қорлар, кірістер, шығындар);
- федерация субъектілерінің қаржылары;
- мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі;
- мемлекеттік берешек (ішкі және сыртқы);
- жергілікті қаржылар;
- фискалдық саясат;
- мемлекеттік кәсіпкерлік;
- шаруашылық заңдылығы;
- меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру.
Реттеу құралдарының тізбесі ЭМР-ді құқықтық, әкімшілік, экономикалық төте және жанама әдістерге бөлуге мүмкіндіктер береді.
Құқықтық реттеу меншік нысаны мен құқығын, фирма қызметі мен келісім жасау шарттарын, кәсіподақ пен жұмыс берушілердің, т.б. еңбек қатынасы саласындағы өзара міндеттерді анықтайтын заң нормалары және ережелерінің жүйесінен тұрады.
ЭМР әкімшілік әдістері бұл-| мемлекетгік реттеудің кажет нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін экімшілік тетіктер. Әкімшілік реттеу (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік қорғауға т.б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Баға- қоғамның экономикалық, әлеуметтік-саяси өмірінің шекті нүктелерінің бірі. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер, кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір адам бағамен байланысты, оның айналысындағы адамдар, топтар, партиялар, парламент, үкімет, мемлекеттер арасында күрес жүреді.
Баға арқылы ЭМР ауқымды мақсаттарға, саясаттын конъюнктуралық және құрылымдық өзгеруіне, инфляциямен күресте, әлемдік нарықта ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі мен әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға кол жеткізілді.
Мемлекеттік темір жол, пошта, телеграф кызметіне тарифтер, тауарлар акциздеріне мемлекеттік монополиялар, егін шықпай қалған жылдары азық-түлік тауарларын мемлекеттік қорлардан тұрақты бағамен сату, кеден саясаты, ішкі бағаға әсер етуші жанама салықтар- бұл соңғы 100-150 жылдағы бағаны мемлекеттік реттеу шараларының толық емес тізімі.
Бағаны реттеудің мемлекеттік шаралары заң, әкімшілдік және сот сипатында болады. Парламентпен қабылданған заңдар, шаруашылық субъектісі мен мемлекет арасындағы баға белгілеу саласында құқықтың негізін құрады және баға құқығы болып табылады. Бұл құқық негізінде мемлекет бағаны әкімшілік реттеуді жүзеге асырады, ал заңды бұзғаны үшін айыптылар сот жауаптылығына тартылады.
Экономикалық әдістер, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, капиталды шоғырландыру дәрежесі, экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын пайдалануға әсер ету арқылы, нарықтың қатынастар сипатына ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатта:
- бюджеттік және фискалдық саясат;
- ақша-несие саясаты;
- бағдарламалау;
- болжам мен жоспарлауды пайдаланады.
ЭМР-дің экономикалык әдістері болып мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
Саналады. Олардың негізгі түрлері:
- тура мемлекеттік реттеу әдісі;
- жанама мемлекеттік реттеу әдісі.
Үкіметтік сатып алу нарықтарында ресурстар мен тауарлардың шаруашылық өміріне мемлекеттік араласу арқылы жиынтық сұраныстың ұлғаюы есебінен өсуіне ықпал етеді. Бұл әдіс өз каржы ресурстарын сұраныс элементтеріне құю жолымен жүзеге асырылады, бұл -экономикалық конъюнктураның өсуіне әкеледі немесе керісінше, сұраныста өз қатысуын қысқарта отырып, қоғамдық бақылаудан шыққан кезде, ол өзінің өсуін ұстап тұрады.
Трансферттік, дотациялық және басқа шығындар тауарлар мен қызметке сұраныстың немесе ұсыныстың ұлғаюы және мұқтаждарды қолдау мақсатында мемлекеттік ресурстар бөлігін қайта бөлу болып табылады. Мемлекеттік несиелер, таза жиынтық ақша капиталының меншік иесі ретінде (мемлекеттің) нарық қатысушыларына белгілі көлемде пайыз береді. Экономикаға мемлекеттің тұтастай араласуы қандай да болмасын мәселені шешуде шектеу туғызады, сөйтіп, экономиканы мемлекеттік ретгеуде екіұштылық пайда болады. Мұндай екіұштылық мәнін былай тұжырымдауға болады: шектелген мемлекеттік және мемлекеттік емес ресурстар шегінде бір мәселені шешу, балама экономикалық нәтижелердің жойылуына әкеледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу билік органдарының және басқарудың қоғамға пайдалы нәтижелерге жетуге бағыттап арнайы мақсаттардың жариялылығының әрекетін негіздейді.
Реттеу шараларын іске асыру арқылы, мемлекеттік иеліліктің құқықтық негізін құрап, өндірістің базалық параметрлері мен ақша айналымын бақылап, әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастырып, әлеуметтің табысының дифференциациясын шектеп тұрақтандырады. Мемлекет шаруашылық субъектілерінің қызметін реттеп, өзі нарықтың ірі субъектісі ретінде болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – заңнамалық, атқарушы-реттеушілік, ақпараттық және бақылаушы әсер ету шараларына сүйенеді. Ережеге сәйкес, олар заңды және қарапайым тұлғаларға нормативті актілер түрінде беріледі.
Нормативті актілер екі бағытта жұмыс істейтін механизмдерді қалыптастырады: 1. құқықтық мәжбүрлеу; 2. экономикалық ынталандыру.
Мүліктік қатынастар азаматтық, әкімшілік және тағы басқа заңдармен реттеледі. Азаматтық кодекс – кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейді.Бұл заңдармен мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық қызметі реттеледі. Әкімшілік немесе негізгі билік қарамағындығы мүліктік қатынастарда бұл кодекс қолданылмайды. Әкімшілік қатынастар үкімет актілерімен реттеледі. Мемлекеттік органдар, мемлекет экономикасының өсуін қамтамасыз ете алатын және экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерінің жиынтығын құрайтын әртүрлі құралдарды пайдаланады. Олардың құрылымы тек қана таңдалған стратегияның өзгеруіне, даму үлгілері мен қоғам әл-ауқатының өзгеруіне байланысты өзгереді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері:
Әкімшілік әдістер – экономиканы мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктің беделі мен күшіне сүйенеді. Бұл қасиеттер мәжбүрлеу, шек қою туралы нормативті актілерде қолданылады. Олар кәсіпорынның заңдық және шаруашылық беделін анықтап бекіту мақсатында, меншік түрлерін трансформациялауда, қаржылық сауықтыру мақсаттарында және нарықтың әртүрлі субъектілерін бақылау үшін қолданылады.
Экономикалық әдістер – қаржылық және ақша-несие механизмдерін құрап, макроэкономикалық тұрақтылыққа, тауар, ақша және валюта нарықтарындағы сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, мемлекеттік стратегия саласындағы шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылау үшін қолданылады. Олар: тікелей әдістер – экономикалық бағдарламаларды іске асыруда мемлекет ресурстарын пайдалану; жанама әдістер – экономикалық реттеуіштер арқылы шаруашылық субъектілеріне таңдау бостандығын беру. Негізгі экономикалық реттеуіштер болып салық ставкалары, бағалар , тарифтік жүйе, пайыздық ставкалар, амортизация нормалары және ұлттық валюта курстары саналады.
