Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
titul_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
816.73 Кб
Скачать

2.2 Компанияның кәсіпорын түрлеріне талдау

«Қазақтелеком» АҚ Компаниялар тобының стратегиясы тұрақты бизнесте көшбасшы ұстанымдарды сақтауға, шоғырланған операторды кезеңмен құруда ұтқыр бизнесті дамытуға, телекоммуникациялық салалармен шектес нүктелік дамыту үшін негізгі бизнеспен синергияларды пайдалануға бағытталған. Бұл ретте ұқсас компаниялар үшін орташадан жоғары деңгейде бизнестің операциялық тиімділігін сақтауға және күрделі салымдарды арттыруға мақсат қойылады.

2013 жылдың соңында 80% жуық үлесін ала отырып, «Қазақтелеком» АҚ бекітілген байланыстың қазақстандық нарығында көшбасшы ұстанымдарды сақтайды. Алайда, ұялы және бекітілген байланыстың өсу қарқынының айырмашылығы есебінен бекітілген байланыс үлесі 1-суретте көрсетілгендей, 2007 ж. телекоммуникациялық нарықтың жартысынан 2012 жж. үштен біріне дейін қысқарды.

  1. Сурет. Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы түсім

Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында көшбасшы ұстанымды сақтау және инфокоммуникациялық нарықта болуын өсіру үшін «Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс нарығында (толық бақылаудағы «Алтел» АҚ операторы арқылы ) және АТ бағытында қатысуын дамытады.

2 Сурет. 2012-22 жж. Болашақта Қазақстаннның телекоммуникациялық нарығында «өсу нүктелерін» анықтау

«Қазақтелеком» АҚ қазақстан нарығында басқа ойыншылармен салыстырмалы түрде бірқатар даусыз артықшылықтарға ие, атап айтқанда:

Қазақстан халқын байланыс қызметтерімен ауқымды қамту – 70% астам үй шаруашылығы «Қазақтелеком» АҚ бекітілген телефониясына қосылған;

Байланыстың елімізде жоқ сымды инфрақұрылымының аналогы – 80% астам Қазақстанның үй шаруашылығын техникалық қамту, оның ішінде:

- 25% үй шаруашылығы GPON жоғары жылдамдықты деректерді өткізу инфрақұрылымына қатынаумен қамтамасыз етілген;

- 60% үй шаруашылығы – 20 Мб/с жылдамдыққа дейін қамтамасыз ететін ADSL 2+ инфрақұрылымына қатынау;

- 15% үй шаруашылығы тек телефонияның базалық қызметіне қатынай алады;

4-ші буындағы ұялы байланысқа (LTE) еліміздегі жалқы лицензияны;

абоненттерге қызмет көрсету мен бөлшек сауда нүктелерінің дамыған желісі – Қазақстан бойынша 300-ден астам;

тұтынушылар сенетін танымал бренд.

Алайда, Топ алдында салмақты стратегиялық қарсылықтар тұр, олар акционерлік құнын құру мен көбейту қабілетіне ықпал етеді және ұзақ мерзімді стратегияны құру барысында ескерілуі қажет:

Компания бизнесінің өсуі мен ауқымының қарқынын төмендету

- ұялы байланыстың пайдасына қарай бекітілген желілердің жылыстауынан және абоненттердің бекітілген телефония қызметтерінен бас тартуынан бекітілген телефония түсімінің төмендеуі;

- бекітілген КЖҚ нарығында бәсекелестіктің артуы;

- Жоғары өсімді бағыттарда осал ұстанымдар – ұялы сегмент, ақылы ТД, ИКТ;

тұтынушылардың тегін контентті пайдаланудың жоғары деңгейі;

реттегіш шектеулер:

- ұялы бизнесті дамытуда реттегіш қолдаудың болмауы;

- бекітілген бизнесте реттегіш шектеулер (мысалы, В2С үшін бекітілген байланыстың тарифтерін реттеу, аймақтық саралау мүмкіндігінің болмауы);

ұсынылатын қызметтердің меншіктік бағасының төмендеуінен бизнес маржиналдығының қысқаруы;

инфрақұрылымға инвестициялармен, сонымен қатар өтімділігі төмен іске асыру күшіне байланысты едәуір жүктеме.

Қойылған мақсаттарға жету және мүмкінді қарсылықтарға табысты қарсы әрекеттер үшін Топтың көзқарасын қалыптастыратын стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру болжанады:

Барлық отбасы үшін қызметтер супермаркеті: коммуникация, ақпарат, ойын-сауық үшін №1 таңдау;

Қазақстандық бизнестің ақпараттық негізі;

Шоғырланған операторды құру;

Бизнес-үлгіні жаңғырту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]