Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
titul_ekonomika.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
816.73 Кб
Скачать

2.1 «Қазақтелеком» компаниясының сипаттамасы

1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ (акционерлік қоғам) болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. 2001 – 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29,5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186,8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130,6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент–Ақтөбе–Атырау–Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstanon-lіne” сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан Интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.

«Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес республиканың барлық аумағында байланыс қызметтерінің кең көлемін көрсететін, құрылып отырған ұлттық ауқымдағы акционерлік қоғамның жарғы қорына мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен ұйымдардың мүлкін беру жолымен құрылды. 1996 жылғы наурызда көлемі 12,1 млрд. теңгені құраған жарғы қоры шамасына акциялардың бастапқы эмиссиясы тіркелді.

Бастапқы мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының әділет органдары 1994 жылғы 1 желтоқсанда жүргізген.«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, Компания) – кең көлемде инфокоммуникация қызметтерін көрсететін Қазақстанның ірі байланыс операторы.

Компания Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті 2011 жылєы 6 мамырда берген № 11000766 Бас лицензия негізінде іс-ќимыл жасайды.

«Қазақтелеком» АҚ – заңды тұлға, өзінің құрамында 23 филиалы, сондай-ақ Ресей Федерациясында және Қытай Халық Республикасында өкілдіктері бар.

Компанияның орталық офисі Қазақстанның астанасы – Астана қаласында орналасқан. Компанияда 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. «Қазақтелеком» АҚ еліміздің әрбір облысында өңірлік бөлімшелері бар және оның барлық аумағы бойынша байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

2013 жылдың аяғына қарай «Қазақтелеком» АҚ 4 млн аса абонентті тіркелген телефон байланысымен, сондай-ақ елдің барлық қалалары мен елді мекендерінде бір жарым миллионнан астап абонентті интернет желісіне кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз етті.

Компанияның телекоммуникация желісіне Қазақстан Республикасының 120 астам байланыс операторының желісі қосылған. Сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ алыс және таяу шетелдегі 40 астам операторлармен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]