Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ұйым перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.58 Кб
Скачать
  1. Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі. Корпоративтік әлеуметтік жауапкешілік

Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі-ұйымның қызметкерлер, клиенттер, қоғам және қоршаған орта жөнінде не табиғи міндеттер ретінде, не ауыр міндеттілік ретінде қабылдайтын міндеттері.

Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігінің ішкі және сыртқы түрі бар. Ұйымның ішкі жауапкершілігі бойынша ұжымдық келісім шарт жаслады, мұнда жауапкершіліктің қандайда бір шегі, мысалы компанияның жылдық табысының қандай минималды бөлігі жалақыны төлеуге, техника қауіпсіздігі үшін, еңбек жағдайын жасауға, қызметкерлердің квалификациясын арттыруға жұмсалатындығы анықталады. Сыртқы жауапкершілік—ұйым өзі орналасқан аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуі. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі-бұл ұйымның қоғамға әсері. Шешім қабылдаушылардың, сол шешім әсеретушілердің алдындағы жауапкершілігі. Әлеуметтік жауапкершіліктің бұл анықтамасы тіптен тамаша. Және толығымен шындыққа айнала алмайды, себебі бірғана шешімнің салдарын есептеу мүмкін емес. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік бұл ереже емес, ол этикалық принцип, және шешім қабылдау ісіне міндетті түрде әсеретуі керек

Ағылшын-американдық модель:

Бұл модель XIX ғасырдың басынан бастауалған болатын. Бұл жағдайда жауапкершілік-жұмыста бумен және оларға жалақы төлеу арқылы еңбек жағдайын жасау болды. Сондай-ақ салық төлеуді уақытылы жүзеге асырып тұру міндеті кірді. Көптеген қоғамдық қатынастар әлі күнге дейін өзін-өзі реттеумен қалып отыр. Соның ішінде еңбек қатынас сферасында жұмысшымен жұмыс беруші арасындағы екі жақты келісім кезінде медициналық сақтандыру ерікті түрде болып қалған. Екінші жағынан АҚШ-та мысалға бизнесті әлеуметтік қолдауына қатысу миханизмін қалыптастырған, яғни корпорациялық қор арқылы әртүрлі әлеуметтік проблемеларды ұйым есебінен шешеді. Сондай-ақ қызметтегі әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық жасайтын корпорацияларға заңды негізде көрсетілген белгілі бір салықтық жеңілдіктермен льготалар қолдануға заң жүзінде мүмкіншіліктер туады.

Европалық модель: Бұл модельде егер белгілі бір ұйым салықты көп төлесе, сол құрлым мемлекет сол қаржыға әлеуметтік бағдарламалар ұйымдастырады. Ұйым өз жұмысын табысты жүргізу керек және дұрыс жоғары көлемде салықтар төлеуі тиіс, ал мемлекет бұл қомақты қаржыны тиімді бөліп, әлеуметтік қажеттіліктерге тиісінше жұмсайды және де «мемлекеттік» мамандар ойынша, мемлекеттің басты жұмысы-оптималды салықпен қамтамасыз ету жағдайын сәйкесінше заң жүзінде жасап, содан түскен қаражатты экономиканы дамытуға қажетті маңызды секторларды қаржыландыруға бөлу, ал олар «локоматив» сияқты, өндірістің басқа салаларын өсіруге себепші болумен қатар, жаңа жұмыс орындарын тауып, жалақыны мүмкіндігінше жоғарлатып, жалпы аймақтағы тұрғындармен жалпы халықтың жағдайын жасап, мемлекеттің әлеуметтік базасын нығайтады.

Жалпы Европалық модельде ұйым-мемлекетті дұрыс шешімдер қабылдап, оны жүзеге асырып орындалуына себепші болатын институт деп санаса, АҚШ жалпы бизнеске мемлекеттің араласуы бизнестің еркінділігімен бостандығына тосқауыл болып, оның өркендеуіне кедергі болады деп есептейді.

Аралас модель. Бұл модель соңғы жылдары ірі бизнестің дамуына байланысты Европада кеңінен таралған жаңа үлгі десек болады. Басқалай айтқанда бұл модельді корпорациялық әлеуметтік жауапкершілік деген атпен танымал бола бастады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік толыққанды өмір сүруге қажетті бағдарламалармен іс-шараларды қамтиды. Бұл қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру, демалысын ұйымдастыру, медициналық көмек және ең бастысы–еңбекету жағдайларын жақсарту.

Ұйымның әлеуметтік саясаты еңбек ұжымын және әрбір жұмысшыға деген қамқорлықты тұрақтандыруға негізделген. Ұжымдық шарттың қызметкерлерін әлеуметтік қолдау ережелеріне сәйкес кең әлеуметтік пакеттің құрамына кіретін бір қатар жеңілдіктермен өтемақы түрлерін ұсынады.

Мысалы, корпорация бюджетінде біркешенді түскі ас құнын негізг еала отырып, және ыстық тамақ шығындары ыстық тамақ алуға құқылы зиянды өндіріс қызметкерлерінің тізімі қарастырылады.

Қызметкерлерге материалдық көмек төмендегі жағдайларда төленеді:

-жыл сайынғы ақы төленетін демалыс кезіндегі сауықтыруға;

-1,5 жасқа дейінгі бала күтімімен ақысыз демалыста отырған әйелдерге ай сайынғы жәрдем ақы;

-зейнеткерлікке шыққан кезде бір жолғы жәрдем ақы;

-корпорация қызметкері 50 жасқа, 60жасқа толған кезде–мерейгерлерге бір жолғы жәрдем ақы;

-қызметкер немесе оның жанұя мүшесі облыстан тысқары жерде қаза болған жағдайда салттық, жерлеу қызметтеріне материалдық көмек, серіктестік қызметкерінің жанұя мүшесін жерлеу үшін екі жаққада жол ақы шығындарын өтеу.

Қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету медициналық сақтандыру бағдарламасынан (науқастану жағдайынан сақтандыру), зауыт аумағында сауықтыру орнын ұстаудан, зауыт цехтарында алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасына дәрі-дәрмек алудан, егер жағдай сақтандыруға кірмейтін болса, емделуге және ота жасатуға материалдық көмек көрсетуден тұрады.

Қызметкерлерге некелесуге, сондай-ақ жақын туыстары қаза болған жағдайда айлық жалақысы сақталатын ұзақтығы 3 жұмыс күніне созылатын қысқа мерзімді демалыс беріледі.

Әлеуметтік бағдарламамен жоғары оқу орнындарында, аспирантурада, докторантурада оқып жатқан жұмыс шыларға өндірістен қолүзбей жылына ұзақтылығы 40 күн тізбелік күнге дейін емтихан тапсыру, дипломдық жобаны (жұмысты), диссертацияны дайындау және қорғау кезеңіне ақы төленетін қосымша демалысын ұсыну қарастырылған.

Балалар мектеп алды мекемесінде балаларды ұстау құнымен ата-аналық жарна арасындағы айырмашылығын ішінара өтеу арқылы, зауыт өз жұмысшылар балаларының мектеп алды тәрбиеленуіне ақысын төлеу жөніндегі қамқорлықты алды.

Қызметкерлердің мектеп жасындағы балаларыда ескерусіз қалмайды. Корпорация жыл сайынғы жазғы демалыс кезінде Қазақстан Республикасымен ТМД шегінде сауықтыру лагерлерінің бір жолдамасымен жол ақысы құнын толықтай өтейді.

Бұдан басқа компания өз қаражаттары есебінен жұмысшыларының тұрғын үй жағдайларын жақсартады.

Қызметкерлерді жұмыс орындарымен үйлеріне көлікпен жеткізу қарастырылған.