- •1.Ұйым түсінігі. Ұйым ашық жүйеретінде. Ұйым түрлері.
- •Ресми және бейресми ұйымдар.
- •Ұйымның сыртқы ортасы және оның сипаттамалары: күрделілігі, анықсыздығымен жылжымалылығы.
- •Ұйымның қызметіне сыртқы ортаның әсері. Тікелей ықпал ортасы (микросреда): заңдармен мемлекеттік мүдделер, жеткізушілер, тұтынушылармен бәсекелестер.
- •Жанама әсердің ортасы: экономика жағдайы, ғтп, әлеуметті-мәдени факторлар, саяси факторлар, құқықтық талаптар, жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас, халықаралық фактор.
- •Ұйымның ішкі ортасы: мақсаты, құрылымы, технологиясы, адамдар
- •Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі. Корпоративтік әлеуметтік жауапкешілік
- •Ұйымның этикасымен әлеуметтік жауапкерщілігін басқару. Этикалық мінез-құлық, этикалық әкімшілік, этикалық нормалар кодексі, этикалық құрылым.
- •Басқарушылық этикасының мәселелері. Этикасыз мінзе-құлықтың алдын алу
Жанама әсердің ортасы: экономика жағдайы, ғтп, әлеуметті-мәдени факторлар, саяси факторлар, құқықтық талаптар, жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас, халықаралық фактор.
Жанама әсер етуші факторлар–ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып не реттеп отыра алмайды. Бұл факторларды менеджер ескеріп отыруы керек. Жанама әсерету факторлары құрылымы күрделірек және жанжақты сипатқа ие. Олар тура әсер ету факторларына қарағанда ұйым әсерін азырақ сезінеді. Жанама әсерету ортасы туралы ақпарат жиі толық емес болып келеді. Бұл ортаның ұйымның бәсекелестік қабілетіне әсерінің күшеюі кезінде аналитикалық көрсеткіштерге емес, субъективтік бағалауға жүгінуге тура келеді.
Жанама әсерету ортасының факторы ретіндегі технологиялар өндіріс күшінің жалпы деңгейін сипаттайды. Бұл аталған ортаның ең қарқынды факторы. Өндірістің ғылыми сыйымды салалары–компъютерлік технологиялар, телекоммуникация жүйелері, синтетикалық материалдар өндірісі басқаұйымдарға, олардың қызметіне қатты әсер етуде. Еңбек сыйымды және қор сыйымды өндіріс сатыларының орнына ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік туғызатын ғылыми сыйымды технологиялар келді.
Инфляция, жұмыссыздық, салық қойылымдарымен банк кредиттерінің қарқыны, бизнесті мемлекеттік қолдаунысанымен масштабы ұйымның жабдықтаушылар және тұтынушылармен өзара қарымқатынасына, бәсекелестер мінез-құлқына тура әсер етеді. Инфляция деңгейін алдын ала болжау материалдық қор жинауға және несиелер алуға түрткі болады. Материалдық және қаржылық ресурстарға сұраныстың артуы оларды алуда қиындықтар тудырады.
Жанама әсерету ортасының факторы ретіндегі экономика жағдайы бірнеше сипаттамаға ие.
Бұл ең алдымен, экономикалық жүйенің ең қарапайым сипаттамалары: халық саны, ресурстардың болуымен қолданылуы, мемлекет құрылысының түрі, ақша жүйесі, валюталық жағдай, экономиканың салалық құрылымы, ішкі нарық параметрлері, экспортпен импорттың көлемі, құрылымы және географиясы және т.б.
Екіншіден, кәсіпкерліктің дамуының жалпы жағдайын талдау: экономикалық тұрақтылық сипаттамасы, нарықтық және техникалық инфра структураның болуы, заңнамалық база, инвестициялық климат, жаңа нарықтық субъектілердің құрылу шарттары, экономиканы мемлекеттік реттеу нысандарымен масштабы.
Үшіншіден, экономиканың нақты жағдайы, даму деңгейі, экономикалық коньюктураны, инфляция деңгейімен қарқыны, экономикалық фазациклдарын қоса.
Әлеуметті мәдени фактор ұйымның қызметіне әсерететін құндылықтарымен бекітулері, приоритеттерімен ұлттық дәстүрлерінде көрініс табады. Әр елде бизнесті жүргізу этикасы, қызмет көрсетудің қажетті сапа стандарттары, қоршаған ортаға әсер етудің рұқсат етілген деңгейі бар.
Саяси фактор елдегі жалпы саяси жағдайды, оның тұрақтылығы деңгейімен болжамдылығын анықтайды. Саяси тәуекелдердің жоғары деңгейі өндірісті ғылыми-техникалық жаңартуды бәсеңдетуге, құрылымның ескіруіне, бәсекелестік күресте ұлттық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады.
Жергілікті билік саясаты аймақтағы жұмыс бастылыққа, кәсіпорындарды орналастыруға, олардың қоршаған ортаға әсер етуі, өндірісті-техникалық және әлеуметтік ортаға айтарлықтай әсер етеді.
Жанама әсерету факторлары әр елде әртүрлі, сондықтан халықаралық бизнестке қатысатын ұйымдарға осыны ескеру маңызды[2].
