- •1.Ұйым түсінігі. Ұйым ашық жүйеретінде. Ұйым түрлері.
- •Ресми және бейресми ұйымдар.
- •Ұйымның сыртқы ортасы және оның сипаттамалары: күрделілігі, анықсыздығымен жылжымалылығы.
- •Ұйымның қызметіне сыртқы ортаның әсері. Тікелей ықпал ортасы (микросреда): заңдармен мемлекеттік мүдделер, жеткізушілер, тұтынушылармен бәсекелестер.
- •Жанама әсердің ортасы: экономика жағдайы, ғтп, әлеуметті-мәдени факторлар, саяси факторлар, құқықтық талаптар, жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас, халықаралық фактор.
- •Ұйымның ішкі ортасы: мақсаты, құрылымы, технологиясы, адамдар
- •Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі. Корпоративтік әлеуметтік жауапкешілік
- •Ұйымның этикасымен әлеуметтік жауапкерщілігін басқару. Этикалық мінез-құлық, этикалық әкімшілік, этикалық нормалар кодексі, этикалық құрылым.
- •Басқарушылық этикасының мәселелері. Этикасыз мінзе-құлықтың алдын алу
Ұйымның сыртқы ортасы және оның сипаттамалары: күрделілігі, анықсыздығымен жылжымалылығы.
Ұйымның сәтті қызмет жасауы ұйымға қатысты және жаһандық сыртқы ортада әрекет ететін сыртқы күштерге тәуелді. Басқарушылық функцияларын табысты орындау үшін сыртқы өзгермелілерді ескеру қажет.
Сыртқы орта–белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлардың, ұлттық және халықаралық институциялық құрылымдарымен кәсіпорын айналасында қызмет ететін және оның қызметіне әсер ететін шарттармен факторлар жиынтығы.
Басқарудың бірінші мектептерінің зерттеушілері ұйымның сыртындағы факторларға көп көңіл бөле бермеген. Осылайша ғылыми басқару мектебі негізінен басқарудың міндеттерімен технологияларына маманданса, әкімшілік басқару мектебі ұйымның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін құрылымды жасап шығаруға, адам арақатынасы мектебі-ұйымдағы адамдарға маманданды. Белгілі бір мағынада әр мекетеп ішкі мәселелерге баса көңіл аударуы дұрыс, өйткені ұйымның нәтижелілігімен өмір сүруі үшін қатысты түрде маңыздырақ еді. Бірақ заманауи ұйымдарға сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделуге және сәйкес деңгейде өз ішінде өзгерістер жүргізулеріне тура келеді.
Сыртқы ортаның маңызы.
Басқарушылық ілімде сыртқы ортаның маңызымен ұйымға қатысты сыртқы күштерді есепке алу жайлы ойлар 50-жж. Аяғында пайда бола бастады. Бұл басқару ғылымына жағдайлық көзқарастың салған ең елеулі үлесі, себебі басшыға ұйымды өзара байланысқан, өз кезегінде сыртқы ортамен байланысқан бөліктерден тұратын бір тұтастық деп қарастыру қажет екенін баса көрсетеді. Ұйым ресурстар, энергия, кадрлармен тұтынушылар жеткізу жағынан ашық жүйеретінде сыртқы әлемге тәуелді.
Сыртқы ортаға ұйымға, оның қызмет етуіне, оның нәтижелеріне, қызметінің салдарына әсерететін, бірақ ішкі өзгерістерге жатпайтын шаруашылық жүйенің элементтері кіреді.
Сыртқы ортаның негізгі сипаттамасы оның күрделілігі, қарқындылығымен белгісіздігі болып табылады.
Сыртқы ортаның күрделілігі бірнеше жағдайларда көрініс табады. Нақты жағдайда ұйымның қызмет етуіне шарттармен факторлардың үлкен саны әсеретеді. Олардың табиғаты әртүрлі. Техникалық факторларға технологиялар, материалдар жатады. Әлеуметтік шарттармен факторлар деп әлеуметтік нормалар, құндылықтар, қалаулар және т.б.саналады. Ұйымдастырушылық факторлар—бұл қолданылып жүрген ұйымдастырушылық құрылымдар, шаруашылық байланыстар типтері. Сонымен қатар, экономикалық, құқықтық, саяси, мәдени-тарихи шарттармен факторларды атап өтуге болады.
Ұйымның қызмет етуіне халықаралық орта әсеретеді, әсіресе егер ұйым халықаралық операцияларды жүзеге асыратын болса. Мысалы, экспортер немесе импортерелдің кедендік, салықтық заңнамасын, сапа талаптарымен сертификаттау ережелерін және т.б.есепке алу керек.
Дәріс 8
Ұйымның қызметіне сыртқы ортаның әсері. Тікелей ықпал ортасы (микросреда): заңдармен мемлекеттік мүдделер, жеткізушілер, тұтынушылармен бәсекелестер.
Сыртқы орта–ұйым жұмысына сырттан әсеретуші орта болып табылады. Кезкелген ұйым ашық жүйе болғандықтан, ол сыртқы ортамен байланыста болады.
Тура әсерететін факторлар–ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды атаймыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.
Тура әсер етуші ортаны анализдеу жеке факторларды қарастыру және олардың өзара әрекетін қарастыруды қамтиды.
Ресурспен жабдықтаушылар ұйымның әртүрлі ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ресурстардың негізгі түрлері: материалдық, еңбектік, қаржылық және ақпараттық.
Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету–бұл шикізатпен жартылай фабрикаттармен, комплект жасайтын бөлшектермен түйіндермен, құрылғылармен энергиямен басқа шарттарды орындаған кезде қажеттіліктердің көлемімен құрылымына сәйкес жабдықтау.
Қаржылық ресурстармен жабдықтау қажетті ресурстардың, инвесторлармен, қаржылық және коммерциялық құрылымдармен, бюджетпен, жеке тұлғалармен қарым-қатынас көлемімен құрылымын негіздеу.
Заманауи ұйым үшін менеджментті сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету ролі артып келеді. Бұл өткізу нарығы, бәсекелестер мемлекеттік саясат артықшылықтары, өнімнің жаңа түрлерін жасау және т.б. туралы ақпараттар болуы мүмкін.
Ұйымды саны, құрылымы, жалпы және кәсіби дайындық деңгейі, жас шамасы жағынан сәйкес келетін еңбек ресурстарымен жабдықтау маңызды орынға ие. Бұл жерде ең маңыздысы басқарудың жоғарғы буын жоғары квалификацияланған менеджерлерді шақыру, сонымен қатар қабілетті басқарушыларды оқыту.
Тұтынушылар өндірілген тауармен қызметтерді тұтынады. Сұраныс көлеміне байланысты ірі және ұсақ тұтынушылар деп бөледі. Ірі тұтынушылардың талаптарын ескеру ұйымның сәтті жұмыс жасауы үшін қажет. Тұтынушыға қарым-қатынасына байланысты ұйымның әртүрлі стратегиясы туралы айтуға болады: өндіріліп қойған өнімді сату; тұтынушыға қажет өнімді өндіру; өндірілетін өнімді тұтынуға шақырып, өз тұтынушысын қалыптастыру.
Мемлекеттік және муниципалдық органдарда ұйымға тікелей әсер етеді, сәйкесінше, тура әсер ету ортасына жатады. Бұл салықтық және санитарлық инспекциялар, статистикалық есеп органдары және т.б.
Ұйымның жабдықтаушылар және тұтынушылармен өзара қатынасы нәтижесінде тура әсеретудің ең маңызды сипаттамасы—шаруашылық байланыстар жүйесі құрылады.
Келесі сипаттама бұл–нарықтық орта жағдайы. Мұнда ең алдымен орта түрі анықталады: монополия (таза, табиғи), олигополия, немесе моноплиялық бәсекелестік.
Бәсекелестер әртүрлі объектілер үшін жүргізулері мүмкін. Дәстүрлі түрде—өнімді өткізу нарығы үшін. Қазіргі уақытта бұл айырбас талатын өнім өндірушілермен күрес, ақша жән етұтынушылар үшін күрес.
Бәсекелестік объектісі ресурстар болуы мүмкін: еңбектік, қаржылық және материалдық, ғылыми-техникалық жасаулар және т.б.
Мемлекеттік әсерету мемлекеттік органдар және заңнама арқылы жүзеге асады. Заңды түрде жұмыс берушімен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары, салықтық, кедендік қатынастар, еңбекті қорғау, белгілі бір өнімді өндіру шарттары, тұтынушылар құқығын қорғау, қоршаған ортаға экологиялық ауыртпашылық және т.б. реттеледі.
Мемлекеттік органдар атқаратын қызметтеріне қарай реттеуші және бақылаушы деп бөлінеді. Осы кезде ұйымдарға әсер етудің алуан түрлері қолданылады–лицензия беру, салық қойылымдарымен жеңілдіктер орнату, бағалар тарифімен деңгейін бекіту, құрылыс орнын анықтау және т.б.
