Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ұйым перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.58 Кб
Скачать
  1. Ресми және бейресми ұйымдар.

Мақсатты орындауда қол жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі болып жіктелінеді.

Ресми ұйымдар дегеніміз-мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілермен мәселелерге ие болады.

Күрделі ұйымдар құрылымымен мақсаттарының жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстармен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.

Адам қарым-қатынасты қажет етеді, ол адамды қуанышқа бөлейді. Қатынас уақытша және онша маңызды емес, тұрақты және маңызды болуы мүмкін. Біз әрқайсымыз бірнеше топтарға жатамыз- жанұя, достар, ұжым.

Топ-бұл әрбір жақ екінші жаққа ықпал ететін және басқа жақтардың ықпалында болатын, бір-бірімен қарым-қатынастағы екі немесе оданда көп жақтар. Ұйым ресми және бейресми топтардан тұрады.

Ресми ұйымдар—жетекшінің еркімен құрылған топтар. Оларға жетекші топтар, өндірістік немесе жұмысшы топтары, комитеттер жатады.

Барлық топтар біртұтас ұжым ретінде тиімді жұмысжасаулары керек.

1924 жылы қарашада зерттеушілер тобы Хоторн зауытында эксперименттер жасай бастады. Эксперимент 4 кезеңнен тұрды, 8 жыл бойы жүргізілді. Мұнда іс-әрекеттік факторларға, жетекшімен өзара байланыстыруға назар аударылды.

Элтон Мэйо әлеуметтік және психологиялық факторлар неғұрлым күшті ықпал жасайды деп бекіту жасады. Жетекші мен жоспарланбаған, бақыланбаған әлеуметтік қатынастар-бұл еңбек өнімділігінің өзгерістерінің, басты себебі. Бұл өзгерісте маңызды рөлді бейресми ұйымдар атқарады.

Бейресми ұйым-белгілі бір мақсатқа жету үшін өзара байланысқа түсетін, аяқ астынан құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар иерархия, міндеттер, лидерге ие. Адамдар не үшін ресми ұйымдарға енетінін анық біледі, ал бейресми ұйымдарға енетін себептерін адамдар жиі біле бермейді, бірақ оған себептер бар:

  • қатынастарға ие болу үшін;

  • өзара көмек көрсету үшін;

  • өзара қолдауды жузеге асыру үшін;

  • тығыз араласу үшін;

  • құштарлық.

Бейресми ұйымдар басқарудың тікелей қатынасына ие, өйткені ресми ұйымға тиімді ықпал етеді.

Бейресми ұйымдар төмендегі белгілермен сипатталады:

1.Әлеуметті бақылау-қолданатын және қолданбайтын іс-әрекеттің нормаларын бекіту. Жеке тұлға осы нормаларды сақтау керек.

2.Өзгерістерге қарсылық. Бұл өз топтарының ары қарайғы қаупін бағдарлаған кезде пайда болады.

3.Бейресми лидерлер. Бейресми топтар өзінің биліктеріне ие болғанда, оларды өз топтарына қарасты қолданғанда өзінің лидеріне ие болады. Оның сүйенімі-өз тобының қалыптасуы. Бейресми топтың лидері болу мүмкіндігін анықтау факторлары: жас, міндет, мамандағы біліктілік, жұмысшыларға сену, қозғалыс еркіндігі. Лидер екі функцияны орындайды: топты мақсатқа жетуге көмектеседі, оның болуын қалайды.

Менеджердің бейресми лидерлермен өзара қозғалысы. Еңбектік ұжымдағы ресми қатынастар жетекшінің бұйрықтары міндетті инструкциялар негізінде бекітіледі. Бейресми қатынастар жеке байланыстар, басқа бөлімдердің жұмысшыларымен танысуға, демалыс уақытындағы қатынасқа, жұмысшыларды ұнатуға, олардың қызығушылықтарынан егізделген. Бейресми топтың лидері топтың қызығушылықтарын көрсете алатын адам бола алады.