Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ұйым перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.58 Кб
Скачать

Тақырып 3. Ұйым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде

1.Ұйым түсінігі. Ұйым ашық жүйеретінде. Ұйым түрлері.

Ұйым–бұл қызметтері жалпы мақсатқа немесе мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар тобы.

Ұйым–жалпы мақсаттарға жету үшін құрылатын, айқын құрылған бірлескен қызметтері және айқын белгіленген шекаралары бар автономды адамдар тобы ретінде көрінісін табатын әлеуметтік жүйе.

Ұйымның қасиеттері:

1)ресурстар;

2)сыртқы ортамен байланысы;

3)еңбектің бөлінісі:горизонталды, вертикалды;

4)жалпы басқару.

Ұйымның жүйе ретінде функцияларымен құрылымы болады. Оның негізгі функциясы–мәселелерді шешу және мақсат қажету.

Техникалық құрылым дегеніміз материалдық объектілермен үрдістердің жиынтығы, олар бірігіп қалғандарының базасын құрайды.

Әлеуметтік құрылым оның қатысушыларымен олардың арасындағы байланыстарының жиынтығымен құралады.

Әлеуметтік-техникалық құрылым–бұл жұмыскерлерді (қызметкерлерді) кеңістікте және еңбектік байланыста біріктіретін жұмыс орындарының жүйесі.

Нормативтік-құқықтық құрылым–бұл нормалар жүйесі және бұл жүйе оның функцияларын іске асыруға қажетті.

Ұйымның негізгі заңдары:

1)синергия заңы маңызы: бір бүтін ретінде ұйымның потенциалымен мүмкіншіліктері оның бөлектенген элементтерінің потенциалымен мүмкіндіктерінің сомасынан асып түседі;

2)ұйым іші үрдістерінің қосымша заңы;

3)кез-келген мүмкін кезігетін өзгерістерде ұйымның және оның элементтерінің арасындағы пропорцияналықтарын сақтау заңы;

4)композиция заңы–ұйымдастыру элементтерінің барлығының функцияландырылуы қандай бір деңгейде бір жалпы мақсатқа бағынады, ал оның әрбіреуінің жеке мақсаттары оның нақты екенін көрсетеді және оған қатысты мақсатшалар болып табылады;

5)өзін-өзі сақтау заңы. Ол бойынша, кез-келген ұйым, оның бөлек элементтері сияқты өзін біртұтас ретінде сақтағысы келеді, және ол үшін бірнеше шарттарды ұстану қажет. Ұйымның өзін-өзі сақтауы екі қарама-қайшы ұйымдастырушы бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі:

-тұрақтылықты;

-дамуды;

6)ақпараттандыру заңы. Ұйымда оның қатысушыларынан артық реттік болмауы тиіс. Оның дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін заттардың нақты жағдайлары туралы ақпараты болады;

7)онтогенез. заңы.

Ұйымның мәнін ашатын белгілер:

-ұйым–адамдардың бірлестігі;

-ұйым жалпы мақсатқа жету үшін құрылып, қызмет етеді;

-жалпы мақсатқа жету шарты–бірлескен іс-әрекет, ол өзарақа тынасу нысандарында іске асады;

-ұйымның белгілі шекаралары бар. Олар: іс-әрекеттүрі, жұмысшылар саны, капитал, өңдірістік көлем, территория.

Ұйым–жалпы мақсатқа немесе мақсаттар жүйесіне жету үшін іс-әрекеттері саналы түрде үйлестірілетін, адам топтарынан тұратын әлеуметтік бірлестік. Ұйымға қойылатын талаптар:

-топ бөлігі ретінде 2 адамнан кем болмауы;

-топ мүшелері ортақ деп қабылдайтын кемдегенде бір мақсаттың болуы;

-барлығына манызды мақсат қажету үшін саналы түрде бірге жұмыс істейтін топ мүшелерінің болуы.

Бұл талаптар ресми ұйымға тән. Сонымен қатар бейресми топтарда болады.

Ұйымның өмірлік цикл тұжырымдамасына сай оның іс-әрекеті келесі 5 негізгі кезендерден өтеді:

3.толығу,орта жас, басты мақсат–жүйелі үйлесімді өсу, жеке имиджді қалыптастыру;

2.балалық шақ және жастық шақ, басты мақсат–пайда табу және тез өсу;

1.ұйымның өмірге келуі,басты мақсат–өмірін сақтап қалу;

5.қайта қалпына келу,басты мақсат–барлық қызметтер бойынша жандандыруды қамту, персоналдың ұжымшылдығы арқасында ұйымның өсуі қамтылады.

4.ұйымның қартаюы, басты мақсат–қол жеткізген нәтижені сақтап қалу;

Ұйымның жалпы сипаттамалары: ресурстар, сыртқы ортаға тәуекелділігі, еңбектің көлденең және тік бөлінісі, басқару қажеттілігі.

Ұйымдастыру ұжымға синергия әсерін тигізеді. Өзара әрекет ету адамдардың істерін біріктіреді, ұйымның жаңа сапалы қасиеттерге ие, бөліктер қасиеттерінің сомасына тең емес біртұтас ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді. Басқарушы жүйеге қарағанда ұйым басқару объектісі болады. Оны құрған кезде мақсаттар, іс-әрекет түрлері, көлемі, ұйым түрімен көлемі белгіленеді, қажетті ресурстармен қамту атқарылады.

19-20 ғасырдың басында ұйымды құруда механистикалық ықпал пайда болды (Тейлор, Файоль, Вебер). Олар ұйымды машина ретінде қабылдады, ол белгілі тәртіппен жұмыс істейді. Адамдар автомат секілді, қарапайым қимылдар, операциялар қайталанады, бұл бюрократиялық ұйым. Оның қызмет ету тиімділігі уақытты үнемдеу және жұмыстардың жоғары сапасына қолжеткізуде ғылыми ықпалдарды пайдалану, қызметтермен өкілеттіліктерді таратуда.

Органикалық ықпал–ұйымдастырумен басқару теориясын дамытуда қазіргі тенденциялардың көрінісі. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі, мотивация теориялары ұйымға жаңадан қарау; оның маңызды қасиеттерінде адам және оның тілектері белгілеген.

Канада профессоры Г.Минцберг ұйымдық құрылымның типіне байланысты, орталықтандырумен мамандануға байланысты келесі ұйым тізімін ұсынды:

-кәсіпкерлік ұйым–қарапайым құрылым, менеджмен тиерархиясы дамымаған, тез жаңаруға бейім, шағын;

-Машиналық бюрократия–рационалдаудың, өңеркәсіп іс-әрекетті стандардарттаудың жоғары дәрежесі, жоғары кәсіптілікті қажет етпейді, иерархия, орталықтан; жаппай өңдірісте дамыған;

-Кәсіптік ұйым–аурухана, университет, мектеп. Мамандардың жоғары кәсіптілігімен сипатталатын бюрократиялық ұйым;

-Диверсификациялық ұйым–қатынасты түрде тәуелсіз бөліктерден тұрады;

-Инновациялық ұйым–формализациялаудың төмен дәрежесі, көлбеу маманданудың жоғары дәрежесі;

-Миссионерлік ұйым–идеология, мүшелердің арасында жоғары сенімділік;

-Саяси ұйым–құрамдас бөліктердің арасында келіспеушіліктің жоғары дәрежесі, бөліктер арасындағы іс-әрекеттің қарама қайшылығы.

Паркинсон ұйымдарды қоғамдағы функциялар бойынша өңдіретін, саяси, интегративтік, үлгілерді сақтайтын деп бөледі. Интегративтік ұйымдар әлеуметтік келіспеушіліктерді шешеді, қоғамның түрлі бөліктерінің өзара әрекетін қамтиды. Үлгілерді сақтайтын ұйымдар білім, мәдениет саласында дәстүрлерді қайта өңдеп дамытады.

Сонымен қатар, ұйымдар ресми және бейресми, қоғамдық, бюджеттік, бюджеттік емес, үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді.