- •1.Ұйымдағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің теориялық негіздері
- •1.2 «Автолайн Car Тrans» жшс қызметінің экономикалық сипаттамасы және міндеттемелер құрамы
- •2 «Автолайн Car Тrans» жшс-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
- •2.1 «Автолайн Car Тrans» жшс есеп саясаты
- •2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
- •2.3 Қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- •2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
- •3. Қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
- •3.1 Қысқа мерзімд міндеттемелер аудиті
- •3.2 Қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің жетілдіру шаралары
2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі арнайы нысандағы тізімдемеле әрбір шот – фактурасы немесе төлем – талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады. Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады.»Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 1290-шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.
Жабдықтаушылардан алынған материалдық заттарға шот-фактура және материалдарды қабылдау актысы бойынша келген тауарлардың түріне қарап:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді креди-торлық берешек»
Жабдықтаушы мекемелердің жеткізген товарлары, мердігерлердің істелінген жұмыстары немесе атқарылған қызметтері үшін қойылған счеттары:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 3310 «Жабдықтаушы мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредитор-лық берешек»
а) есеп айырысу счетынан өтегенде:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 1040 «Банктегі ақша-қаражаттары»
ә) күрделі қаржылар қаражаттарының банкідегі счетынан өтегенде:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 1050 «Банктегі жинақтаушы ақша-қаражаттары»
Жабдықтаушы мекемелермен есеп айырысатын негізгі құжат шот-фактура болып есептелінеді. Оның негізгі реквизиттері: жабдықтаушы мекеменің атауы, адресі, оған қызмет көрсететін банкідегі есеп айырысу счетының нөмірі, жүк жөнелтілетін станция және қабылдайтын станция, жөнелту тәсілі, жөнелтілетін товарлардың түрлері, өлшем бірлігі, саны, бағасы және сомасы (әр түріне жеке-жеке және барлық товарлардың құны). Жүкті қабылдаушы мекеме шот-фактураның көрсеткіштерін мұқият тексеріп, нақты қабылданған көрсеткіштермен салыстырады. Айырмашылық жоқ болса онда осы счет-факураның негізінде товарларды тиісті бухгалтерлік счеттарға кіріс етеді. Айырмашылық байқалған жағдайда тауарларды қабылдау актісі бойынша кіріс жасап, айырмасына саудалық акт жасалынады. Бұл актінің негізінде тиісті мекемелерге шағым-талап қойылады.
Жабдықтаушының есеп шот-фактурасы «Істелген жұмыстар актісінің» негізінде жазылады және міндеттемені орындаған күні көрсетіледі.
Істелген жұмыстар актісі 2 жақты қатысушылардың қол қоюымен расталады.
ТМҚ-ды тауарларды қабылдап алу құжаты, істелген жұмыстар актісіне немесе орындалған қызмет актісі бойынша жабдықтаушы есеп шот – фактурасын беруге міндетті.
Есеп шот – фактурасын дұрыс толтыру үшін жабдықтаушының есебіне ҚҚС тіркелген куәліктің көшірмесі болуы қажет.
Шот – фактура бұл міндетті құжат болып табылады және осы құжат негізінде регистр есебінің өткізбе шоттарын таратып тіркеу және бұл құжат орындалған жұмыс, қабылданған тауарлар, көрсетілген қызметтердің дәлелдемесі болады.
Егерде біз ҚҚС төлеуші болсақ, онда есеп шот фактура негізінде ҚҚС есепке алынады, бірақ жабдықтаушы да ҚҚС төлеуші және ҚҚС-ті құжатта бөлетін болған жағдайда ғана есепке алынады.
Шот-фактурада мыналар көрсетілуі тиіс:
Реттік нөмірі және шот-фактура жасалған күні;
Аты – жөні (жеке тұлға, шот-фактура жасауға құқылы адам) не болмаса толығымен заңды тұлғаның аты-жөні, мекен-жайы, СТН, ҚҚС-ті таратып тіркеу куәлігі және берілген күні;
Келісімшарт жасалған күні мен нөмірі;
Өткізілген тауар (қызмет) атаулары;
Салық салынатын айналым мөлшері;
ҚҚС мөлшері;
ҚҚС сомасы;
Тауарлар немесе қызметтер сомасы ҚҚС көрсетілгенде.
Шот-фактурасы өнімді өткізген күннен кеш толтырылмайды және қабылдаған жақтың басшысының, бас бухгалтердің, жауапты тұлғалардың қолдарымен куәландырылады, сонымен бірге заңды тұлғалардың мөрі басылуы тиіс. Егер субъект ҚҚС төлеуші болып тіркелмеген болса, онда шот-фактурасында мыналар көрсетілуі тиіс:
ҚҚС төлеушінің тіркелгені туралы куәлік;
ҚҚС мөлшері
ҚҚС сомасы
Жеке кәсіпкер егер салық тәртібінде жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істессе, онда бухгалтерлік есеп талабына сай шот – фактурасын өткізуі қажет. Егер ҚҚС төлеуші болса, шот-фактура міндетті түрде ҚҚС сомасын және ҚҚС төлеуші болып тіркелген куәлігінің нөмірін беру керек. Егер қолма – қол есеп айырысатын болса, чек немесе «Кіріс кассалық ордерін» көрсетуі керек.
Жабдықтаушлардан негізгі құралдар, тауарлы – материалдық қорлар келіп түскен жағдайда «Тауарларды қабылдап алу құжаты» немесе «Тауарлы транспорттық құжат» қосылып беріледі.
Жабдықтаушыларжәне мердігерлермен есеп айырысу операцияларына құрылатын бухгалтерлік өткізбелер(кесте5):
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Келіп түскен ТМҚ-ды, айналымнан тыс активтерді балансқа енгізу (сатып алынатын бағасы бойынша) |
1310-1350, 2410-2730 |
3310 |
2 |
Жабдықтаушылардан ТМҚ-лар, айналымнан тыс активтер, инвестициялар түскенде ҚҚС-ті есепке алу |
1420 |
3310 |
3 |
Жабдықтаушылардан жұмыс немесе қызмет түрі көрсетілгенде |
1610, 7210 |
3310 |
4 |
Жабдықтаушылардан жұмыс немесе қызмет түрі көрсетілгенде ҚҚС-ті есепке алғанда |
3310 |
1420 |
5 |
Ақша қаражаттарының жетіспеуі, ТМҚ-ды тексерген кезде жетіспеушіліктер және арифметикалық қателер кенкен жағдайда дебиторлық берешекке жатқызу |
1280 |
3310 |
6 |
Қайта бағалауда кредиторлық берешектің курстық бағамның ұлғаюына байланысты шетел жабдықтаушыларының алдындағы қарыздың ұлғаюы |
7430 |
3310 |
7 |
Бұрын есептен шыққан кредиторлық қарыздың қайтарылуы |
7470 |
3310 |
8 |
Егер қабылданған активтердің жабдықтаушының айтылған талаптарына сай келмегендіктен сатып алушының қайтаруы туралы шешім шыққанда |
3310 |
1310-1350; 2410,2730 |
9 |
Жабдықтаушыларға қайтарылған актив бойынша ҚҚС-ті есептеу |
3310 |
3130 |
10 |
Кредиторлық берешекті аванс беру арқылы төлеу |
3310 |
1610 |
11 |
Кредиторлық берешекті чектік кітапшалар, банктен ақша қаражаттары арқылы өтеу |
3310 |
1060 |
12 |
Кредиторлық қарыздарды ақша қаражаттарымен өтеу |
3310 |
1010;1030 |
13 |
Төлеуші жаққа ЖТС-ғы есептелгенде |
3310 |
3190 |
14 |
Жабдықтаушылардың алдындағы қарыздарды еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың өтеуі |
3310 |
3320;3330 |
15 |
Шетел жабдықтаушылардың алдындағы кредиторлық қарыздардың курстық бағамның өзгеруіне байланысты азаюын қайта бағалау |
3310 |
6250 |
16 |
Талап етілмеген несиелік қарызды есептен шығарып табысты мойындау |
3310 |
6280 |
|
Ескерту: кесте әдебиет негізінде құрастырылған |
||
