Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты для интернов ВОП каз-1440.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.66 Кб
Скачать
  1. Окситоцинмен ынталандыру

  2. амниотомия

  3. +партограмма бойынша жүргізу

  4. кесар тілігі

  5. физиологиялық ерітінді енгізу

  1. 28 жастағы қайта жүкті, алғаш босанушы. Анамнезінде 2 өзіндік түсік. Босануда 15 сағат. 10 минутта 3 толғақ 30-35 секундтан. Жатыр ернеуінің ашылуы 6 см. Сусыз кезең 10 сағат. КТГ –да ерте децелерация , 20 минут бақылауда 90 соққы минутына дейін болды. Ықтимал акушерлік тактика:

  1. антибактериальды терапияны бастау

  2. физиологиялық ерітінді енгізу

  3. босану әрекетін ынталандыруды бастау

  4. +кесар тілігі операциясын жасау

  5. босанушының қалпін өзгерту

  1. 28 жастағы қайта босанушы босану мекемесінің II деңгейіне жеткізілді. Жүктілік жетілген. Үш жыл бұрын – жатырдың төменгі сегментінде кесар тілігі клиникалық тар жамбасқа байланысты. Қынаптық зерттегенде: жатыр мойны орталықта орналасқан, толық жұмсарған, ұзындығы 1,5 см, мойын каналы 1 саусақ өткізеді. Қағанақ қабы бүтін. Реттібосану қызметі жоқ. Ықтимал акушерлік тактика:

  1. Окситоцинмен ынталандыру

  2. +кесар тілігі

  3. амниотомия

  4. динамикада бақылау

  5. босанушы қалпын өзгерту

  1. Қайта босанушы босану бөліміне ретті босану қызметімен жеткізілді, 10 минутта 3 толғақ 40-45 секундтан. Жатқан бөлігі жамбас. Қағанақ суы кеткеннен кейін нәрестеде брадикардия жүрек соғуы 90-100 соққы/минутына дейін. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, қынапта ұрық аяқтары және түскен кіндік анықталады, ұрық жамбасы жамбас кіре берісінде. Ықтимал акушерлік тактика?

  1. кіндікті салып, босануды консервативті жалғастыру

  2. физиологиялық ерітіндіні көк тамырға енгізу

  3. +абдоминальды босандыруды – кесар тілігі

  4. жамбас арқылы ұрық экстракциясы

  5. босанушының қалпын өзгерту

  1. Босанушы босануда 10 сағат шамасыда. Суы кеткен жоқ. Кенеттен босанушы бозарып,құсу, іштің төменгі жағында керіп ауру сезімі пайда болды, жатыр ассиметриялық пішінге өзгерді, тығыз. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, керіліп тұр, жатушы басы кіші жамбастың кең бөлігінде. Ықтимал акушерлік тактика?

  1. +Шұғыл түрде кесар тілігі операциясына кірісу

  2. қағанақ қабын жару және акушерлік қысқыш салу

  3. қағанақ қабын жару және ұрықтың вакуум-экстракциясы

  4. ұрықтың қауыпты жағдайын емдеу

  5. окситоцинмен ынталандыру

  1. Алғаш босанушы 34 жаста, босанудың екінші кезеңінде. Бала кезінде аралықтың ашық жарақатына байланысты оперативті ем алған. Нәрестенің бөксесі жамбас түбінде. Толғағы күшену сипатты әр бір 1-2 минуттан кейін, 50-55 секундтан, орташа күшпен. Ұрықтың болжам салмағы 3500,0 гр. Нәрестенің жүрек соғуы 150 соққы/минутына. Аралық тыртықты өзгерістермен. Бұл босануды жүргізуде нені алдын ала қарастырған ықтимал?

  1. +перинео- немесе эпизиотомию

  2. спазмолитиктер енгізу

  3. Цовьянов әдісін

  4. окситоцин енгізуді

  5. жергілікті анестезияны

  1. Бірінші нәресте туылғаннан кейін көлденең орналасқан екінші нәресте анықталды, нәресте жүрек соғуы анық, ырғақты 136 соққы/минутына. Екінші нәрестенің суы кеткен жоқ. Ықтимал акушерлік тактика?

  1. Екінші ұрықтың позициясын анықтау

  2. окситоцинмен ынталандыру

  3. қағанақ қабын ашу

  4. +акушерлік сыртқы-ішкі бұрылыс

  5. кесар тілігін жасау

  1. Босану бірінші. Диагональды конъюгата 10 см. Нәрестенің басы кіші жамбас кіре берісіне тірелген. Жатыр ернеуінің ашылуы 7 см. Қағанақ қабы жоқ. Вастен белгісі оң. Нәрестенің жүрек соғуы тыңдалмайды. Ықтимал акушерлік тактика?

  1. +Кесар тілігі

  2. ұрықты бұзу операциясы

  3. окситоцинмен ынталандыру

  4. динамикада бақылау

  5. симфизиотомия

  1. Босану бірінші мерзімінде босану. Босанушы төмен тамақтанулы, бойы 150 см. Нәрестенің басы кіші жамбас кіре берісінен жоғары. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты 130 соққы/минутына. Қынаптық зерттеуде: қынап тар, жатыр мойны жайылған, жатыр ернеуінің ашылуы 8 см, қағанақ қабы бүтін. Ықтимал тактика?

  1. +босануды партограмма бойынша жүргізу

  2. окситоцинмен ынталандыру

  3. ұрықтың вакуум-экстракциясы

  4. амниотомия

  5. динамикада бақылау

  1. Босану әрекетінің басталуымен 21 жастағы жүкті әйел түсті. Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеуден кейін диагноз қойылды: Жүктіліктің 38 аптасы. Босанудың І-ші кезеңі. Бетпен жатудың артқы түрі. Ықтимал тактика?

  1. +кесар тілігі

  2. босануды партограмма бойынша жүргізу

  3. амниотомия

  4. окситоцинмен ынталандыру

  5. акушерлік қысқыш

  1. Бесінші мерзімінде босану. Толғақ 12 сағат бұрын басталды. 10 минутта 2-3 толғақ 30 секундтан, іш пішіні домалақ, іш айналымы 107 см, қасағадан кіндікке дейінгі ара қашықтық 21 см, жатыр түбіне дейін - 29 см, семсер тәрізді өсіндіге дейін - 42 см. Нәрестенің жүрек соғуы 135 соққы/минутына, анық, кіндіктен сол жақта. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жайылған, ернеудің ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, , аздап керілген. Жатушы бөлігі анықтамайды. Ықтимал патология?

  1. Нәрестенің бұрылып (разгибательное) жатуы

  2. жатыр жыртылуы

  3. + Нәрестенің көлденең жатуы

  4. клиникалық тар жамбас

  5. ірі Нәресте

  1. Босану 12 сағат бұрын басталды. Қынаптан ұрықтың ісінген қою қызыл қолы шығып тұр. Басы жатырдың оң жағында. Нәрестенің жүрек соғуы 190 соққы/минутына. Ықтимал тактика?

  1. +кесар тілігі

  2. декапитация

  3. краниотомия

  4. акушерлік бұрылыс

  5. краниоклазия

  1. Әйелде 1 жүктілік, 40 жаста. Соңғы айда екі рет қанды бөлінділер байқалды. Қазіргі кезде жүктілік 36 апта, толғақ басталды. Нәрестенің көлденең жатуы. Бас кіші жамбас кіреберісінен жоғары. Нәрестенің жүрек соғуы 180 соққы/минутына. Айнамен қарағанда: көп мөлшерде қан кету 70 мл және жалғасуда . Ықтимал тактика?

  1. +Кесар тілігі

  2. амниотомия

  3. сақтаушы терапия

  4. гемостатикалық терапия

  5. окситоцинмен ынталандыру

  1. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен ерте ажырауы. Бас кіші жамбастың кіреберісінде. АҚҚ 90/60 мм сын.бағ. , пульс 102 соққы минутына. Нәрестенің жүрек соққысы анық, ырғақты 90 соққы минутына. Ықтимал тактика?