- •«Босану клиникасы»
- •Кесар тілігін жасау
- •Босану әрекетін күшейту
- •Акушерлік қысқыш салу
- •Акушерлік қысқыш салу
- •Кесар тілігін жасау
- •Плацента ажырауы
- •Кесар тілігі
- •Амниотомия
- •Амниотомия
- •Амниотомия
- •Окситоцинмен ынталандыру
- •Басталған жатыр жыртылуы
- •Плацентаның толық жатуы
- •Краниотомия
- •Амниотомия
- •Окситоцинмен ынталандыру
- •Окситоцинмен ынталандыру
- •Акушерлік қысқыш
- •Акушерлік бұрылыс
- •Плацента ажырауы
- •Краниотомия
- •Акушерлік қысқыш
- •Окситоцинмен ынталандыру
- •1. Бақылау
- •Нәрестенің вакуум-экстракциясы
- •Нәрестенің вакуум-экстракциясы
- •Бақылау
- •Жатыр жыртылуы
- •Бақылау
- •4) Босануды ынталандыру
- •2) Босануды ынталандыру
- •2) Амниотомия
- •4) Босануды ынталандыру
- •1) Бақылау
- •5) Босануды ынталандыру
- •Кесар тілігі
- •Оксигенотерапия
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы және патологиясы
- •Региональды анестезия
- •Динамикада бақылау
- •Жүктіліктің физиологиясы және патологиясы
- •Амниотомия
- •4) Кесар тілігі
- •4) Ірі нәресте
- •4) Ірі нәресте
- •2) Амниотомия
- •4) Босануды ынталандыру
- •2) Амниотомия
- •3) Босануды ынталандыру
- •4) Кесар тілігі
- •1) Кесар тілігі
- •Экстрагениталды аурулар және жүктілік
- •Ірі нәресте
- •4. Бақылау
- •Контрацепция. Диспансеризация. Репродуктивті құқық.
4) Ірі нәресте
5) азсулық
628. Жетілген плацентаның салмағы қандай:
1) 100-200гр
2) 300-400
3) +нәресте салмағының 1/5 бөлігі
4) 700-800гр
5) 900-1000гр
629. Көрсетілген гормондардың қайсысы ана мен нәресте плацентасы жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін көрсетеді:
1) +ХГЧ
2) пролактин
3) соматотропты гормон
4) прогестерон
5) эстрадиол
630.Фетоплацентарлы жүйенің негізгі компоненті болып табылады:
1) жатырдың ирелеңдеген тамырлары
2) нәрестенің қан айналысы
3) +плацента
4) кіндік
5) қағанақ суы
631. Плацентада синтезделмейді:
1) ХГЧ
2) СМГ
3) +пролактин
4) прогестерон және эстрогендер
5) андрогендер
632. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы жатыр-плацента және нәресте-плацента қан ағысының жағдайын анықтауға мүмкіндік береді:
1) УДЗ
2) + допплерография
3) КТГ
4) амниоцентез
5) плацентометрия
633. Дамымаған жүктіліктің белгісі болып табылады:
1) +эмбрионның болмауы, ұрық жұмыртқасының кіші өлшемі, ұрық жұмыртқасы қабырғасының қалыңдауы
2) жатыр қуысында сұйықтықтың болуы
3) дуглас кеңістігінде сұйықтықтың болуы
4) сары дене кистасының болуы
5) ұрық қабының болмауы
634. Жүктіліктің бірінші триместрінде жатыр-плацента қан ағысының бұзылысында дамиды:
1) +біріншілік плацентарлы жетіспеушілік
2) жүктілердің ерте токсикозы
3) жүктілер гипертензиясы
4) Ірі нәресте
5) көпсулық
635. Жүктіліктің 35-36 апта мерзімінде қалыпты жетілуші плацентаның қалыңдығы:
1) +35мм
2) 25мм
3) 30мм
4) 40мм
5) 20мм
636. Нәрестенің туа пайда болған даму ақауларын анықтау мақсатында УДЗ жүргізуге ең қолайлы мерзім:
1) +18-22 апта
2) 23-27 апта
3) 28-32 апта
4) 12-16 апта
5) 11-16 апта
637. Эмбрионға инфекцияның зақымдаушы әсері негізінде байланысты:
1) жүктілік мерзіміне
2) инфекция түріне
3) микроб денелерінің санына
4) инфицирлену жолына
5) + қоздырғыштың вируленттілігіне
638. Жүктілер преэклампсиясының ауырлық критериі болып табылады:
1) аурудың ұзақтығы
2) қосымша соматикалық аурулардың болуы
3) қағанақ суының саны
4) жүргізілген терапияның әсерсіздігі
5) + нәресте дамуының кідіру синдромы
639. Анасында инфекцияның болуы нәрестеде туғызады:
1) нәрестенің жағдайына әсер етпейді
2) + эмбриопатия
3) фетопатия
4) азсулық
5) көпсулық
640. Антенаталды кезең - бұл:
1) ұрықтанған кезден 22 аптаға дейін
2) 22 аптадан 28 аптаға дейін
3) + 22 аптадан босану әрекеті басталғанға дейін
4) 28 аптадан босанғанға дейін
5) ұрықтанған кезден бастап 28 аптаға дейін
641. Босану кезінде нәресте жағдайын бағалау үшін қолданылады:
1) аускультация
2) + кардиотокография
3) УДЗ
4) ФКГ
5) допплерометрия
642. Гравидограмма бұл:
1) + жатыр түбі биіктігінің динамикасын графикалық бейнелеу
2) нәресте қозғалысының динамикасын графикалық бейнелеу
3) нәресте жүрек соғысының динамикасын графикалық бейнелеу
4) нәресте қимылының динамикасын графикалық бейнелеу
5) іш айналымының динамикасын графикалық бейнелеу
643. Доплерометрия жүктіліктің қай мерзімінен бастап жүргізіледі:
1) 22-24 апта
2) 16-18 апта
3) 24-26 апта
4) 18-20 апта
5) + 28 – 30 апта
644. Жүктіліктің қай мерзімінде плацентаның өсуі тоқтайды:
1) 20-21 апта
2) 30-31 апта
3) 33-34 апта
4) + 35-36 апта
5) 37-40 апта
645.Нәрестенің құрсақ ішілік өлімінің негізгі ультрадыбыстық критериі болып табылады:
1) + нәрестенің жүрек соғысының болмауы
2) нәрестенің қимыл белсенділігінің болмауы
3) нәрестенің тыныс алуының болмауы
4) ми құрылысының өзгерістері
5) нәрестенің басы мен ішінің проекциясында қос контурдың болуы
646. Гипертензионды жағдай кезінде мерзімінен бұрын босадыруға көрсеткіш болып табылады:
1) преэклампсияның жеңіл дәрежесі
2) босану жолдарының жетілмеуі
3) азсулық
4) ұзақ ағым
5) + ауыр преэклампсия
647. Құрсақ ішілік нәресте инфицирленуінің ең жиі жолы:
1) + трансплацентарлы
2) өрлеуші
3) төмендеуші
4) сперматозоидтармен
5) аралас
648. АИВ анадан балаға беріле алмайды:
жүктілік кезінде
босану кезінде
емшекпен емізу кезінде
+ жаңа туған нәрестені күту кезінде
кесар тілігі операцися кезінде
649.Антиретровирусты профилактика:
1) антиретровирусты препараттардың ұзақ курсы
2) антиретровирусты препараттардың қысқа курсы
3) анасындағы АИВ/ЖИТС-ті емдеуге бағытталады
4) анасынан баласына АИВ берілуінің қаупін төмендетуге бағытталған
5) + антивирусты препараттарды жүктілік кезінде, босану кезінде және жаңа туған нәрестеге туылғаннан кейін бірден тағайындау
650. Босану кезінде анасынан баласына АИВ жұғуының қауіп факторына жатпайды:
1) хориоамнионит
2) 4 сағаттан артық сусыз кезең
3) анасында төмен вирусты жүктеме
4) босану кезінде инвазивті араласулар
5) + көп нәрестелі босанудағы бірінші бала
651. Босану кезінде анасынан баласына АИВ жұғуының қауіп факторына жатпайды:
1) анасында төмен вирусты жүктеме
2) анасында жоғары вирусты жүктеме
3) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
4) + жүкті әйелдің дұрыс емес тамақтануы
5) инвазивті диагностикалық шаралар
652. Жүкті әйелдің рационалды тамақтануы ненің алдын алуында маңызды роль ойнайды:
1) босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық асқынулардың
2) + нәрестенің құрсақ ішілік өсуінің кідіруінің
3) тұқым қуалайтын аурулардың
4) резус – сенсибилизацияның
5) босану кезінде септикалық асқынулардың
653. Жүктілік кезінде мүлдем қолдануға болмайды:
1) майлы тағамды
2) ақуызды
3) ұннан жасалған тағамды
4) + алкогольды
5) тәтті тағамдарды
654. Плацентаның мерзімінен бұрын «қартаюы» жетілудің ІІІ дәрежесі анықталғанда тіркеледі:
1) + 36 аптаға дейін
2) 32 аптаға дейін
3) 40 аптаға дейін
4) 38 аптаға дейін
5) 42 аптаға дейн
655. Жүктіліктің 22 аптасынан босану басталғанға дейін нәрестенің өлімі - бұл:
1) + нәрестенің антенаталды өлімі
2) нәрестенің интранаталдыөлімі
3) нәрестенің постнаталды өлімі
4) ерте неонаталды өлімі
5) сәбилік өлімі
656. Антенаталды күзет құрамына кіреді:
1) жүкті әйелді тексеру мен бақылау
2) жүкті әйелді тексеру мен бақылау, асқынулардың алдын алу
3) + жүкті әйелді тексеру мен бақылау, асқынулардың алдын алу, әлеуметтік-заңдық кеңес көрсету
4) әлеуметтік-заңдық кеңес көрсету
5) асқынулардың алдын алу
657. Жүктіліктің екінші жартысында сыртқы акушерлік зерттеу болжамайды: 1) нәрестенің орналасуы мен позициясын анықтау 2) ІА өлшеу
3) ЖТБ анықтау +4) жамбасты функционалды бағалау 5) жүрек соғысының жиілігі мен ритмін бағалау
658. Көпнәрестелі жүктіліктің негізгі клиникалық симптомы болып табылады:
1) +жүктіліктің бірінші триместрінде жатыр көлемінің жүктілік мерзіміне сәйкес келмеуі
2) нәрестенің жиі қимылдауына жүкті әйелдің шағымдануы
3) ЖТБ жоғары тұруы
4) жүкті әйелдің дене салмағын артық қосуы
5) жүктілердің ісінуі
659. Көпнәрестелі жүктілікті анықтау үшін көбінесе қолданады:
+1) ультрадыбыстық тексеру
2) рентгенологиялық тексеру
3) радиоизотопты сцинтиграфия
4) компьютерлі томография
5) сыртқы акушерлік тексеру
660. Жүктілік кезінде қағанақ суын тексеру анықтауға мүмкіндік бермейді:
1) нәрестенің жынысын
2) нәресте өкпесінің жетілуін
3) нәресте бүйрегінің қызметін
4) қан тобы мен резус-факторды
5)+ жүктілік мерзімін
661. Плацента жетілуінің ІІ дәрежесін ультрадыбыстық зерттеуде бағалау жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес келеді:
1) 26-29 апта
2) 30-33 апта
3)+ 34-37 апта
4) 38-40 апта
5) 23-26 апта
662. Әйелдер консультациясында артериалды гипертензиясы бар жүкті әйел қаралады. Осы науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін:
мерзімінен бұрын босану
+ преэклампсияның дамуы
қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі
нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі
қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі
663. Жүктілер гипертензиясын анықтау үшін маңызды критерий болып табылады:
орташа артериалды қысымның мәні
+ диастолалық қысымның мәні
жүктіліктің басындағы қысымның мәні
систолалық қысымның мәні
пульстік қысымның мәні
664. Мерзімінен асқан жүктілік кезінде плацентаның гормоналды қызметі:
+ төмендейді
жоғарылайды
өзгермейді
өзгерістер индивидуалды болады
мерзімінен асу уақытына байланысты
665. Мерзімінен асқан жүктілік сипатталмайды:
1) плацентаның патологиялық өзгерістерімен
2) плацента қызметінің бұзылыстарымен
3) плацентада петрификаттардың болуы
4)+қағанақ суының көбеюімен
5) қағанақ суының азаюымен
666. Дексаметазонмен нәрестенің дистресс синдромының алдын алудың дұрыс схемасын таңдаңыз:
+ 6мг*2 рет күніне б/е, 2 күн;
6мг*2 рет күніне б/е, 3 күн;
6мг*2 рет күніне б/е;
6мг*3 рет күніне б/е, 2 күн;
6мг*1 рет күніне б/е 2 күн;
667. НДКС бар жүкті әйелге доплерометрия жүргізу кезінде анықталатын жоғары болжамалы мағынаға ие болатын бұзылыс:
+нәресте-плацентарлы қан ағысының
жатыр- плацентарлы қан ағысының
плацентарлы қан ағысының
жатыр қан ағысының
жалпы қан ағысының
668. Жүктілер гипертензиясына тән емес зертханалық белгі:
1) гематокриттің жоғарылауы
гемоглобин деңгейінің жоғарылауы
+лейкоцитоз
тромбоцитопения
эритроциттердің жоғарылауы
669. 24 жасар жүкті әйел эпигастралды аймақтағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру кезінде: Жүктіліктің 31-32 аптасы. АҚ – 160/100мм.сын.бағ., 170/110 мм.сын.бағ., зәрде белок – 3,0г/л, аяғында, алдыңғы құрсақ қабырғасында айқын ісінулер байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Гестациялық гипертензия.
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Жеңіл дәрежелі преэклампсия.
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Артериалды гипертензия
+ Жүктіліктің 31-32 аптасы. Ауыр дәрежелі преэклампсия.
Жүктіліктің 31-32 аптасы.Эклампсия.
670. Базалды ритм – бұл:
1) жүрек жиырылуы ритмінің уақытша өзгерістері
2) жүрек жиырылуы жиілігінің сиреуі
3) жүрек жиырылуы жиілігінің жиілеуі
4) жүректің жиырылу жиілігі шұғыл көрсеткіштерінің орташа ритмнен ауытқуы
5)+жүрек жиырылуы жиілігінің орташа мөлшері
671. Стрессті емес тест (СЕТ) – бұл:
1)+нәрестенің жүрек тамыр жүйесінің (ЖЖЖ) оның қозғалысына жауап реакциясын зерттеу
2) нәрестенің қимыл белсенділігін зерттеу
3) нәрестенің тыныстық әрекетінің оның қозғалысына жауабын зерттеу
4) нәрестенің тонусын зерттеу (аяқ-қолдың қозғалысы)
5) нәрестенің ЖЖЖ, тыныстық әрекетінің және тонусының оның қозғалысына жауабын зерттеу
672. Жүктіліктің 9-10 апталық мерзімінде 25 жасар жүкті әйел қызылшалы қызамықтың ауыр формасымен ауырды. Эмбрионның дамуына ауру қалай әсер етуі мүмкін:
1) эмбрионға қолайсыз әсер көрсетпейді
2) даму ақауларының пайда болу мүмкіндігі жоғары
3) даму ақауларының пайда болуы екіталай
4)+нәресте өлуінің мүмкіндігі жоғары, даму ақауларының пайда болу мүмкіндігі жоғары
5) нәрестенің өлуі екіталай, даму ақауларының пайда болу мүмкіндігі жоғары
673. Жүктіліктің 9-10 апталық мерзімінде 25 жасар жүкті әйел қызылшалы қызамықтың ауыр формасымен ауырды. Дәрігердің әрекетін таңдаңыз:
1) жүктілікті жалғастыруға болады
2) гормонды терапия тағайындау және дисансерлік бақылауды жалғастыру
3) витаминотерапия жүргізу
4)+ жүктілікті үзу
5) жүкті әйел ағзасын шынықтыратын шараларды жүргізу
674. Нәрестенің КТГ-сын бағалау кезінде келесі мәліметтердің мағынасы жоқ:
а) жүрек жиырылуының базалды жиілігі
б) акцелерацияның болуы мен жілігі
в) децелерацияның болуы
г) шұғыл осцилляцияның амплитудасы
д) +жатыр-плацентарлы қан ағысының жағдайы
675. Кардиотахограммада нәрестенің жүрек жиырылуы жиілігінің вариабелділігі туралы жорамалдайды:
1)+ осциляция түрінде базалды жиіліктің орташа деңгейден ауытқуы
2) ЖЖЖ жылдам ритмінің болуы
3) базалды жиіліктің максималды деңгейден ауытқуы
4) ЖЖЖ баяу ритмінің болуы
5) базалды жиіліктің минималды деңгейден ауытқуы
676. Акцелерация - бұл
1)+ нәрестенің жүрек жиырылуы жиілігінің жиілеуі (ЖЖЖ)
2) нәрестенің ЖЖЖ сиреуі
3) нәрестенің жүрек әрекетінің аритмиясын бейнелеу
4) нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруін бейнелеу
5) нәрестенің жылдам дамуын бейнелеу
677. Децелерация – бұл:
1) нәрестенің жүрек жиырылуы жиілігінің жиілеуі
2) + нәрестенің ЖЖЖ сиреуі
3) нәрестенің сергектігін бейнелеу
4) нәрестенің терең ұйқысын бейнелеу
5) нәрестенің жүрек әректеінің аритмиясын бейнелеу
678. ІІІ санымен белгіленген плацента жетілуінің ультрадыбыстық көрінісі жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес келеді:
1) 30 аптаға дейін
2) 31-34 апта
3) 35-37 апта
4)+38-40 апта
5) 41-43 апта
679. АИВ инфекцияның патогенезінде вируста қай ферменттің болуы маңызды роль ойнайды:
1)+кері транскриптаза
2) ДНК-синтетаза
3) коллагеназа
4) стрептокиназа
5) РНК-полимераза
680. Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромының қоздырғышы болып табылады:
1) жай герпес вирусы
2) цитомегаловирус
3) аденовирус
4)+ретровирус
5) нейротропты фильтрлеуші вирус
681. АИВ патогенезінде маңызды орын алады:
1) Т –супрессорлар санының жоғарылауы
2) Т- супрессорлар санының азаюы
3) Т-хелперлер санының жоғарылауы
4)+Т- хелперлер, Т- супрессорлар санының бірден азаюы
5) В –супрессорлар санының жоғарылауы
682. АИВ инфекцияның жоғары концентрациясы байқалады:
1)+шәуетте
2) сілекейде
3) зәрде
4) терде
5) теріде
683. АИВ инфекцияда персистирлеуші ошақты лимфаденопатия ұлғаюымен сипатталады:
кез-келген 3 топ лимфа түйіндерінің, олардың ауру сезімділігі мен іріңдеуі
шап лимфатүйіндерінің, олардың ауру сезімділігі мен өзара жабысуы
кез-келген 3 топ лимфа түйіндерінің, олардың ауру сезімділігі мен өзара жабыспауы
+ шап және қолтықасты түйіндерінің, олардың ауру сезімділігі мен өзара жабысуы
барлық топ лимфа түйіндерінің және олардың ауру сезімділігі
684. Белден жоғары орналасқан лимфа түйіндерінің ұлғаюы ЖИТС-тің қай сатысына тән екенін көрсетіңіз. Лимфа түйіндерінің диаметрі 2 см, жұмсақ немесе тығызэластикалы консистенциялы, шектелген, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Оның үстіндегі тері өзгермеген.
1) бастапқы
2) вирус тасымалдаушы
3)+ ошақты лимфоаденопатия
4) ЖИТС-байланысты комплекс
5) ЖИТС
685. АИВ инфекцияға тексерудің скрининг әдісін таңдаңыз:
молекулярлы гибридизация (ДНК- зонды)
радиоиммунды (РИА)
иммунноблоттинг
+иммуноферментті (ИФА)
ПЦР
686. Қандай диагностикалық әдіс жүкті әйелдердегі құрсақ ішілік инфекцияны анықтауда ақпарат бермейді:
серологиялық
бактериоскопиялық
бактериологиялық
вирусологиялық
+УДЗ
687. Қызылша вирусының нәрестеге әсерінің нәтижесі болып табылмайды:
жүрек қан тамыр патологиясы
катаракта
естудің бұзылысы
ОЖЖ-нің үдемелі зақымдануы
+құрсақ ішілік пневмония
688. Жүкті әйелдердегі цитомегаловирусты инфекцияға қандай симптом тән емес:
1) әлсіздік, науқастану
2) +гектикалық температура
3) субфебрилді температура
4) катаралды көріністер
5) лимфоаденопатия
689. Жүкті әйелде симптомсыз бактериурия анықталғанда жүргізілетін іс-шаралар:
1) +антибактериалды терапия жүргізу
2) әйелдер консультациясының дәрігерінің бақылауы
3) урологтың консультациясы
4) бүйректің УДЗ
5) ары қарай тексерілу үшін, емханаға жолдама беру
690. Нәрестенің құрсақ ішілік инфицирленуі әкелуі мүмкін:
1) истмико-цервикалды жетіспеушілікке
2) артериалды гипертензияның дамуына
3) +нәрестенің құрсақ ішілік өліміне
4) ірі нәрестеге
5) жүктіліктің мерзімінен асуына
691. Мерзіміне жеткен жүктілікке қағанақ суының қандай максималды көлемі сәйкес келеді:
1) 500,0 мл.
2) 1000,0 мл.
3) 800,0 мл.
4) +1500,0 мл
5) 2000,0
692. Қағанақ суының көлемі қалыпты жағдайда құрайды:
1) 500,0 мл.
2) 1000,0 мл.
3) +500,0 мл. -1500,0 мл
4) 1500,0 мл
5) 2000,0 мл
693. Жүкті әйел К., перзентханаға келесі диагнозбен түсті: Жүктіліктің 34-35 аптасы Преэклампсияның ауыр дәрежесі. НДКС. Сіздің әрекетіңіз:
комплексті емді жалғастыру
босануға мифепрестонмен дайындау
босануға простагландинмен дайындау
амниотомиядан кейін босануды ынталандыру
+24 сағат аралығында босандыру
694. Мерзімінен асқан босану кезінде жаңа туылған нәрестенің гомеостазында байқалады:
1) + гиперкоагуляция
2) гипокоагуляция
3) жағдай өзгермейді
4) өзгерістер индивидуалды
5) эритроцитарлы звеноның белсенденуі
695. Жүктілік кезінде цитомегаловирусты инфекцияны емдеу үшін қолданады:
1) +вирусқа қарсы препараттар (ацикловир)
2) иммуномодуляторлар
3) мембраностабилизаторлар
4) антибиотиктер
5) қабынуға қарсы препараттар
696. Жүкті әйелдердегі цитомегаловирусты инфекция қандай асқынуға келтіруі мүмкін:
преэклампсия
+НДКС
қан ағу
аз сулық
көп сулық
697. Көп нәрестелі жүктіліктің негізгі симптомы болып табылады:
1) нәрестенің жамбаспен жатуы немесе нәрестенің көлденең жатуы
2) нәрестенің сирек қимылдауына жүкті әйелдің шағымдануы
3) +сыртқы акушерлік тексеру кезінде нәрестенің үш және одан да көп бөлігінің анықталуы
4) азсулық
5) көпсулық
698. Плацентаның жатуы – бұл плацента қай жерде орналасқанда аталатын патология:
1) жатыр денесінде
2) жатырдың төменгі сегментінде
3)+ жатырдың төменгі сегментінде, ішкі ернеуді жартылай немесе толық жауып
4) жатырдың артқы қабырғасында
5) жатыр түбінде
699. Қан кету кезінде плацентаның толық немесе жартылай жатуын анықтау негізделген:
1) жүктілік мерзіміне
2)+сыртқы қан кетудің көлеміне
3) ауру синдромының айқындық дәрежесіне
4) анемия белгісінің айқындық дәрежесіне
5) нәрестенің жағдайына
700. Жүктілік кезінде плацентаның жатуын анықтау үшін ең ақпаратты әдіс болып табылады:
1) анамнез жинау
2) сыртқы акушерлік зерттеу
3) айнамен қарау
4) қынаптық зерттеу
5)+УДЗ
701. Плацента жатуының клиникалық симптомы:
1) іштің төменгі жағындағы ауру сезімі
2) нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
3) жатыр формасының өзгеруі
4)+ әртүрлі интенсивтіліктегі қан кету
5) қағанақ суының босануға дейін кетуі
702. Плацента жатуы дамуының жиі себебі болып табылады:
1) жатырдың даму ақаулары
2) гениталидің қабыну процестері
3) жатыр миомасы
4) эндометриоз
5)+ түсіктер
703. Плацентаның толық емес жатуы бар қайта жүкті алғаш босанушы әйелде жатыр мойнының 4 см ашылуында нәрестенің жамбаспен жатқаны анықталды. Нәрестенің болжамалы салмағы - 3900 г. Жүргізу тактикасы:
1) амниотомия және босануды ынталандыру
