Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты для интернов ВОП каз-1440.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.66 Кб
Скачать

«Босану клиникасы»

  1. Үйде болған эклампсия ұстамасынан кейін 23 жастағы алғаш босанушы босану үйіне әкелінді. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, есі есеңгіреген. АҚҚ 150/100 мм сын. бағ., пульсі 98 соққы/минутына. Аяғында айқын ісінулер. Жүктіні жүргізудің ең ықтимал жүргізу әдісін анықтаңыз:

  1. емдеу фонында жүктілікті қарай жалғастыру

  2. 2-3 күн комплексті қарқынды терапия жүргізу

  3. +комплексті интенсивті терапия жүргізу үшін қарқынды емдеу палатасына жатқызу

  4. босануды қоздыру, кейін акушерлік қысқыш салу

  5. босану жолдарын босануды индукцияға дайындау

  1. Босану бөліміне патология бөлімінің палатасынан 26 жастағы қайта босанушы басталған босану әрекетімен ауыстырылды. Патология палатасында қойылған диагнозы: Жүктілік 39 апта. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Ауыстыру кезінде АҚҚ 140/95 мм сын. бағ., зәрде ақуыз 1,32 г/л, балтыры ісінген. Дәрігердің әдісі?

  1. +амниотомия

  2. босануды тыңғылықты ауырсыздандыру

  3. гипотензивті терапия

  4. оксигенотерапия

  5. динамикада бақылау

  1. Нәрестенің болжама салмағы 4500,0 гр. босанушыда күшену 1-2 минуттан кейін 50-60 секундтан, интенсивті. Вастен белгісі оң, төменгі сегмент толғақтан тыс пальпация кезінде ауру сезімді, контракционды сақина кіндік деңгейінде. Кіші дәретке бармағалы 3 сағат. Жатуышы бөлігі бас, кіші жамбас кіре берісіне фиксацияланған. Нәрестенің жүрек соғу 160 соққы/минутына. Қынаптық зерттеу: ашылуы толық. Басы кіші жамбас кіре берісіне фиксацияланған. Басында айқын босану ісігі. Мүйіске саусақ жетпейді. Ықтимал диагноз:

  1. Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық. Аса қатты босану әрекеті.

  2. Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық. Дискоординирленген босану әрекеті.

  3. +Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас. Жатырдың жыртылу қаупі.

  4. Босанудың IIкезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Басталған жатыр жыртылуы.

  5. Босанудың IIкезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Болған жатырдың жыртылуы.

  1. Босанушыда қынаптық зерттеуде анықталды: жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ қабы жоқ. Басы кіші жамбас кіре берісіне бекіген. Жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, үлкен еңбек қассағаға сол жақта, кіші еңбек сегізкөзге оң жақта үлкен еңбектен жоғары. Ықтимал диагноз:

  1. Босанудың I кезеңі. Алдыңғы түр, шүйдемен жату.

  2. Босанудың I кезеңі. Артқы түр, шүйдемен жату.

  3. +Босанудың I кезеңі. Алдыңғы баспен жату.

  4. Босанудың Iкезеңі. Маңдаймен жату

  5. Босанудың I кезеңі. Бетпен жату.

  1. Босанушыда ұрықтың болжам салмағы 3000,0 гр. , қынаптық зерттеуде анықталды: жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ суы жоқ. Мұрын, ауыз, ииек анықталады. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде, иек симфизден оң жақта. Босануды жүргізудің ықтимал акушерлік әдісі:

  1. кесар тілігін жасау

  2. акушерлік қысқыш салу

  3. сыртқы-ішкі бұрылыс жасау

  4. +босануды табиғи жолдар арқылы жүргізу

  5. ұрықты бұзу операциясын жүргізу

  1. Жүкті 28 жаста. Жүктілік мерзімі 38 апта. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар тілігі. Түскен кезде шағымдары: ішіңің төменгі жағында үнемі ауру сезімі, ұрықтың қозғалуымен күшейеді. Жатыр нормотонуста. Баспен жатыр. Нәрестенің жүрек соғуы анық, 136 соққы/минутына. Пальпация кезінде операциядан кейінгі тыртық аймағында ауру сезімі күшейеді. Қынаптық зерттеу: жатыр жұмсақ, ұзындығы 1,5 см, цервикальды өзек 1 көлденең саусақ ішкі ернеуден өткізеді, аймағында «өтпелі білік» анықталады. Баспен жатыр. Мыс жеткіліксіз. Бөлінділер шырышты. Ықтимал диагноз:

  1. Жүктілік 38 апта. Жатыр тыртығы. Жалған толғақтар.

  2. Жүктілік 38 апта. Жатыр тыртығы. Қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

  3. Жүктілік 38 апта. Жатыр тыртығы. Босанудың I кезеңі

  4. +Жүктілік 38 апта. Жатырдың тыртығы бойымен жыртылу қаупі

  5. Жүктілік 38 апта. Басталған жатырдың жыртылуы тыртық бойымен

  1. Босанушы 22 жаста. Нәрестенің болжам салмағы 3000,0. Босанудың 2-кезеңінде. Таза жамбаспен жату. Нәрестенің жамбасы жамбас түбінде. Кезекті күшеністен кейін ішінде ауру сезімі, қанды бөлінділер пайда болды. КТГ зерттеуінде ұрықтың жүрек соғуы 180 соққы/минутына, ерте децелерация 88 соққы минутына дейін. Ықтимал жүргізу әдісі?