Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жұмыс бағдарламасы 2012-2013 Клин Лаб Диагностика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.36 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ МОЛЕКУЛЯРЛЫ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық униветситеті

Бекітемін

дипломнан кейінгі білім және

аймақаралық әріптестік проректоры

проф. Дуйсекеев А.Д.

__________________

«__»_________2012г.

Жұмыс бағдарламасы «Ішкі аурулар» бағыты бойынша интернатура

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дисциплина «Клиникалық зертханалық диагностика»

Оқу сағатының көлемі: 180 сағат

Курс VI

Семестр 13-12

Бақылау формасы: экзамен

Алматы 2012

МАҚСАТЫ: интерн дәрігерлерде зертханалық алгоритмдерді рационалды қолдану дағдыларын және қағидаларын меңгеру, дәлелді медицина қағидаларымен және зертханалық диагностикалық технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес жеке ерекшеліктерді және жүргізілетін терапияны есепке ала отырып зертханалық зерттеулердің нәтижесін бағалау компетенциясын құрастыру.

ЖҰМЫСТАР:

Білім

Сезімталдықты, арнайылықты, әдістердің жүргізуге болатын вариацияларын есепке ала отырып заманауи зертханалық әдістердің мүмкіндіктері туралы, оларды рационалды қолдану және терапиялық мамандық бойынша аурулар кезінде науқастардан алынған талдау нәтижелерін интерпретациялау туралы интерн білімдерін жетілдіру;

Дағдылар

Жеке ерекшеліктерді, өткізіліп жатқан емді және науқастың клиникалық жағдайын есепке ала отырып зертханалық тексеру алгоритмін құру, терапияда мамандандырылған дәрілерлік медициналық көмек көрсету кезінде негізгі зертханалық диагностикалық көрсеткіштердің интерпретациялау дағдысын жетілдіру;

Дағдылар

Аурудың диагностикасы, мониторингі, болжамы және емдеуі кезінде жеке қарауды қамтамасыз ету біліктілікті және білім интеграциясы бойынша дағдыларын дамыту; диагностиканың зертханалық әдістерінің талдауы және дәлелді медицина қағидалары негізінде мамандандырылған шешім қабылдауды үйрету;

Коммуникативті

Зертханалық зерттеулер маңызын түсіндіру мақсатымен науқастармен және зертханалық қызметтің дәрігерлерімен қарым қатынастың коммуникативті дағдаларын дамыту, топта жұмыс ісету дағдыларын, диагностикалық және емдеу үрдісін құрастыру және басқаруды үйрету;

Денсаулық адвокаты

Клинико-зертханалық қызметтің құқықтық аспекттері және ЕПМ клинико-зертханалық бөлімдерінде құрылымының негізі бойынша заңды білімін дамыту;

Альтруизм, түсінушілік, аяушылық, жауапкершілік, шанайылық тәрізді профессиональды байлықтарды және конфиденциалдылық қағадаларын сақтауға үйрету;

Өзін жетілдіру

Үздіксіз мамандандырылған білім алуға және барлық профессионалды қызметі барысында өзінің білімін және дағдыларын жетілдіруге қажеттілікті дамыту; ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуын жалғастыру.

БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕРІ

Оқытушы жетекшілігімен интерннің тәжірибелік қызметі:

  • дәрігер интерннің терапевтік бөлімдерде және клиникалық диагностикалық зертханаларда жұмыс істеуі – науқастарды курациялау, медициналық документацияны жүргізу, науқастың зертханалық тексерілу алгоритмін құрастыру, зертханалық зерттеу нәтижесіне интерпретация жасау;

  • науқасты клиникалық талдауға, консилиумға, профессор немесе доценттер қарауына;

  • науқасты клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісі, профессор немесе доцент қарауына дайындау;

  • оқытушы бақылауымен тәжірибелік білімін және дағдыларын жетілдіру;

  • ғылыим-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференцияларға қатысу;

  • таңертеңгілік дәрігерлер конференциясына қатысу;

  • дәрігерлік конференцияларға тақырыптық баяндама дайындау;

  • дәрігерге міндетті көлемде санитарлы-ағартушылық жұмыстарын жүргізу (модуль көлемінде 1-2 сұқбаттасу, лекциялар, ақпаратты қағаздар, санбюлле­тень)

аптасына 1 күн - медициналық документацияны жүргізу сапасын бағалау (чек-парақ) – цикл бойынша 4 бағалау

аптасына 1 күн - стационар бөлімдерінде дәрігер көмекшісі ретінде кезекшілікке қалу және таңертеңгілік конференцияда есеп (чек-парақ) – цикл бойынша 4 бағалау

Оқытушы жетекшілігі бойынша интерннің теориялық дайындығы:

Науқасты тақырыптық/клиникалық талдау (тақырыптық талдау немесе патологоанатомиялық конференцияға клиникалық жағдайға презентация дайындау, ауру тарихын рецензиялау) - (чек-парақ)

семинар (дискуссия, ми шабуылы, кейс-стадия, жұп болып жұмыс істеу, брейн-ринг, рөлдік ойын және т.б.) – білім беру әдісін оқытушы интерндердің когнитивті қабілетіне байланысты таңдайды. Семинарға интерннің сабақ тақырыбы бойынша материалды түсінуіне баға беру кіреді (мақала қарау, баяндама), тест орындау және ситуациялық есептерді шешу (чек-парақ).

Практикалық дағдаларды жетілдіру – тренинг, кафедрада немесе симуляциялық орталықта симуляциялық сценарийлер бойынша рөлдік ойын.

Аптасына 1 рет – мәселелік лекция/білім конференциясы (кафедра жоспары бойынша).