Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие Зертх.мед.б.терапевт аныктамасы 14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.15 Mб
Скачать

Онкологиялық аурулар

№12 кестеде онкологиялық ауруларды зерттеудің зертханалық тесттерінің тізімі көрсетілген.

12 кесте

Зертханалық тест атаулары

Негізгі

Зерттеу әдістері

Зерттеу құралдары

Қысқаша клиникалық зертханалық мағына

Альфа-фетопротеин (АФП)

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

АФП жоғарғы мөлшері мынандай науқастарда анықталынады: гепатоцеллюлярлы карциномасы бар науқастарда, өт қабының, өт жолдарының, ұйқы безінің қатерлі ісігінде; тестикулярлы ісік, тератома, тератобластома; эмбриональді туынды ісігінде. Жүкті әйелдерде АФП анықтау көрсеткіші жүргізіледі: 1 триместрде жүктілік ағымын бақылау, түсік тастау, туа пайда болған ақауын диагностикалау және хромосомдық абберация.

СА 19,9

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

Онкомаркер СА 19,9 концентрациясын диагностикалауға, ем маниторингі үшін және ұйқыбезі мен асқазан ісігінің метастаздануын ерте анықтау үшін қолданылады. СА 19,9 ағзадан тек өт арқылы шығалылып отырады. Сондықтанда аз ғана холестаздың өзі қандағы маркер құрамын жоғарлатып жібереді. Концентрацияның жоғарлауы тіпті қатерсіз ісіктер мен муковисцидоз кезіндегі АІЖ мен бауырдың қабынуларда байқалады. Соны ескере отырып СА 242 мен РЭА диагностикасы және тоқ ішек пен тік ішек ісігінің дамуын маниторлау үшін СА19,9 қосымша маркер ретінде қолданылады.

СА 15, 3

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

СА 15-3 онкомаркері негізінен емнің маниторингісіне және сүт безі ісігінің (СБІ) рецидивін диагностикалау үшін қолданылады. Бұл маркер жеткілікті мөлшерде осы патологияға байланысты қатерсіз ісікпен салыстырғанда жоғарғы спецификалық болып саналады. Жоғарғы деңгейі 80 пайызы СБІ метастаз берген әйелдерде байқалады. Операциядан кейінгі кезеңде СА 15-3 жоғарғы мөлшерінің болуы ісіктің қалдығын көрсетеді, ал рецидив клиникалық белгілері болмасада жиі қан сарысуында біраз жоғарлау деңгейімен бірге жүреді. Кейбір кезде маркердің аса жоғары емес деңгейі циррозда, гепатитте, аутоиммунды бұзылыстарда, аналық без мен сүт безінің қатерсіз ісігінде байқалады. Аналық без, жатыр мойны, эндометридің карциномасында және басқада ісіктерде СА 15-3 жоғары деңгейі тек кеш сатыларында кездеседі.

СА 125

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

СА-125- әртүрлі аналық без ісігінде (серозды, эндометриалді, ашықжасушалық) терапия эффективтілігі мен ағым мониторингінде маңызды онкомаркер болып табылады. СА-125 тесті ауру рецидиві 3-4 ай клиникалық белгілері болмаған кезде анықтап беруге көмектеседі. Сонымен қатар АІЖ ісігі, сүт безінің, өкпенің карциномасы, жатыр мойнының, фаллопи өзегінің ісігінің өзі СА 125 деңгейінің біршама жоғарлауына алып келеді. Жүктіліктің бірінші триместірінде, кейбір қатерсіз ауруларда да маркердің деңгейі біраз жоғарлауы мүмкін. Бірақта СА 125 мөлшерінің қалыптыдан жоғарлауы аналық без ісігі бар науқастардың 80 пайызында анықталынады: 90 пайызы кең таралған аналық без ісігімен 50 пайызы ерте сатыларында , ал қатерсіз ауруларда оның концентрациясының жоғарлауы 10 пайыз жағдайда байқалады.

ß -ХГЧ

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

Еркектерде және әйелдерде бета-ХГЧ жоғары мөлшері анықталуы қатерлі түзілістің дамып жатқандығын көрсетеді. Пренаталді диагностикада ұрық ақауын анықтау үшін пайдаланады.

Ісікті эмбриональді антиген (ІЭА)

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

Әртүрлі жерде орналасқан ісік дамуында ІЭА деңгейі жоғарлайды және қатерлі процестің жағдайын нақтыкөрсете алады. Қан сарысуында ІЭА анықталуы шалғай жатқан ісік метастаздарын диагностикалауға мүмкіндік туғызады. ІЭА жоғары деңгейі әртүрлі асқорыту тракт карциномасында, сонымен қатар өкпе, сүт безі, бас пен мойын, дәнекер тінді туындысы бар қатерлі түзіміндерде байқалады. ІЭА органоспецификалықпен бірге анықтау тағайындалады (СА-242, СА-19-9, СА-15,3, СА 125). ІЭА жедел фазаның ақуызы болып табылады, сондықтанда оның деңгейі әртүрлі аутоиммунды, жедел және созылмалы қабыну ауруларында жоғарлауы мүмкін.

СА 72, 4

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

СА 72,4 онкомаркері- асқазан ісігінің, аналық без карциномасының ісікті маркері болып саналады. Тағайындауға негізгі көрсеткіш: асқазан ісігі, шырыш түзетің (муцинозды) аналық без карциномасын диагностикалауға, сонымен қатар осы аурулардың ағымын маниторингілеу үшін қажет.

CYFRA 21,1

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

Cyfra 21,1- өкпенің кішкентай емес рагінің ісік маркері болып саналады. Тағайындауға негізгі көрсеткіш: өкпенің қатерлі ісігін диагностикалауға, қуықтың бұлщықет-инвазивті карциномасы ағымын маниторинг жасау үшін қолданылады.

Нейронспецификалық энолоза NSE

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

NSE өкпенің кішкентай емес рагінің және нейробластоманың онкомаркері болып саналады. Бұл маркерді мидың ишемиядан кейінгі зақымдануды анықтау үшін қолдануымызға болады. Басқада неврологиялық процестерде де (эпилепсия, субарахноидалді қан құйылу) жоғарлауы мүмкін.

S100

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

S100 диагностикалық және болжаушы онкомаркер ретінде қатерлі меланомада, глиомада, жоғарыдифференциялық нейробластомада қолданады. S100-дің плазмадағы жоғары концентрациясы бас миының зақымдануын көрсететің маркер болып табылады. S100 тестің сонымен қатар жүрек соғысы тоқтаған науқастарда неврологиялық асқынулары мен миы зақымдану болжамын жасауға қолданады. Мидың қанайналым бұзылыстарында ми микроинфаркті қосарласқанда ерте анықтайтын маркер ретінде қолданылады.

Тиреоглобулин (ТГ)

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

ТГ қалқанша бездің жаңа түзілімін анықтау маркері. ТГ деңгейі әртүрлі ауруларда, әсіресе дифференцияланған қалқанша без карциномасында жоғарлауы мүмкін.

Простатоспецификалық антиген (ПСА) жалпы

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

Жалпы ПСА қуықасты бездің жаңа түзілімінің скрининг тесті болып саналады, ал концентрациясы жоғарлағанда бос ПСА зерттелінеді.

Простатоспецификалық антиген (ПСА) бос

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

Бос ПСА- қуықасты без рагінің простатоспецификалық антигені болып саналады.Кең көлемде қолданатын жоғарыда көрсетілген онкомаркерлер субклиникалық рецидивтерді және онкологиялық науқастардың ісікке қарсы терапия эффективтілігін бағалауға көмектеседі.

2ПроПСА, дені сау простата индексі phi

+

Иммуноферментті

Elecsys 2010

Roch

Ассеss 2

Beckman

2ПроПСА, дені сау простата индексі phi- Beckman Coulter жаңа параметрі, үш сарысу тест тің нәтижесіне саналатын, соның көмегімен РПЖ биопсия арқылы қауіп сатысын болжауымызға болады. Beckman Coulter phi PSA, Free PSA қолданғанда саналады және жаңа тестті p2PSA, простатспецификалық изоформасын шығарлуын[-2]proPSA, РПЖ диагностикалауда әсіресе спецификалық болып табылады. Phi 50 жастан асқан ерлерді зерттеуде ПСА деңгейінің 2 ден 10 нг/мл айқын мағынаны анықтайды және қуықасты безін саусақпен ректальді зерттеуде ешқандай өзгеріс болмайды. Жүргізілген зерттеу көрсеткіштері ПСА мен ПСА бос пайызына қарағанда phi спецификалық индексі жоғары екендігін көрсетеді. Осыған байланысты дәрігер сенімділікпен науқас қуықасты безінің биопсиясына мұқтаж екендігін нақтылауға болады. Бұл қуықасты безінің биопсия жүргізілу санын азайтады.

Төменгі көрсеткіші phi қаупі жоғары емес потенциалды көрсетеді,жоғарғы ал жоғарғы phi мөлшері қуықасты без рагін биопсия жүргізу керектігін көрсетеді.

Ақуыздарды иммунды типтеу

+

Электрофорез капилярлы

MiniCap

Қан сарысуында және зәрде иммунотиптіленеді (скрининг Ig G, Ig A, Ig M, kappa және lambda, М-градиентті типтілеу). Парапротеинді гемабластозды, миеломды ауруды диагностикалау.