Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 лек.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.22 Кб
Скачать

3.Тақырып Көне Қытай философиясы

Гегель уақытында айтқанындай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан кейін, біз де философияның тарихын Шығыс елдерінен бастаймыз.

Бірақ, мұның өзі “Шығыстық² тұжырымына әкелмеуі керек. Жоғарыдағы көрсеткеніміздей, философия бір уақытта Дүниежүзінің үш жерінде - Қытай, Үнді, Грецияда дүниеге келеді. Философияның мәселелері бір болғанымен, бұл үш цивилизация оларға үш түрлі жауап береді, ұқыпты оқырман оны оқыған кезде байқайды ғой деген үміттеміз.

Сол үш цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі. Ол- бүгінгі таңда заманның талабына сәйкес жақсы жауап тауып, өте тез дамып келе жатқан ел. Ғалымдардың айтуына қарағанда, XX1 ғасырдың отызыншы жылдарында Қытай Дүниежүзіндегі ең дамыған елге, Дүниежүзінің экономикалық орталығына айналмақ.

Қытай елінде болып жатқан жаңару үрдістері сол елдің терең түп-тамыры – 4-5 мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың дүниетанымы мен дүниесезімі (менталитеті), философиясымен байланысты. Синологтардың (қытайтанушылар) айтуына қарағанда, Қытайдың моральдық философиясының негізгі қағидалары бүгінгі заманның талабына сай келіп, реформаларды жеделдетуге өзінің зор ықпалын тигізуде.

Ендеше сол халықтың тудырған философиясын зерттеп, өзімізге керек жақтарын ойымызға түйейік.

Қытай философиясына кіріспестен бұрын бір-екі ауыз сөзді осы халықтың мифологиясына арнау керек, өйткені, қай халық болмасын, оның мәдениеті мен философиясының түп-тамыры, қайнар көзі сол көне аңыздарға барып тіреледі. Қытай аңыздарында Дүниенің жаратылуына көп көңіл бөлінген. Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) ішінде үлкен жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам – Пань-Гу шықты,- дейді Қытай мифологиясы. Содан кейін ол оң қолымен сермеп қалғанда, хаос қаққа жарылып, жер мен аспан пайда болыпты. Әрі қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан – күн күркірейді, бір көзінен күн туса, екіншісінен ай пайда болады, Дүниенің төрт бөлігі – оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері – оның қанынан, жаңбыр – шыққан терінен пайда болыпты.

Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды.

Б.ғ.д. Vқ-V ғ.ғ. Қытай елінде мифологиялық дүниетанымнан философияға қөшу үрдістері басталады. Сонау көне заманнан бастап Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм – бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым – Кон-фу-циандық - ол Қытай халқының моралдық философиясы, үшінші – Фа-цзя мектебі –ол Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманда пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады.

Даосизм ағымы

Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.) “Даодецзин² деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары қV-қққғ.ғ. жинақтаған.

Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері.

Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.

Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан-алуан заттарға келер болсақ, олардың әр-қайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар- уақытпен шеңберленген- бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.

Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы “Де² деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса Де - оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, Дені бағалайды.

Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.

Дао - мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]