Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 нуска бирге.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.34 Mб
Скачать

І нұсқа

1. Жиілігі 20-20000 Гц арасында серпімді ортада таралып, есту сезімін туғызатын механикалық толқын:

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

2. Дыбыс көзі мен қабылдаушы бір-бірімен салыстырғанда қозғалыста болса, онда қабылдаушыға келіп жеткен дыбыстың жиілігі дыбыс көзінен шыққан дыбыс жиілігінен өзгеше болады. Бұл эффектіні ашқан ғалым:

А) Вебер-Фехнер

В) Умов-Пойтинг

С) Эйнштейн

Д) Доплер

Е) Коротков

3. Ұрғылау арқылы шыққан дыбысқа байланысты мүшелердің шекарасын және жағдайын анықтауға болады. Бұл әдісті:

А) аускультация дейді.

В) аудиометрия дейді.

С) перкусия дейді.

Д) фонокардиография дейді.

Е) эхокардиография дейді.

4. Ультрадыбыс:

А) жиілігі 20-20000 Гц механикалық толқындар.

В) жиілігі 16 Гц-тен төмен механикалық толқындар.

С) жиілігі 30 кГц-тен жоғары электромагниттік толқындар.

Д) жиілігі 20 кГц-тен жоғары механикалық толқындар.

Е) кез-келген механикалық толқындар.

5. Адам ағзасының түрліше мүшелерінде пайда болған дыбыстарды жазу әдісі:

А) фонография

В) аудиометрия

С) реография

Д) сфигмомонометрия

Е) спектрометрия

6. Жүректің физиологиялық ерекшелігіне сәйкес шыққан дыбысты диагностика мақсатында қолдану әдісін көрсетіңіз:

А) аудиометрия

В) фонография

С) фонокардиография

Д) баллистокардиография

Е) механокардиография

7. Ішкі органдардың шығаратын дыбысын тыңдауға арналған құрал: А) аудиометрия

В) эндоскоп

С) фонендоскоп

Д) кардиограф

Е) сфигмотонометр

8. Беттік керілу коэффицентін анықтайтын әдіс:

А) капиллярлық вискозиметр

В) электрофорез әдісі

С) Стокс әдісі

Д) үзілген тамшыны санау әдісі

Е) Клеман-Дезори әдісі

9. Сұйықтың тұтқырлығын өлшейтін құрал, ол:

А) визкозиметр

В) рефрактометр

С) поляриметр

Д) нефелометр

Е) интерферометр

10. Қалыпты жағдайда систолалық қысым мен диастолалық қысымның арасы 40-50 мм сын. бағ. болса, онда оны:

А) систолалық қысым дейді.

В) диастолалық қысым дейді.

С) перифериялық қысым дейді.

Д) веналық қысым дейді.

Е) пульстық қысым дейді.

11. Қалыпты жағдайдағы систолалық қысымның мөлшерін көрсетіңіз:

А) 70-90 мм.сын.бағ.

В) 100-130 мм.сын.бағ.

С) 140-160 мм.сын.бағ.

Д) 160-180 мм.сын.бағ.

Е) 180-нен көп мм.сын.бағ.

12. Қан тамырлар бойымен қанның қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін биофизика саласы:

А) гемодинамика

В) гидродинамика

С) термодинамика

Д) электродинамика

Е) кинематика

13. Қозбаған тыныш күйдегі мембрананың ішкі және сыртқы беттеріндегі стационарлық электр потенциалдарының айырмасын:

А) диффузиялық потенциал дейді.

В) мембраналық потенциал дейді.

С) тыныштық потенциалы дейді.

Д) әрекет потенциалы дейді.

Е) фазалық потенциал дейді.

14. Биоэлектрлік потенциалдардың пайда болуы:

А) жасушалардың ішіндегі және сыртқы ортадағы иондардың таралымының әр түрлі болуына байланысты.

В) жасушалардың ішіндегі және сыртқы ортадағы иондар таралымының тең болуына байланысты.

С) белсенді зат тасымалдауға байланысты.

Д) енжар зат тасымалдауға байланысты.

Е) мембрананың құрлысына байланысты.

15. Бұл кімнің теңдеуі және нені анықтайды:

А) Фик теңдеуі – мембранадағы диффузия құбылысын анықтайды;

В) Гендерсон теңдеуі – диффузиялық потенциалды анықтайды;

С) Нернст теңдеуі – мембраналық потенциалды анықтайды;

Д) Гольдман-Ходжкин теңдеуі – әрекет потенциалын анықтайды:

Е) Гольдман теңдеуі – тыныштық потенциалын анықтайды.

16. Мембраналық потенциалдың тепе-теңдігін анықтайтын теңдеуді шығарған ғалымды атаңыз:

А) Фик

В) Нернст

С) Хаксли

Д) Ходжкии

Е) Гольдман

17. Биологиялық мембрананың негізгі 3 функциясы:

А) матрицалық, механикалық, бөгеттік

В) матрицалық, құрылымдық, бөгеттік

С) толқындық, механикалық, бөгеттік

Д) құрылымдық, толқындық, механикалық

Е) толқындық, матрицалық, механикалық

18. Жартылай өткізетін мембрана арқылы таралымы аз жақтан таралымы жоғары жаққа қарай су молекулаларының тасымалы:

А) жеңілдетілген диффузия

В) қарапайым диффузия

С) қарапайым

Д) фильтрация

Е) осмос

19. Биологиялық мембрана арқылы зат тасымалдаудың түрлерін көрсетіңіз:

А) биоэлектірлік потенциалдар айырмасы және зат таралымының өзгерісі әсерінен тасымал

В) зат таралымының өзгерісі және белсенді тасымал

С) диффузия процесі және енжар тасымал

Д) енжар және белсенді тасымал

Е) зат таралымының өзгерісі және диффузия процесі

20. Жасушадағы электролиттерде енжар зат тасымалдау:

А) электр өрісінің потенциалының мәні жоғарғы (φ ) орнынан потенциалы төменгі (φ ) орынға қарай тасымалданады.

В) заттың электрохимиялық потенциалы жоғары (μ ) орнынан төменгі (μ ) орынға қарай тасымалданады.

С) заттың таралымы көп (С ) орнынан таралымы аз (С ) орнына қарай тасымалданады.

Д) заттың таралымы аз (С ) орнынан таралымы көп (С ) орнына қарай тасымалданады.

Е) заттың электрохимиялық потенциалы төменгі (μ ) орнынан жоғарғы (μ ) орнына қарай тасымалданады.

21. Жасушада енжар зат тасымалдау үшін:

А) АТФ-тің энергиясы шығындалмайды.

В) АТФ-тің энергиясы шығындалады.

С) қосымша электр өрісі әсер етуі керек.

Д) энергия алмасуының нәтижесі тұрақты болады.

Е) қосымша тұрақты электр тогымен әсер ету керек.

22. Енжар тасымалдың түрлері:

А) қарапайым диффузия, зат таралымының градиентіне қарсы, қозғалыс

В) осмос, қысым градиентіне қарсы қозғалыс, фильтрация

С) жеңілдетілген диффузия, белсенді тасымал

Д) диффузия, осмос, фильтрация

Е) белсенді тасымал

23. Мембрананың жазықтығында липидтер мен ақуыздардың ретсіз жылулық ауысуы:

А) латеральдық диффузия

В) флип-флоп, диффузия

С) диффузиялық потенциал

Д) қарапайым диффузия

Е) жеңілдетілген диффузия

24. Көзбен көруге болмайтын ішкі мүшелердің (өт жолы, мұрын куысы, ас қорыту жолы және т.б.) ішкі бетін көруге болатын әдіс:

A) эндоскопия

В) интерферометрия

С) флюрометрия

Д) фонендоскопия

Е) поляриметрия

25. Көрінетін жарықтың толқын ұзындығын көрсетіңіз:

А) 0,0001-80 нм

В) 750-2000 нм

С) 400-750 нм

Д) 200-400 нм

Е) 80-200 нм

26. Инфрақызыл сәуленің толқын ұзындығын көрсетіңіз:

А) 0,0001-80 нм

В) 750-2 мм

С) 400-750 нм

Д) 200-400 нм

Е) 80-200 нм

27. Инфрақызыл сәуленің әсерінен:

А) адам ағзасының сыртқы беті қызады.

В) тереңде жатқан ұлпалар қызады.

С) без жолдарының жұмысы жақсарады.

Д) ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсарады.

Е) қанның тұтқырлық коэфиценті қалыпты деңгейге келеді.

28. Фотобиологияда биологиялық объектілердің жарықты сезгіштігін арттыратын қосылыстар:

А) фотореактивация

В) фотосенсибилизация

С) фотодимеризация

Д) фотодинамика

Е) фотодермис

29. Қантамырлардың үлкею нәтижесінде болатын терінің қызаруы:

А) эдема

В) эритема

С) фотоаллергия

Д) фотоконцерогенез

Е) фотодимеризация

30. Ультракүлгін сәуле ұзақ уақыт бойы әсер еткенде адам терісінде рак ауруы пайда болуы мүмкін. Осыны не дейді:

А) фотоконцерогенез

В) фотолиз

С) фотодимеризация

Д) фотосенсибилизация

Е) мутация

31. Көрінетін жарық пен қысқа радиотолқындар арасындағы спектр аймағын:

А) көрінетін сәулелер дейді.

В) рентген сәулелері дейді.

С) ультракүлгін сәулелер дейді.

Д) радиоактивті сәуле дейді.

Е) инфрақызыл сәуле дейді.

32. Жүрек бұлшық еттерінің барлығы бір сәтте жиырылмай, әр қайсысы әр уақытта жиырылады. Осындай процесті:

A) жүрек фибрилляциясы

В) асфикция

С) гипоксия

Д) дарсонвализация

Е) кардиостимуляция

33. Электрофорез деп:

А) ағзаға жоғары жиілікті электр өрісімен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

В) ағзаға төменгі жиілікті магнит өрісімен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

С) ағзаға айнымалы токпен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

Д) ағзаға тұрақты (үздіксіз) токпен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

Е) ағзаға дыбыспен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

34. Медициналық датчик деп:

А) тірі тіндегі электрлік құбылыстарды бақылайтын қондырғыны атайды.

В) электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электрлік сигналға айналдыратын қондырғыны атайды.

С) сыртқы энергия көзі есебінен электрлік сигналды күшейтетін қондырғыны айтады.

Д) тірі жасуша биопотенциалын өлшеуге арналған қондырғыны айтады.

Е) айнымалы токты түзетуге арналған қондырғыны айтады.

35. Ағза тініне күші аз, үздіксіз тұрақты токпен әсер ету арқылы емдеу әдісін:

А) аэроионотерапия дейді.

В) франклинизация дейді.

С) электростимуляция деп атайды.

Д) ультражоғары жиілікті терапия дейді.

Е) гальванизация дейді.

36. Электр тізбегінің екі нүктесін қосуға арналған арнайы пішінді өткізгіш:

A) датчик

В) электрод

С) индикатор

Д) осциллограф

Е) стимулятор

37. Электрокардиография – ол:

А) мидың биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

В) бұлшықеттің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

С) көздің тор қабатының биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Д) жүректің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Е) терінің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

38. Электроэнцефолография – ол:

А) мидың биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

В) бұлшықеттің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

С) көздің тор қабатының биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Д) жүректің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Е) терінің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

39. Жүрек биопотенциалдары:

А) жүректің жүйке-бұлшықет жүйесінің қозу нәтижесінде пайда болады.

В) орталық жүйке жүйесінің қызуынан пайда болады.

С) жүректің бас интегралдық электр өсінің өзгеруінен пайда болады.

Д) жүрек жұмысының функциясы өзгергенде пайда болады.

Е) адам ағзасына үздікті электр тогымен әсер еткенде пайда болады.

40. Гальванизация-физиотерапиялық емдеу әдісі, ол:

А) тікбұрышты түрдегі импульстік токтарды қолдануға негізделген.

В) экспоненциалды түрдегі импульстік токтарды қолдануға негізделген.

С) үшбұрышты түрдегі импульстік токтарды қолдануға негізделген.

Д) кернеуі 60-80 В үздіксіз тұрақты токтарды қолдануға негізделген.

Е) ультражоғары жиілікті (30-300 МГц) электромагниттік өрістерді қолдануға негізделген.

41. Электрокардиограмма деп:

А) жүректің функционалдық ерекшелігіне сәйкес пайда болған биопотенциалдарды тіркеу әдісін айтады.

В) адам денесі бетіндегі екі нүкте аралығындағы кернеуді жазуды айтады.

С) тірі жасушалардағы ток күші өзгерісін жазуды айтады.

Д) тірі жасуша кедергісінің өзгерісін жазуды айтады.

Е) ағзаның түрліше мүшелерінде пайда болған дыбыстарды жазуды айтады.

42. ЭКГ-ның тістерін төмендегі ретпен белгілейді:

А) P-R-S-T-Q

В) Q-P-R-S-T

С) P-Q-R-S-T

Д) R-Q-P-T-S

Е) T-Q-R-S-P

43. Электрокардиография:

А) жүрек бұлшықетінің қозуын тіркеу.

В) жүрек биопотенциалының өзгерісін тіркеу.

С) жүйке жүйесі биопатенциалының өзгерісін график арқылы бейнелеу.

Д) жүректің бұлшықетінің ауруын емдеу әдісі.

Е) электр өрісінің әсерінен биопотенциал моделінің өзгеруі.

44. Дарсонвализация әдісінде:

А) тері мен сілекейлі қабыққа жоғары жиілікті электр тогының разряды әсер етеді.

Б) ағзаға жоғары жиілікті электр тогы әсер еткенде жылу бөлініп шығады.

В) адам ағзасына жоғары жиілікті электр өрісі әсер етеді.

Д) адам ағзасына тұрақты электр өрісімен әсер етеді.

Е) адам ағзасына жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді.

45. Бұлшық еттің биоэлектрлік белсенділігін анықтау әдісі:

А) энцефалография

В) электрография

С) эхоэнцефалография

Д) электромиография

Е) электрокардиография

46. Диагностика мақсатында тіндер мен ағзалардың биопотенциалдарын тіркеу:

А) авторадиография

В) электрография

С) аудиография

Д) термография

Е) фонография

47. Дәрілік электрофорез деп:

А) дәрілік заттарды енгізетін және ағзаға жоғары жиілікті өріспен әсер ететін электрлік емдік әдіс.

В) дәрілік заттарды енгізу және ағзаға төменгі жиілікті өріспен әсер ететін электрлік емдік әдіс.

С) дәрілік заттарды енгізу және ағзаға айнымалы токпен әсер ететін электрлік емдік әдіс

Д) ультрадыбыс көмегімен дәрілік заттарды енгізу.

Е) адам ағзасына тұрақты, үздіксіз электір тоғымен әсеретіп, дәрілік заттарды шаншымасыз енгізетін электірлік емдік әдіс.

48. Қажетті зат арқылы рентген сәулесін өткізіп, оның0 кескінін экраннан бақылау әдісі:

A) рентгенография

В) флюорография

С) рентгеноскопия

Д) рентген томографиясы

Е) рентгенограмма

49. Рентген түтігінің ішіне орналасқан металл катодты қыздырғанда одан электрондар бөлініп шығады. Бұл құбылыс:

А) фотоэффект

В) Доплер эффектісі

С) пьэзоэлектрлік эффект

Д) термоэлектрондық эмиссия

50. Ауаның ылғалдығын анықтайтын құрал:

А) поляриметр

В) рефрактометр

С) аудиометр

Д) психрометр

Е) нефелометр

ІІ нұсқа

1. Жиілігі 0-ден 20 Гц-ке дейін таралып, адамның есту мүшесімен қабылданбайтын механикалық толқын:

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

2. Доплер эффектісі медицинада:

А) адам құлағының дыбысты қабылдау шегін анықтау үшін қолданылады.

В) қан қысымын өлшеу үшін қолданылады.

С) қантамырлар бойымен қанның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін қолданылады.

Д) қанның минуттық көлемін анықтау үшін қолданылады.

Е) қанның соққылық көлемін анықтау үшін қолданылады.

3. Диагностика мақсатында ағзаның ішінде пайда болатын дыбыстарды тікелей тыңдау әдісі:

А) дарсонвализация

В) коагуляция

С) электростимулация

Д) энцефалография

Е) аускультация

4. Аускультация үшін қолданылатын құрал:

А) фонендоскоп

В) бронхоскоп

С) аудиометр

Д) эндоскоп

Е) сфигмотонометр

5. Артериядағы қан қысымын өлшеу әдісін көрсетіңіз:

А) Эйнтховен теориясы

В) Коротковтың әдісі

С) Гаген-Пуазейль ережесі

Д) Вискозиметр әдісі

Е) Стокс әдісі

6. Тамыр бойымен ағатын қанның қозғалысы:

А) қанайналым жүйесіндегі қанның көлеміне байланысты.

В) жүректің жұмысына, тамырдың диаметріне және оның қабырғаларының эластикалық қасиетіне, қанның тұтқырлығына байланысты.

С) тек қантамырының диаметріне байланысты.

Д) қантамырының эластикалық қасиетіне байланысты болып, қанның тұтқырлығына байланысты емес.

Е) қанның тұтқырлығына және температурасына байланысты.

7. Беттік керілу коэффицентін анықтайтын әдіс:

А) капиллярлық вискозиметр

В) электрофорез әдісі

С) Стокс әдісі

Д) үзілген тамшыны санау әдісі

Е) Клеман-Дезори әдісі

8. Жүректің бұлшықеттері (фибриллалары) бір рет жиырылғанда аортаға қан құйылады. Аортаның қабырғасы кеңіп ондағы қан қысымы артады. Осы қысым:

А) систолалық

В) диастолалық

С) перифериялық

Д) веналық

Е) пульстық

9. Қалыпты жағдайдағы диастолалық қысымды көрсетіңіз:

А) 70-90 мм.сын.бағ.

В) 100-130 мм.сын.бағ.

С) 140-160 мм.сын.бағ.

Д) 160-180 мм.сын.бағ.

Е) 180-нен көп мм.сын.бағ.

10. Қозбаған тыныш күйдегі мембрананың ішкі және сыртқы беттеріндегі стационарлық электр потенциалдарының айырмасын:

А) диффузиялық потенциал дейді.

В) мембраналық потенциал дейді.

С) тыныштық потенциалы дейді.

Д) әрекет потенциалы дейді.

Е) фазалық потенциал дейді.

11. ; Бұл Гендерсон теңдеуі анықтайды:

А) мембраналық потенциалды

Б) фазалық потенциалды

В) мембраналық-фазалық потенциалды

Д) диффузиялық потенциалды

Е) диффузиялық-мембраналық потенциалды

12. Тыныштық потенциалы – бұл:

А) қозбаған жасуша цитоплазма мен қоршаған орта арасындағы потенциалдар айырымы.

В) қозбаған күйдегі мембрананың ішкі және сыртқы беттерінің потенциалдарының айырымы.

С) қозбаған күйдегі мембрананың ішкі жағында пайда болатын потенциал.

Д) қозбаған күйдегі мембрананың сыртқы жағында пайда болатын потенциал.

Е) қозбаған күйдегі мембрананың ішінде және қоршаған орта арасындағы магнит өрісінің потенциалдар айырымы.

13. Мембранада зат тасымалы үшін АТФ энергиясы пайдаланылса, онда бұл тасымал:

А) диффузиялық

В) жеңілдетілген

С) белсенді

Д) қосалқы

Е) енжар

14. Мембранада иондардың өту жолы:

А) арна

В) липидтік қабат

С) билипидтік қабат

Д) дәліз

Е) саңылау

15. Жартылай өткізетін мембрана арқылы таралымы аз жақтан таралымы жоғары жаққа қарай су молекулаларының тасымалы:

А) жеңілдетілген диффузия

В) қарапайым диффузия

С) қарапайым

Д) фильтрация

Е) осмос

16. Жасушадағы белсенді зат тасымалдау:

А) электр өрісінің потенциалының мәні жоғарғы (φ ) орнынан потенциалы төменгі (φ ) орынға қарай тасымалданады.

В) заттың электрохимиялық потенциалы жоғары (μ ) орнынан төменгі (μ ) орынға қарай тасымалданады.

С) заттың таралымы көп (С ) орнынан таралымы аз (С ) орнына қарай тасымалданады.

Д) заттың таралымының аз (С ) орнынан таралымы көп (С ) орнына қарай тасымалданады.

Е) заттың электрохимиялық потенциалы төменгі (μ ) орнынан жоғарғы (μ ) орнына қарай тасымалданады.

17. Жасушада белсенді зат тасымалдау үшін:

А) АТФ-тің энергиясы шығындалмайды.

В) АТФ-тің энергиясы шығындалады.

С) қосымша электр өрісі әсер етуі керек.

Д) энергия алмасуының нәтижесі тұрақты болады.

Е) қосымша тұрақты электр тогымен әсер ету керек.

18. Көзбен көруге болмайтын ішкі мүшелердің (өт жолы, мұрын куысы, ас қорыту жолы және т.б.) ішкі бетін көруге болатын әдіс:

A) эндоскопия

В) интерферометрия

С) флюрометрия

Д) фонендоскопия

Е) поляриметрия

19. Электрлік люминесценция:

А) электр тогының әсерінен пайда болады.

В) ультракүлгін сәуленің әсерінен пайда болады.

С) электрондармен атқылағында пайда болады.

Д) химиялық реакциялардың әсерінен пайда болады.

Е) электромагниттік толқынның әсерінен пайда болады.

20. Ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығын көрсетіңіз:

А) 0,0001-80 нм

В) 750-2000 нм

С) 400-750 нм

Д) 200-400 нм

Е) 80-200 нм

21. Емдеуге қолданылатын инфрақызыл сәуленің адам ағзасына биофизикалық әсері:

А) сәуленің түсу бұрышына тәуелді.

В) сәуленің әсер ету ауданына тәуелді.

С) сәуленің температурасына тәуелді.

Д) ағзаның қоршаған ортамен тәуелділігі.

Е) ағзадан бөлініп шығатын сұйықтың көлеміне тәуелді.

22. Күн сәулесі әсер еткенде органикалық молекулалардың синтезі:

А) фототаксис

В) фотосинтез

С) фототропизм

Д) көру процесі

Е) фотопериодизм

23. Ультракүлгін сәулемен әсер еткенде жүретін реакциялардың ішіндегі ең маңыздысын көрсетіңіз:

А) аминқышқылының ыдырауы

В) липидтердің тотығуы, фотоиондар процесі

С) фотодимеризция, фотохимиялық тотығу және сулану

Д) аминқышқылынның ыдырауы және липидтердің тотығуы

Е) фотосенсибилизация, фототропизм

24. Қантамырлардың үлкею нәтижесінде болатын терінің қызаруы:

А) эдема

В) эритема

С) фотоаллергия

Д) фотоконцерогенез

Е) фотодимеризация

25. Тері түсінің өзгеруі:

А) пигментация

В) эритема

С) эдема

Д) гиперемия

Е) фотоаллергия

26. Магнит өрісі:

А) магниттелген зарядтардың реттелген қозғалысы.

В) магниттелген зарядтардың айналасында болатын материяның ерекше түрі.

С) электр зарядтарының реттелген қозғалысы.

Д) тыныштықта тұрған зарядталған бөлшектер айналасында болатын материяның ерекше түрі.

Е) қозғалыстағы зарядталған бөлшектер айналасында болатын материяның ерекше түрі.

27. Электр тогы:

А) зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы.

В) зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

С) электр өрісінің әсерінен бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

Д) магнит өрісінің әсерінен бөлшектердің қозғалыс жылдамдығының өзгеруі.

Е) қозғалыстағы зарядтардың бағытталған қозғалысы.

28. Электрофорез деп:

А) ағзаға жоғары жиілікті электр өрісімен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

В) ағзаға төменгі жиілікті магнит өрісімен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

С) ағзаға айнымалы токпен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

Д) ағзаға тұрақты (үздіксіз) токпен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

Е) ағзаға дыбыспен әсер етіп, сол арқылы дәрілік заттарды денеге енгізуге негізделген электрлік емдік әдісті айтады.

29. Ағзаға әсер ететін тұрақты токтың алғашқы әсері:

А) кілтті қосқанда немесе ажыратқан кезде ток шамасының бірден өзгеруіне негізделген.

В) электрлік диполь моменттерінің ыңғайланып орналасуына негізделген.

С) сәуле шығару арқылы радиоактивті ядроларының ыдырауына негізделген.

Д) сәулелерді жұту кезінде тінде пайда болатын фотохимиялық реакциялардың жүруіне негізделген.

Е) тіннің құрамындағы иондардың таралымының өзгеруіне негізделген.

30. Ағза тініне күші аз, үздіксіз тұрақты токпен әсер ету арқылы емдеу әдісін:

А) аэроионотерапия дейді.

В) франклинизация дейді.

С) электростимуляция деп атайды.

Д) ультражоғары жиілікті терапия дейді.

Е) гальванизация дейді.

31. Электрлік емес сигналдарды электрлік жолмен өлшеуге арналған кұрал:

А) датчик

В) электрод

С) индикатор

Д) осциллограф

Е) стимулятор

32. Электромиография – ол:

А) мидың биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

В) бұлшықеттің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

С) көздің тор қабатының биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Д) жүректің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Е) терінің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

33. Биопотенциалдар:

А) тіннің және жасушаның қозуы нәтижесінде оларды қоршаған ортадағы иондар тараламының өзгеруі.

В) кеңістіктің кез келген екі нүктесінің арасында пайда болған электрлік әдістер.

С) тірі ағзадан өтетін электр тогы.

Д) адам ағзасына емдеу мақсатында қолданылатын электр тогы.

Е) тірі ағзадан өтетін айнымалы ток.

34. Жүректің биопотенциалдарын тіркеу және оны сараптау медицинада:

А) жүрек-қантамырлар жүйесін емдеуде қолданылады.

В) қанның қантамырлар бойымен қозғалысын анықтауда қолданылады.

С) жүрек-қантамырлар жүйесінің физиологиялық күйін анықтауда (диагностикада) қолданылады.

Д) жүйке жүйесінің физиологиялық күйін анықтауда қолданылады.

Е) жүректің өлшемін және орналасуын анықтауда қолданылады.

35. Электрокардиографияның негізі:

А) Максвелл теориясы

В) Гольдман –Хонжкин теориясы

С) Нернст теңдеуі

Д) Эйнтховен теориясы

Е) Даниэл-Девсон теориясы

36. ЭКГ-ның тістерін төмендегі ретпен белгілейді:

А) P-R-S-T-Q

В) Q-P-R-S-T

С) P-Q-R-S-T

Д) R-Q-P-T-S

Е) T-Q-R-S-P

37. Жүректің патологиялық өзгерісі кезінде:

А) ЭКГ тістерінің биіктігі өзгереді.

В) ЭКГ тістерінің ара қашықтығы өзгереді.

С) ЭКГ тістерінің формасы өзгермейді.

Д) ЭКГ тістерінің биіктігі, ара-қашықтықтары және пішіні өзгереді.

Е) ЭКГ-ның R тісі болмайды.

38. Индуктотермия әдісінде:

А) тері мен сілекейлі қабыққа жоғары жиілікті электр тогының разрядымен әсер етеді.

В) ағзадан жоғары жиілікті электр тогы өткенде бөлініп шығаратын жылу әсер етеді.

С) адам ағзасына жоғары жиілікті электр өрісі әсер етеді.

Д) адам ағзасына тұрақты электр өрісімен әсер етеді.

Е) адам ағзасына жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді.

39. Фонокардиография, реография және баллистокардиография әдістерінің негіздерін көрсетіңіз:

А) электрлік емес шамаларды электрлік әдіспен тіркеу

В) әртүрлі ағзалардың биопотенциалдарын тіркеу

С) электрлік шамаларды тіркеу

Д) импульстік тондарды тіркеу

Е) жүректегі шуларды тіркеу

40. Бұлшық еттің биоэлектрлік белсенділігін анықтау әдісі:

А) энцефалография

В) электрография

С) эхоэнцефалография

Д) электромиография

Е) электрокардиография

41. Бас миының биоэлектрлік белсенділігін анықтау әдісі:

А) электроэнцефалография

В) энцефалография

С) эхоэнцефалография

Д) электромиография

Е) электрокардиография

42. Диагностика мақсатында тіндер мен ағзалардың биопотенциалдарын тіркеу:

А) авторадиография

В) электрография

С) аудиография

Д) термография

Е) фонография

43. Гальванизация аппаратының қолданылуы:

А) тіндерді электростимуляциясында

В) тіндерді қыздыру үшін

С) дәрілік электрофорез үшін

Д) тіндерде жылулық әсердін таралуын анықтау үшін

Е) тіндердің электр тогын өткізгіштігін анықтау үшін

44. УЖЖ терапия әдісінде тін ұлпасына мынадай физикалық фактормен әсер етеді:

А) айнымалы магнит өрісімен

В) жоғары жиілікті айнымалы электр өрісімен

С) тұрақты электр өрісімен

Д) ультрадыбыспен

Е) рентген сәулесімен

45. Адам ағзасының ішкі, көзге көрінбейтін мүшелерін бақылау әдісі: А) лапроскопия әдісі

В) рентгеноскопия әдісі

С) эндоскопия әдісі

Д) интроскопия әдісі

Е) гастроскопия әдісі

46. Интроскопияға жататын әдістер:

А) рефрактометрия, поляриметрия

В) перкусия, аускультация

С) рентгеноскопия, эндоскопия УД-локация және дыбыстық зерттеулер әдістері

Д) электростимуляция, дефибрилляция

Е) дарсонвализация, диаметрия

47. Рентген аппаратының көмегімен алынған кескінді шағын өлшемді фотоүлбіге (фотопленкаға) түсіріп алу әдісі:

А) рентгенография

В) флюорография

С) рентгеноскопия

Д) рентген томографиясы

Е) рентгенограмма

48. Қалыпты жағдайдағы ауаның қысымын көрсетіңіз:

А) 600 мм. сын.бағ.

В) 690 мм. сын.бағ.

С) 760 мм. сын.бағ.

Д) 800 мм. сын.бағ.

Е) 900 мм. сын.бағ.

49. Ауаның ылғалдығын анықтайтын құрал:

А) поляриметр

В) рефрактометр

С) аудиометр

Д) психрометр

Е) нефелометр

50. Зықымдалған және транспланттанған сүйектердің тіннен ультрадыбыс көмегімен өсіру әдісі:

А) ультрадыбыс физиотерапиясы

В) эхоэнцефалография

С) ультрадыбыс кардиографиясы

Д) ультрадыбысты остиосинтез

Е) ультрадыбысты локация

ІІІ нұсқа