- •Қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестері.
- •1.Қабыса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі, түрлері.
- •Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
- •3 А т е с і м: темір күрек, жел диірмен;
- •А)Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері
- •Ә)Қабыса байланысқан сын есімді сөз тіркестері
- •Б)Қабыса байланысқан есімдікті сөз тіркестері
- •В)Қабыса байланысқан сан есімді сөз тіркестері
- •Г)Қабыса байланысқан есімшелі сөз тіркестері
- •Д)Қабыса байналысқан одағайлы сөз тіркестері
- •2.Жанаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі. Жанасудың қабысудан айырмашылығы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Г)Қабыса байланысқан есімшелі сөз тіркестері
Есімшелер сөйлемнің соңында оны тиянақтау барысында баяндауыш қызметінде жиі жұмсалса, сол сияқты олардың сөйлемнің ішінде өзі қатысты сөздермен қабыса байланысуы да жиі. Есімшелер сөйлемнің ішінде зат есіммен қабыса байланысып, анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін құрауы жиі. Есімшелердің -ған//~ген, -атын//-етін, -ар//-ер, -р жұрнақты түрлерінің бәрі де есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерінде жұмсалады делінгенмен, олардың ондай кездегі қатысы әр түрлі. Ондай сөз тіркесінде көбіне -ған/-ген жұрнақты түрлері мол жұмсалады. Әрине, зат есімге анықтауыш қызметінде сын есім де, сан есім де жұмсалады дедік, сөйте отыра есімше де анықтауыштық қызметте жұмсалуында синтаксистік жағынан бірдей болғанымен, тек мағыналық жағынан айырмашылықтары бар. Сонда есімшелі анықтауыштар заттың қимыл қасиетін білдіру арқылы зат есіммен тығыз байланыста жұмсалады.
Есімшелер зат есімдермен дара және күрделі түрінде тіркеседі. Олардың әрқайсысының өзіндік айырмашылықтары затқа қатыстылығымен ерекшеленеді.
Есімшелер сөйлемнің соңында баяңдауыштық қызметте жұмсалуына байланысты өзіне бағыныңқы сыңарда сын есім, сан есім, есімдік, есімше, үстеу, еліктеуіш сөз, зат есім т.б. сөз таптарымен әрі қабыса, әрі меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайды. Мысалы: жақсы оқыған, екі алған, бүгін келетін, кітап оқыған, оқыған сайын білген, қалада да оқыған, ауылдан келген - сөз тіркестерінде басыңқы сыңарда жиі жұмсалады. Бұлай сөз тіркесін құрау есімшелердің етістікті сөз тіркесін құраудағы басты үлкен бір қасиеті. Бірақ есімшелер сөйлемнің ішінде анықтауыштық қатынаста үнемі жоғарыдағыдай дара жұмса-лып қоймай, енді етістікті сөз тіркесінің жетегінде жұмсалатын сөз таптарымен бірлікте іштей қабыса және меңгеріле байланысқан топ құрай келіп, зат есімдермен жиі қабыса байланысады.
Д)Қабыса байналысқан одағайлы сөз тіркестері
Әдетте одағай сөздердің синтаксисі туралы тіпті сөз болмайды десе де болады. Өйткені одағай сөздер синтаксисте оқшау сөздер деген атпен өз алдына сөйлемдегі сөздермен байланысы жоқ деп қаралады. Шынында да, одағайлардың морфологиялық өзгеріске ұшырамайтыны белгілі. Дегенмен А.Ысқақов, Ш.Сарыбаев одағайлардың кейде көмекші сөз, енді бірде заттану процесі арқылы сөйлем мүшесі болатынын айтады. Шынында да, одағай-лардың көмекші сөздер, оның ішінде есімше тұлғалы -де көмекші етістігі, модаль сөэдердің түйдектелуі арқылы зат есімді сөз тіркесінде жұмсалуын кездестіруге болады: Шаршаған жылқышылар Уф еткен қолдан құлап қала жаздап тұратын Зубайда нәрестелерге қатал-ақ (Тарази).
2.Жанаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі. Жанасудың қабысудан айырмашылығы.
Жанасу – синтаксистік сөзтұлғалардың пысықтауыштық қатынаста тұрып, орын тәртібі амалы арқылы байланысуы. 1990 жылдарға дейін жанасу жеке байланыс формасынан гөрі, қабысудың ерекше бір түрі ретінде танылды. Бірақ соңғы зерттеулерде (Аблақов Ә., Шалабай Б., Сағындықұлы Б.) оның өзіндік ерекшеліктері белгіленді. Әсіресе, бұл байланыс формасының алғашқы сыңары қатарында, яғни грамматикалық көрсеткіштері ретінде үстеу, еліктеуіш, көсемше тұлғалы сөздер, сондай-ақ шылау түйдегіне түскен сөзтұлғалар жұмсалатындығы анықталды. Мәселен, төмендегі мысалдарда ойға түсіп, қозғалмай, үн шығармай сынды көсемше тұлғалылар мен бір кезде үстеуі өзінен кейінгі сөзтұлғалармен орын тәртібі амалы арқылы байланысып, синтагма құраған: Ойға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір кезде арт жағынан дүрсілдеп кеп қалған ат дүбірін естіді (М.Әуезов). Енді олар тастан жасалған адамға, тіпті, қатты ұқсап, қозғалмай үн шығармай тұр (Ғ.Мүсірепов).
