Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-дарис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.97 Кб
Скачать

Б)Қабыса байланысқан есімдікті сөз тіркестері

Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқьі сыңары болып жиі кездесетіндері - сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан? қандай мәселе?

Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық мағыналары бірдей емес.

Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықғайды: Бул - сонау Үлытаудың қазағы Олжай дейтін (Әбішев).

Сұрау есімдіктері ол құрамда заттың сұраулық сапа қатынасын білдіреді, мысалы: қал қалай? неше мектеп? қандай адам, қанша саулық?

Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері - қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға қойыла-тын сұрақтар).

Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.

Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дуние.

Есімдіктердің кейбір бағыныңқы сыңарда жұмсалуымен бірге олар да басыңқы сыңарда жұмсалады. Есімдіктерге бағыныңқы сыңарда: -үстеу: Тағдырың бүгін мұнда, ертең анда (Сөз атасы).

негізгі сөз - шылау: Ағаштан түрлі ойыншық жасағанға дейінгі өмірім бір хикая ("Жалын").

негізгі сөз - көмекші есім: Менің астымдағы жирен ат қырдың киігінше сырғиды (Сейфуллин).

В)Қабыса байланысқан сан есімді сөз тіркестері

Тілімізде бағыныңқы сыңары таза сан есімді қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері кездеседі. Сан есімдер де қаншалықты затқа қатысты делінгенімен, олар кез келген зат есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Сан есімдер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде құрамы жағынан дара және күрделі түрі кездеседі, ондай кезде сан есімдердің ішінде тек есептік және реттік сан есімдері ғана қолданылады. Басқа сөз таптары олармен онша тіркесте ұшырай бермейді. Біз еш уақытта мен, сен, ол, біз, сіз, олар, өз, барлық, ештеңе т.б. есімдіктерімен сол сияқты жақсы, сұлу, күшті сияқты сапалық сын есімдерін тіркесте жұмсай алмаймыз. Олармен сандық ұғым ашылмаса керек. Кейде өз есімдігімен бір өзім деп қолданылғанмен өзара тіркес құрай алмайды. Бір өзім деп айтуға болға-нымен, екі өзім, уш өзім деп қолданылмайды. Олай болса бір сан есімнің өз есімдігімен тіркесі деп есептелу жалпы заңдылыққа жатпайтын жайт: Төрт сөзі балалы қатыстық сын есімімен де сөз тіркесін құрай алмайды. Төрт балалы дегендегі балалы қатыстық сын есімімен төрт сан есімінің басыңқылық қызметі әлсіреп, өзі басқа бір заттың яғни ана сөзінің анықтауышы болып, екеуі ана сөзіне жеке-жеке бағыныңқылық қызметте емес, сатылана бағыну дәрежесінде жұмсалған төрт балалы ана сияқты екеуі жинақталып, күрделі сөз тіркесін жасаудың бір формасы бо-лып отыр. Бұдан шығатын қорытынды; қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қаншалықты есімдер дегенімізбен, олардың ішінде тек зат есімдер ғана қолданылады екен.

Зат есімдердің өзі де жалқы және жалпы болып бөлінеді десек, сан есімдер солардың ішіндегі жалқы есімдермен тіркесе бермейді де, көбіне жалпы есімдермен ғана тіркесе алады. Сонда екі Жорабек, ана бес Шәріп деп айтылу тілімізде си-рек те, он адам, он үйрек, жиырма бес қой т.б. деп айту жиі кездеседі.

Зат есімдердің ішінде жалқы есімдердің өзі деректі, дерексіз болып бөлінетіндігі белгілі. Сан есімдер көбіне деректі, яғни санауға болатын зат есімдермен он сағат, жиырма пианино, жетпіс бес піл т.б. зат есімдермен тіркесуге қабілетті десек, ақыл, өсек, білім, ой т.б. зат есімдермен тіркесуі кездеспейді. Олай болса есептік, реттік сан есімдердің дара және күрделі түрлері де зат есімдермен тіркесіп, анықтайтын затының сан-дық көлемі мен ретін білдіреді. Қазір оның қарауында 65 миллиои солдат, 80 дивизия, 32 мың самолет, 3 мың кораблъ, қыруар ракеталық қору ("Қазақ әдебиеті"). Партияның жиырма алтыншы съезінің шешімдерін басшылыққа аламыз ("Лен. жас").

Есімдіктер өзара да тіркесіп анықтауыштық қатынаста сөз тіркестерін құрайды: Малшыларда ит жоқ деймісің. Басқа біреуін тауып аларсың ("Жалын").