- •Қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестері.
- •1.Қабыса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі, түрлері.
- •Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
- •3 А т е с і м: темір күрек, жел диірмен;
- •А)Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері
- •Ә)Қабыса байланысқан сын есімді сөз тіркестері
- •Б)Қабыса байланысқан есімдікті сөз тіркестері
- •В)Қабыса байланысқан сан есімді сөз тіркестері
- •Г)Қабыса байланысқан есімшелі сөз тіркестері
- •Д)Қабыса байналысқан одағайлы сөз тіркестері
- •2.Жанаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі. Жанасудың қабысудан айырмашылығы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Ә)Қабыса байланысқан сын есімді сөз тіркестері
Сын есімдер табиғатында затқа қатысты сөздер. Сондықтан да олар заттың түрлі қасиетін көрсетуде басқа сөз таптарынан ерекшеленетіні белгілі. Тілімізде барлық сөз таптарына қатысты сөздердің ішіндегі ең көбі, әрі танып білуге күрделі сөз табы - зат есімдер. Сонша зат есімдердің барлығы да бір қырынан сындық жағынан айқындалатыны айқын.
Бір заттар түс, екінші бір заттар қатты, жумсақ, үшінші бір заттар дәмі т.б. бірнеше түрлі сындық дәрежеге ие бола беретіні белгілі, әрине бұған қарап бір затқа қатысты сын есім көп көрінгенімен, бірақ олар сол зат есімдерге анық-тауыштық қатынаста қайталанатындықтай сан жағынан шектеулі. Сын есімдер өзі де зат есімдермен тіркесіп үнемі айтылып келеді, бір-ақ олардың зат есімдердің жалқы, жалпы, деректі, дерексіз түрлерімен тіркесі әр түрлі. Әсіресе, жал-қы есімдердің өзі адамдарға байланысты және то-понимикалық атаулармен тіркесі тіпті аз болса, ал деректі зат есімдермен тіркесі негізгі сала. Сын есімдердің абстракт зат есімдермен тіркесі негізгі сала. Сын есімдердің абстракт зат есімдермен тіркесі де шектеулі.
Бұл жерде зат есімдердің осындай ерекшелік-терімен бірге сын есімдердің де өзі іштей әр түрлі сынды білдіретіні, олардың өзіндік топтары да қазіргі еңбектерде беріліп те жүр. Сонда сын есімдер өзі қатысты зат есімдермен тек мағыналық байланыста ғана тіркесе алады. Кез келген сын есім кез келген зат есіммен тіркес құрай да алмайды. Қалың дәптер деп айтуға болар немесе оның түсіне қарай да сындық қасиетін көрсеткеніміздей жұмсақ немесе дәмді сияқты сын есімдерімен тіркесте жұмсалмайды. Өйткені дәптер сын есіміне ондай сындық қасиет тән еместігі белгілі.
Сын есімдер зат есімдермен сапалық та, қатыстық та түрінде тіркеседі. Егер қызыл сын есімі орамал зат есімімен тіркесіп, заттың тек бір түрлік түсін көрсетсе, жақсы сын есімі оқушы зат есімімен тіркесіп, оның бір жақты сапасын көрсетеді. Яғни дара сапалық сын есімдер анық-тайтын затының түсін, көлемін, дәмі мен салма-ғын т.б. белгілерін даралық қатынаста білдіреді.
Жалпы сын есімдер заттармен (кейде басқа сөз таптарымен) тек сапалық түрінде тіркесіп қана қоймай, қатыстық түрінде де тіркесетіндігі белгілі. Қатыстық сын есімдері де сапалық сын есімдері сияқты заттармен мағыналық байланыста ғана бағыныңқы сыңарда жұмсалады.
Сапалық сын есімді сөз тіркестері. Сын есімдер заттармен дара және күрделі түрде де жұмсала береді.
Сын есімнің таза күрделі түрлері тілімізде көп қолданылады. Бірақ қолданылу жағынан олар дара сын есімдерден көп те емес. Ондай формалы күрделі сын есімдердің жасалуының өзін 2 топқа бөліп қарастырмыз:
1.Бірыңғай мағыналы сапалық сын есім мен сапалық сын есімнің тіркесі.
2.Әр түрлі мағыналы сапалық сын есімдердің сапалық сын есімдермен тіркесі.
Бірыңғай мағыналы сапалық сын есімдер:
Аппақ пен сұр, қара мен бурыл, көк пен ала, торы мен ала, қара мен қоңыр, ақ пен сур, қара мен торы, қызыл мен қоңыр, ала мен шүбар, қызыл мен ала сияқты түйдекті тіркесті сын есімдердің әрбір сыңары мен түсті білдіретін бірыңғай сапа-лық сын есімдер болып, олар сол тобымен зат-тың түсін жеке сын есімдерге қарағанда күрделі формада береді. Егер қызыл сын есімі орамал зат есімімен тіркесіп, заттың тек ғана түсін көрсетсе, жақсы сын есімі оқушы зат есімімен тіркесіп, оның бір жақты сапасын көрсетеді. Яғни дара сапалық сын есімдер сол өзі анықтайтын затының түсін, көлемін, ішкі сырын, дәмі мен салма-ғын т.б. белгілерін даралық қатынаста білдіреді.
Күрделі сын есімдерде, біріншіден, сөз саны кемінде екі немесе одан да көп бола отырып, екіншіден, ондағы сындар тек қана бір сынның қайталап келуі арқылы ем&в, бір мағынадағы сын-дардың өзара мағыналық жағынан топ құрап, сол тобымен заттың күрделі сыны есебінде жұмсала-ды. Мұндай күрделене жұмсалу тіл фактілеріне қарағанда көбіне түсті білдіретін сын есімдерге тән сияқты. Ондай топтағы сын есімдердің ба-сыңқы сыңары бірыңғай заттар болғанымен, көбіне дара түрдегі зат есімдер ғана болады. Олар дара сындардың тіркесіне қарағанда сиректеу. Сапалық сын есім меи сапалық сын есімдердің тіркесі арқылы жасалғаи күрдслі сөз тіркестерінің өзі затқа қатыстылығы жағынан алғанда әр түрлі.
Сонымен, екі сын есім өзара тығыз мағыналық бірлікте кез келген заттардың әр түрлі бояулық реңдерін көрсетеді.
Сонымен күрделі (сапалық) сын есімдері де күрделі сөз тіркесін құрай келіп, сол тобымен тек заттың анықтауышы қызметінде жұмсалады.
Қатыстық сын есімді күрделі сөз тіркестері. Қатыстық сын есімдерінің өзі зат есімдермен тіркесіп әрі дара, әрі күрделі түрде де жұмсала береді. Әрине, дара қатыстық сын есімдердің тіркесуі туралы пікір таласы болмағанымен, олардың күрделі түрлерінің жасалу жолдары, берілу дәрежесі туралы өзіндік пікірлерді байқаймыз.
Қатыстық сын есімдер дегенде оның негізі -зат. Зат болғаннан кейін ол міндетті түрде өзіне лайықты анықтауыш сөздермен бірлікте жұмса-латындығы белгілі. Мысалы, бес бала деп жай-шылықта айтыла беретін жай сөз тіркесін бес ба-лалы үй десек қатыстық сын есімді күрделі сөз тіркесі пайда болып отыр. Осындағы бала сөзінен жасалғаи қатыстық сын есімі үй сөзімен балалы үй деп те, бес балалы үй деп те айтыла береді. Біріншісін жай сөз тіркесі десек, екіншісін күрделі сөз тіркесі дейміз. Міне, зат есімдерден жасалғарі осындай қатыстық сын есімдер өзі анықтауыш-тық сөзімен бірлікте жұмсалып, сөз тіркесінің күрделі сыңарын құрайды. Әрине, затқа анық-тауыштық қатынаста жұмсалатын сөздер көп-ақ. Міне, сол қатыстық сындардың осындай күрделену тәсілдері әзірше онша сөз болмай отыр. Бұлайша күрделену қатыстық сын есім жасайтын барлық жұрнақтарға да тән.
Зерттей келгенімізде тілде осы сияқты жұрнақтар арқылы күрделену процесі мол-ақ, бірақ ғылыми жағынан арнайы зерттеудің объектісі болмай отыр. Осы уақытқа дейінгі ғылы-ми еңбектерге (түркі тілдеріндегі еңбектерге не қазақ тілі еңбектеріне) барлау жасасақ, мұндай жұрнақтың күрделі түрлері туралы тек бірер сөздермен берілген пікірлерді байқауға болады.
