Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-дарис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.97 Кб
Скачать

6-дәріс

Қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестері.

1.Қабыса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі, түрлері.

2.Жанаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі. Жанасудың қабысудан айырмашылығы.

1.Қабыса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі, түрлері.

Қабысу – өзара анықтауыштық қатынаста келген сөздер тобы. Қабысудың грамматикалық көрсеткіші ретінде орын тәртібі амалын атаған жөн. Сондай-ақ, қабысу формасына бағынған сөзтұлғалардың алғашқы сыңары ретінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік және есімшелі тіркестер қолданылады. Ал екінші сыңарда зат есім сөздің қызметі басым. Мұндай қызметтегі байланысу формасы есімді қабысу деген атауға ие бола бастады. Төмендегі ерекшеленген сөзтұлғалар өзінен кейінгі сөзтұлғалармен орын тәртібі амалы арқылы байланысады және қабысу формасына бағынады: Сары топырақ, қара көмір үйінділер, қалқайған жер барақ қараша ауылдар көшін кеңейте түскен (Ғ.Мұстафин). Бұл өлкеде аспан да, жер де тап-таза, көкпенкөк (Қ.Жұмаділов). Ит малтуға салып жүріп, отыз шақты баланы тынбай оқытты, түрпілеп сауатын ашты (Ж.Аймауытов).

Етістік те екінші сыңарда жұмсала алады. Мұндайда анықтауыштық қатынас түрі пысықтауыштық қатынасқа өзгеріп, алғашқы сыңар мүшесі ретінде сын есім мен сан есім жұмсалады. Сондай-ақ, есімше мен модаль мәнді сөз топтарының жиі келетіні байқалды. Бұларды қазір етістікті қабысу деп атау орныққан. Оларда орын тәртібі амалының қатар тұру белгісі қатаң сақталады: Неміспен кездесудің арзанға түспейтінін енді жақсы білді (Т.Ахтанов). Базаралы Ерболды таңдап отырып, осы жиындар ортасында бірінші рет босағандық көрсетті (М.Әуезов). Оң жақтағы подвалға апаратын аласа қара есік болар-болмас ашық тұр екен (Г.Брянцев). Осы кеште Абай мен Қуандық қатар отырып, әзілмен, әнмен, айтыспен де көп жарысты (М.Әуезов).

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері

Қабысу қазақ тілінде өте жиі қолданылады. Оның объектілері басқа байланысу формаларына қарағанда кең. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру (кейде алшақ та тұру) арқылы тіркеседі. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы - сөздердің орын тәртібі.

Қабысудың есімді, етістікті және ортақ басыңқылы үш түрлері бар.

Есімді қабысудың екі түрі бар: есімді қабысу, ортақ қабысу. Олар сөйлемдегі орны және сөз таптарының әр түрлі болуына сәйкес ерекшеленеді.

Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі, оның бағыныңқы сыңарлары мына сөз таптары болады:

3 А т е с і м: темір күрек, жел диірмен;

С ы н е с і м: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды жер, етікші бала,

С а н е с і м: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп,

Е с і м д і к: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс т.б.;

Е с і м ш е: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөз, келетін бала,

Қ и м ы л е с і м і: қызу жұмыс;

Ү с т е у: бүгін бала, ертең оқытушы;

Еліктеуіш сөз: қарқ-қарқ күлкі.

Негізгі сөздер мен көмекші сөздер: Асан сияқты бала, үйдің қасындағы жер, мектепке дейінгі қашықтық, Берік деген бала т.б.

Есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер болады. Сол сияқты соңғы кезде ғалымдар Р.Әміров пен С.Исаев есімше, қимыл есімдерінің де заттануы арқылы басыңқы сыңарда жұмсалуын есімді сөз тіркестеріне жатқызып жүр.