Иммунопрофилактика
Тапсырма(1): Бала бірінші жүктіліктен, асфиксиямен туылған, туғандағы салмағы 3800, нәрестелік кезеңі өзгеріссіз. 2 айлығында емханада бірінші екпесі АбКДС, Нів, ИПВ, ВГВ салынған. Екпеден кейін алғашқы екі сағатта балада қалыпты дене температурасы тұсында қайталамалы клоникалық-тоникалық тырысулар байқалды. Тырыспалар өздігінен басылып, баланың жағдайы тез қалпына келді. Тәулік бойы тырыспалар қайталанбады.
|
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі |
1 |
Сіздің алды ала қоятын диагнозыңыз? |
Энцефалопатия |
2 |
Балаға қосымша тексерулер қажет пе? |
Невропатолог консультациясы, нейросонография, эхоэнцефалография. |
3 |
Егуден кейінгі дамитын қалыпты реакция мен егуден кейінгі асқынулардың ерекшелігі неде?
|
Поствакцинациялық реакция өздігінен өтеді, емді қажетсінбейді. |
4 |
Бөлімшелік дәрігер қандай қателік жібергенін көрсетіңіз?
|
Баланы міндетті түрде АДС препараты мен егу керек болатын, невропатологтың алдын ала кеңесі мен.
|
5 |
Вакцинациялауға қандай тұрақты қарсы айғақтарды білесіз ?
|
Барлық вакцина түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсеткіштер: 1) алдыңғы егілген вакцинадан кейін 48 сағат аралығында пайда болатын ауыр реакция ( дене температурасының 40°С және одан да жоғары болуы, 3 сағат және одан көп уақытқа созылатын ерекше жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді ұстамалар, гипотоникалық-гипореактивті синдром); 2) Алдыңғы егілген вакцинадан кейінгі асқынулар (екпе жасалғаннан соң 24сағаттан кейін дамитын анафилактикалық шок, жедел аллергиялық реакциялар, энцефалит немесе энцефалопатия, вакцина енгізілгеннен кейін 7 күн аралығында дамиды ).
|
Иммунопрофилактика
Тапсырма (2): 1 жасар сау бала, дене, нерв-психикалық дамуы жасына сәйкес.
Анамнезінен – балаға перзентханада вакцина жасалған. Вакцинадан кейінгі кезең еш ерекшеліксіз. 2 айында вакцинациядан кейін күшті энцефалитикалық реакция байқалған. Кейінгі кезде вакцинация жүргізілмеген.
|
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі |
1 |
Бала осы уақытқа дейін қандай екпелерді алған? |
БЦЖ,ВГВ-2, АбКДС1+Hib1ИПВ1 |
2 |
Балаға қосымша тексерулер қажет пе? Дифтерияға қарсы қандай вакцина саласыз? |
АДС вакцинасымен |
3 |
Балаға келген күні қандай вакцина жасау қажет?
|
ККП, ОПВ. 1күннен соң АДС2, ВГВ3 |
4 |
Тірі екпені мүлдем жүргізуге болмайтын барлық тұрақты кері көрсетілімдерге не жатады ?
|
қатерлі ауруы; 4) жүктілік.
|
5 |
АбКДС вакцинасын жасауға қандай кері көрсетілімдер бар?
|
Үдемелі неврологиялық симптоматика |
