- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Лекция №10
- •Жасушалық және гуморальдік факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі рөлін анықтау.
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморальдік факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі рөлі
- •Жасушалық
- •Гуморальдық
- •Аралас немесе жасушалық-гуморальдық
- •Рекомбинанты векторлы вакциналар
- •2 Тақырып: «Шырышты қабықтың капсулданбаған лимфоидты ұлпасы» Бақылау сұрақтары
- •8 Тақырып: «Гуморальдық иммунды жауап»
- •10 Тақырып: «Комплемент активациясының классикалық және альтернативті жолы»
Жасушалық
Гуморальдық
Аралас немесе жасушалық-гуморальдық
Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтеді, бірақ иммунитеттің немесе жасушалық немесе гуморальдық тізбегі басымырақ болады.
Жасушалық және гуморальдық иммунитет жүйелері шектеліп емес,бір бірімен тығыз байланысты жұмыс жасайды. Иммундық жауапта әдетте барлық иммундық жасушалар (Т-лимфоциттер, В лимфоциттер және антигенді таныстырушы жасушалар) қатысады және де әрбір жасуша өз қызметін атқарады. Антигенді тану және жасушалық немесе гуморальдық жүйені, жиі екеуі де бірдей іске қосылуы, аталған үш жасушалардың бір- бірімен әректтесуі арқылы жүзеге асады. Бұл үрдісті иммундық хабарлы жасушалардың коррепорациясы деп атайды.
В-лимфоциттердің негізгі қызметі ағзаға түскен антигенге қарсы антиденелерді түзу. Антиденелер-бұл арнайы аққуыздар-иммуноглобуллиндер. Антиденелер иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде түзіледі, одан қанға түсіп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен тінднрге таралады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпілісін жүзеге асырады, олар сонымен қатар, антигендерді тануға және жасушалық, гуморальдық иммундық жауаптардың басталуына және реттеуіне қатысады.
Т-лимфоциттер иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына ықпал етеді. Т-лимфоциттерден иммунологиялық зерде жасушалары қалыптасады. Егер де ағза антигенмен екінші рет кездесетін болса,онда зерде жасушалардың иммундық жауаптың жылдам қалыптасуына қабілетті болады.
Антигендерді әрекеттесу бойынша иммундық жауап екіге бөлінеді:
біріншілік иммундық жауап
екіншілік иммундық жауап
Біріншілік иммундық жауап 4-7 күндері дамиды. Біріншілік гуморальдық иммундық жауаптың негізі В-лимфоциттердің белсендірілуі және олардың антидене түзетін плазмоциттерге айналуы болып табылады. Антиденелердің басым көпшілігін lgM құрайды; жасушалық иммундық жауап пісіп жетілген эффекторлы Т-лимфоциттердің пайда болуымен белгіленеді. Антигенмен бірінші рет жанасқаннан кейін зерде Т- және В- жасушалары түзіледі.
Екіншілік иммундық жауап көптеген көрсеткіштері бойынша біріншілік жауаптан ерекшеленеді. Екіншілік иммундық жауап кезіндегі жасырын кезең өте қысқа, жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап етеді, оның айқындалған пісіп жетілу белгілері бар, оның гуморальдық жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары болады. Екіншілік иммундық жауап біріншілік иммундық жауапқа қарағанда, ағзаның тиімді қорғанысын қамтамасыз етеді. Антигенге қарсы біріншілік және екіншілік серпілістерге lgM бьелсенділігі мен күштілігі бірдей. lgG-дің бірдей деңгейі біріншілік жауапқа қарағанда, екіншілік жауап кезінде өте жоғары. Екіншілік иммундық жауап жоғары деңгійде болу себебі, ағзада жасушалардың болуына байланысты.
Егер иммундық жауаптың қарқындылығы енген антигендердің мөлшеріне тепе-тең келсе мұндай иммундық жауапты нормэргиялық жауап деп атайды, яғни антидене және антиген арнайы Т лимфоциттердің мөлшері енген антиген мөлшерімен теңбе-тең болады. Егер де иммундық жауаптың қарқындылығы шектелген мөлшерден асса, мұндай иммундық жауап гиперэргиялық болып табылады (мысалы жоғары сезімталдық).
Кейбір жағдайларда,макроағзаға әртүрлі себептерге байланысты енген антигендерге иммундық жауап қайтармайды. Иммундық жүйенің мұндай арнайы арективтілік жағдайы иммунологиялық төзімділік деп аталады (төзімділік-жауап қайтармау, шыдымдылық).
Иммундық жауаптыц анықталуы. Иммундық жауап этаптары
Иммунитетті биологиялық кұрылым ретінде анықтап,көпжасушалы организмдерді қоздырушылардан қорғаудың баска да биологиялық механизмдерінің арасынан оның орнын көрсетіп берді. Иммундық жауап - бұл қозғалыс иммунитеті, яғни патоген әсерінен туындаған иммундық қабыну процесі. Иммундық жауапты қысқаша анықтама берсе былай болады:
Лимфоциттер организмнің патогенді зақымдалған жасушасы мен ұлпасын декструкция және организмнен шығару мақсатында таниды.
Элиминация патогендермен зақымдалған организм ұлпаларының лимфоциттер қатысуымен болатын қабыну процестері.
Қабыну алды иммунитет+лимфоциттермен зақымдалған жасушаларды аныктау иммундық қабыну процесс кезіндегі зақымдалған ұлпалардың деструкциясы+организмнен деструкция өнімдерін шығару.
Иммундық жауапқа әртүрлі қорғаныш процестерінен ажырату мақсатында тағы біp конспект түрінде сипаттама беру керек және біp жағынан басқа қорғаныш механизмдерімен ұштастырылады. Miнe бұл иммундьқ жауаптың ұзақ болса да түсінігі болады: иммундық жауап-төменде көрсетілген сипаттамалармен ұштастырылатын процесс:
Иммундық жауап - лимфоциттердің міндетті қатысуымен болатын қабыну процесі;
Лимфоциттер - организмде, дифференцирленуде міндетті соматикалық рекомбинантты ДНК, әcipece антигенге Рц гендерінің сегменттері болатын жалғыз жасушалар түрі. Нәтижесінде организм онтогенезінде антиген үшін Рц бойынша лимфоциттер клондарының әр түрлілігі үздіксіз түзіледі. - Т-лимфоциттерде 1018 нұсқалары және В-лимфоцитгерде 1016 нұсқалары.
Антигенге Рц басқа лимфоциттер мембраналарында нұсқа ішілік түрлері болады, бipaқ иммундық жауаптың дамуына ең кажеттісі корецепторлар болып табылады;
Антиген лигандамен лимфоциттердің Рц байланысуы қажеті, бірақ иммундық жауап бастамасы үшін жеткіліксіз;
Антигенге Т-лимфоциттің Рц жеке патоген ретінде емес, патогенмен зақымдалған өзінің құрылымдары түрінде таниды;
Лимфоцитке иммундық жауаптың басталуы үшін «екі каналдар» арқылы сигналдар - антигенге Рц және корецепторлар алу керек;
Лимфоциттерге корецепторлар түpi қабыну алды иммундық жасушалардан (дендритті жасушалар, макрофагтар, эпителий жамылғысы) және олардың биологиялық активті өнімдерінен келеді
Қабыну алды иммундық жасушалары Рц-дан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, олардың Рц-ы инвариантты, консервантты, ұрық гендерімен кодталады, бipaқ әсіресе осы Рц макроорганизмдерге тән емес микроорганизмдер өнімдерін байланыстырады.Зерттелуі бойынша, әсіресе қабыну алды иммундық жасушалар Рц - «эволюциялық жадты тасушылар», яғни бірінші болып «бөтенді» «өзінікінен» ажыратады және лимфоциттерді ішке кірген бөтендік фактіні биохимиялы хабарлайды ;
Антигенге лимфоцит Рц-н патогенмен зақымдалған өзіндік ұлпаларына иммундық лимфоциттер бағыттайды;
10) Иммундық жауап бастамасындағы лимфоциттер өз лигандтарын лимфоидты мүшелерде байланыстырады, белсенеді, әлбетте пролифирленеді, оған дейін дифференцирленеді және қанға көшеді. Зақымдалу ошағында иммундық лимфоцит қаннан шығып үлгереді, сонда қайтадан антигенге Рц өз лигандын байланыстырады не өзі зақымдалған жасушаларды деструкциялайды (ЦТЛ), не макрофагтар, эозинофильдер, қалыпты киллерлер мен басқа лейкоциттер деструкция үшін «жалдаған» цитокиндерді бөледі.
Иммундық кабыну - лимфоциттер қатысуымен болатын қабыну. Иммундық қабыну - қабыну алды иммунитетпен салыстырғанда активті және агрессияшыл, яғни лимфоциттер енгізілмеген қабыну процесстер түрлерінде болады.
Бұндай жағдайда дамитын иммундық жауаптың этаптары:
Патоген енгізілген ошақтағы, қабыну алды иммунитет: дендритті жасушалармен (АПК) патогендер мен оның өнімдерінің танылуы және жұтылуы;
Антигенді лимфоидты мүшелерде лимфоцитттерге таныстыру;
Лимфоциттердің пролиферациясы;
Лимфоциттердің эффекторлы дифференцировкасы;
Патогенмен зақымдалған ұлпалардың деструкциясымен болатын иммундық қабыну;
Зақымдалған ошақтағы ұлпалардың қабынуы.
Keлeci оқиғалар мен процестерді былайша қысқа түрде сипаттауға болады:
Барлығы организмнің ішіне антигеннің енуінен басталады. Табиғатта бұл жабын ұлпаларының жарақаттануынан басталады.
Мұндайда жабын ұлпаларында арнайы заттар (стрессті-көміррсулар, жай естен тану ақуыздары, кератиноциттер цитокиндері және байланыстырушы ұлпаның жасушалары) бөлінеді - лимфоцитарлы иммундық қабынуға дайындайтьн қабыну алды иммундық медиаторлар. Антигендердің табиғатта жабын ұлпаларды зақымдамай ішіне түсуi - сирек кездесетін окиға. Бұл, ереже бойынша, заттарды парентеральды енгізу немесе ұлпалар мен мүшелердің трансплантациясы жүретін жасанды антропогендік құбылыс.
Антигенге қатысты қабыну алды қорғаныс реакциялары антигендерді жабынға терең өткізбеуге бағытталған. Бірінші кезекте бұл түтікшелі реакциялар: микроциркулярлық арналы түтікшелердің кеңеюі, түтікшелерден ұлпаларға плазма немесе сарысу қарқынды ағуы (қабыну алды қоздырушыларға барлық сарысулар факторларының резистенттілігі) және лейкоциттердің экстравазациясы, бірінші кезекте фагоциттер нейтрофильдер. Локальды icік антигеннің жүйелі айналымға енуін тежейді.
Лимфа түйіндерінде антигенмен біpгe дендритті жасушалар (фолликулярлық,дендритті жасушалармен салыстырғанда
«интердигитирлеуші дендритті жасушалар» деп атайды) Т-тәуелді аймақта орналасып, антигенді Т-лимфоциттерге қарқында түрде таныстырады. Т-лимфоциттер арасында ертелі-кеш антигенге комплементарлы рецептор табылады (яғни 10 10 дәрежесіде). Егер АПК мен корецептор өзара байланысса, онда Т-лимфоцит активті сигнал алады, осы уақыттан бастап лимфоциті - жеке иммундық жауап туады.
Т-лимфоцит пролиферлене бастайды және дифференцирленеді. Нәтижесінде антиген спецификалық диффенцирленген Т-лимфоциттердің клондары түзіледі. Бұндай Т-лимфоциттерді иммундық лимфоциттер, эффекторлы лимфоциттер деп атайды. Т-лимфоцит диффренциация процесінде В-лимфоциттермен өзара байланысқа қажетті мембранадағы молекулалар мен цитокиндерді лейкоциттер экспрессиялайды немесе нысана жасушаларына шабуылдайды.
Т-тәуелді аймақта перифериялық лимфоидты мүшелерде антигенмен активтелген Т-лимфоциттер мен В-лимфоциттер байланысы жүреді.
Антиген мен Т-лимфоцитпен байланысқан В-лимфоцит фолликула аймағына көшеді, яғни антидене түзуші плазматикалық жасушаларда пролиферленеді және дифференцирленеді. Осы фолликула аймағына Тh2-лимфоциттер көшеді, антигенмен активтелген В-лимфоциттерімен байланыста фолликула аймағына итермелеуші blr-1 - хемокиніне арнайы рецептор экспрессияланады.
Алғашқы плазматикалық жасушалар лимфа түйіндерінде қалады және олармен секреттелген антиденелер белгілі көлемде фолликулярлық дендритті жасушалар (ФДЖ) - Fc рецепторында қалады. V-аймағында осы антиденелер өзіндік антигенмен байланысады. ФДЖ-да белгіленген антидене комплексінде антиген лимфоидты фолликула аймағында созылмалы уакыт аралығында қалып кетеді (жыл не ай болуы мүмкін). Осы фолликулаларда антигенмен байланысқан антидененің аффинді жетілуі жүреді,яғни иммуноглобулиндер V-аймағында соматикалық гендердің гипермутагенезі және антидененің жоғары аффинді түрлерімен В-лимфоциттердің іріктелуі-міне осылар ғана тіршілік етеді және екінші иммундық жауапта пролиферленеді.
Плазмоцитте дифференцирленген иммундық В-лимфоциттер лимфоидты мүше фолликуладан кетеді және өз кезегінде сүйек кемігі немесе сілемейлі қабыққа көшеді, қан немесе шырыштарда секреттелетін антиденелердің белгілі мөлшерін түзеді. В-лимфоциттің лимфоидты ұлпаның шырышты қабатындагы плазмоциттер, А классты антиденелерді өндіруші (мүмкін Е классы да болады), шырышты экзосекретте экспрессиясына негізделген, шырышты қабатта иммуноглобулиндердің түзулуі үшін қалады.
Иммунды Т-лимфоцит-эффекторлар (ЦТЛ, ТЫ, Th2) қан жүйесіне өтіп, циркуляциялайды, қан арқылы қабыну ошағына өтеді. ЦТЛ - нысана жасушаларды бірден өлтіріп, жояды; CD4+Тh1-жасушалар цитокиндер бөліп,фагоциттерді активтендіреді.
Танылған, байланысқан антиген фагоцитозға ұшырап жойылады, гидрозалармен, оттегі радикалдарымен азот тотығы арқылы ұсак метаболиттерге бөлшектеніп, зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Бірінші жауаптың бірінші нәтижесі осы.
Лимфалық иммунды реакциясының екінші нәтижесі-иммундық жады (ес). Заманауи көзқарастарға қарағанда, иммундық жады лимфоциттері болып иммундық ерекше рецепторлардың активтелуін ингибирлеушілердің экспрессиясы болатын лимфоциттің біp бөлігі табылады.
Бақылау сұрақтары:
Қай жүйенің зақымдалуы иммундық тапшылық жағдайларына әкеледі?
Біріншілік және екіншілік иммундық тапшылық жағдайлардың айырмашылығы қандай?
Біріншілік иммундық тапшылық жағдайды кім сипаттады?
В-жасушалық және Т-жасушалық иммундық тапшылықтар
ВИЧ-инфекцияның дамуы, ВИЧ –тің жасушада дамуы
Қандай иммундық тапшылықта Ig G төмендеуі байқалады?
В-лимфоциттер және иммундық жауапқа сипаттама беріңіз.
№14 Дәріс
Тақырыбы: «Вакцинаның негізгі түрлері. Жаңа вакцин алу принциптері».
Мақсаты: Вакцинопрофилактиканың негізгі мақсатының бipi тұрғындарды профилактикалық егулерге бағдар бeріп, вакцина егудің критерийлерін мен жанама әсерлері жайлы консультация беру.
Вакциналар (Vaccines)- егілген адамдар мен жануарлар ағзасында белсенді иммунитет тудыру үшін арналған препараттар, яғни биологиялық препараттар болып табылып, ағзага енгізгенде белгілі біp ауруға қарсы қорғаныстық, иммунитетті индукциялайды.Әрбір вакцинаның негізгі әсерінің бастамасы иммуноген болады, яғни ауру қоздырушысының компоненттеріне ұқсас химиялық құрылымдарға ие болатын және иммунитет пайда болуына жауапты корпускулярлы немесе еріген субстанция.
Қазіргі таңдағы вакцинология актуальды мақсатына вакциналық препараттарды әрдайым жетілдіріп отыру.Вакцинацияны бақылайтын халықаралық ұйымдардың сарапшылары вакцина өндіруші барлық мемлекеттерде орындалатын эффективті вакциналардың критерийлерін біp қатарын құрастырды:
Эффективті вакциналар кейбір критерийлері:
Қауіпсіздік
Вакциналар ауру мен өлім ceбебі болмау керек
Протективтік немесе қорғаныштық қасиеті
Патогеннің «жабайы» штаммы тудыратын аурулардан қорғау керек
Қорганыштық иммунитетті сақтау, қолдау
Қорғаныстыштық нәтижесі бірнеше жыл сақталу керек
Бейтараптандыратын антиденелерді индукциялау
Протективті Т-жасушалардың индукциясы
Вакцинаньң салыстырмалы төмен бағасы
Қолдану жеңілдігі
Нәтижесі кең болу керек
Вакциналар компоненттері
Вакциналар негізінен қорғаныштық, антигендер құрайды, яғни арнайы иммунды жауап дамуын қамтамасыз ететін бактериальды жасуша немесе вирустың кішігірім бөлшегінен тұрады.Қорғаныштық антигендер ақуыздар, гликопротеидтер, липополисахаридті ақуыздар бола алады.Олар микропты жасушалармен байланысты (көкжөтел таяқшасы, стрептококтар және т.б.), және олармен секрециялануы (бактериальды токсиндер) мүмкін, ал вирустарда вирионның суперкапсидінің беткейлік қабаттарында басым орналасады.
Hегізгі әрекеттесуші бастамамен қатар, вакцина кұрамына басқа да компоненттер- сорбент, консервант, толтырғыш, стабилизатор, арнайы емес қоспалар ене алады.
Вакциналар классификациясы
Инактивацияланған(өлі) вакциналар
Инактивацияланған вакциналарды микроорганизмдерге химиялық немесе жылу әсер ету арқылы алады.
Олардың құрамында бүтін өлі микроорганизм болады (көкжетелге қарсы бүтін жасушалы вакцина, құтыруға қарсы еөлі вакцина, вирусты гепатит А-ға қарсы вакцинада), әрі қоздырғыштың жасуша қабырғасының компоненті немесе басқа бөлігі болады, мысалы көкжөтелге қарсы ацеллюлярлы вакцинасы.Оларды физикалық (температура, радиация, ультракүлгін сәулелер) және химиялық әдістермен (спирт, формальдегид) өлтіреді.Мұндай вакциналар реактогенді, аз қолданылады ( гепатит А, көкжөтелге қарсы).
Tipi вакциналар
Олардың құрамында әлсізденген Tipi микроорганизм болады, мысалы полиемиелит,қызылша,паротит, туберкулезге қарсы вакциналар.Селекция әдісі арқылы алуға болады, мысалы БЦЖ, гриппке қарсылары.
Асссоциацияланган вакциналар
Бірнеше компоненттен тұратын, әр типті вакциналар (АКДС).
Корпускулярлы вакциналар
Химиялық (формалин, спирт, фенол) немесе физикалық (жылу, ультракулгін сәуле) әсермен инактивацияланган бактериялар мен вирустар.Корпускулярлы вакциналарға АКДС пен Тетракок компоненті ретінде көкжөтелге қарсы, антирабитті, лептоспирозды, гриппке қарсы вирус мақсатты, энцефалитке қарсы, гепатит А-ға қарсы (Аваксим), Имовакс полио немесе Тетракок вакцинасы компоненті ретінде полиовакцинасы мысал болады.
Химиялық вакциналар
Жасуша қабырғасының компоненттерін немесе қоздырғыштың басқа бөлшектерінен құралған, мысалы көкжөтелге қарсы ацеллюларлы вакцина, гемофильды инфекцияға қарсы коньюгацияланған вакцинасы, менингококкты инфекцияга карсы вакциналар.Химиялық вакциналар микропты жасушадан бөлініп алынған антигендік компоненттерден жасалады.
Биосинтетикалык вакциналар
Сексенінші жылдары жаңа бағыт ашылды, яғни болашактың вакциналары- биосинтетикалық вакциналар жасау.
Биосинтетикалық вакциналар бұл гендік инженерия арқылы алынған вакциналар, микрорганизмдердің жасанды антигендік детерминанттарынан тұрады.Мысалы вирусты гепатит В-ға қарсы рекомбинантты вакцина, ротавирусты инфекцияға қарсы вакциналар.Оларды алу үшін вакцинаға керекті протеинді кодтайтын генді ащытқы жасушаларына енгізіп, дақылдандырып, таза күйінде бөліп алады.
Векторлы (рекомбинантты) вакциналар
Гендік инженерия арқылы алынған вакциналар.Әдістің мәні: протективті антигендер синтезіне жауапты вирулентті микроорганизмнің гендері басқа зиянсыз микроорганизм геномына енгізіп, оларды дақылдандырғанда керекті антигенді өлтіріп, жинақтайды.Вирусты гепатит В-ға және ротавирусты инфекцияға қарсы вакцина мысал болады.
Рибосомалы вакциналар
Мұндай вакциналар жасау үшін әрбір жасушада болатын рибосомаларды қолданады.Рибосомалар- информациялық РНҚ негізінде акуыз өндіретін органеллалар.Таза күйіндегі матрицасымен бөлініп алынған рибосомалар вакцина болады.Мысалы, бронхиальды және дизентириялық вакциналар (ИРС-19, Бронхомунал, Рибомунил).
Мынадай сапаға ие препараттар ең оңды, яғни идеальды болып саналады:
а. Егілгендерге тольқ зиянсыз, ал тірі вакциналарға қатысты, вакцинаның микроорганизм егілген адаммен контакт кезінде ағзасына түскен адамдар үшін де.
b.Минимальды егу мелшерінде (3 реттен аспау) төзімді иммунитет тудыра алу.
c.Париентальды манипуляцияларды қолданбай, мысалы шырышты қабаттарға жағу, ағзаға енгізу.
d.Транспортировка әнее егу пунктінде сақталу шарттарында вакцина қасиеттерін темендеуіне жол бермейтін жеткілікті тұрақтылығы.
e.вакцинаньң көпшілікке қол жетерлік бағасы болу керек. Эффективті вакциналар критерийлері
Қазipгi таңдағы вакцинология актуальды мақсатына вакциналық препараттарды әрдайым жетілдіріп отыру.Вакцинацияны бақылайтын халықаралык ұйымдардың сарапшылары вакцина өндіруші барлық мемлекеттерде орындалатын эффективт1 вакциналардың критерийлерін біp қатарын құрастырды:
Эффективті вакциналар кейбір критерийлері:
Қауіпсіздік
Вакциналар ауру мен өлім ceбeбi болмау керек
Протективтік немесе қорғаныштьқ қасиеті
Патогеннің «жабайы» штаммы тудыратын аурулардан қорғау керек
Қорғаныштық иммунитет сақтау, қолдау
Қорғаныстықтық нәтижесі бірнеше жыл сақталу керек
Бейтараптандыратын антиденелерді индукциялау
Протективті Т-жасушалардың индукциясы
Вакцинаның салыстырмалы төмен бағасы
Қолдану жеңілдіг
Нәтижесі кең болу керек
Вакциналардың жаңа буындары
Жаңа технологияларды қолдану екіншілік генерация вакциналарын
құрастыруға жол ашты,олардың кейбіреулерін қарастырсақ:
a) Коньюгацияланған вакциналар
Конюгацияланған вакциналар мұндай антигендерді баланың иммунды жүйесін анықтай алатын басқа типті микроптың анатоксиндері немесе протеиндермен байланыстыру принципіне негізделген.
