- •Мазмұны
- •1 Бөлім. Еңбек ақының теориялық негізі
- •2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
- •Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
- •Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
- •1. Еңбек ақының теориялық негізі
- •1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері
- •1.2 Ұйымның өндірістік-экономикалық
- •1.3 Ұйымның есеп саясаты
- •2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi.
- •2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.
- •Жұмыскерлерге есептеген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар
- •3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
- •3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары
- •3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті
- •3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті
Мазмұны
Кіріспе
1 Бөлім. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер........................................................ 6
Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама..............13
1.3 Ұйымның есеп саясаты. .................................................................................19
2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі.............................26
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі........................................................................................................................ 37
2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен
аударымдар.............................................................................................................56
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары....................................................................................54
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті..............................................63
3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау......................................................................................................................70
Қорытынды............................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Кіріспе
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.
Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы төлеу салалырының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды бекітеді.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санынынң өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты мағлұматар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады, кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады.
Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады, кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.
Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады.
Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы маңызды міндеттер мыналар: еңбекке ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен есептесудің белгіленген мерзімінде орындау, жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің өзіндік құнына дұрыс қосылуы және дер кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі мен еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп, жинау және қажетті есеп беруді құру, сондай-ақ зейнеткерлік қорлармен есептесу.
Кәсіпорынның тиімді дамуы үшін бақылауға рационалды жүйені жетілдіруі керек, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрып, ішкі аудиттің орны мен ролін анықтау қажет. Бұл фирма жетекшілеріне буындарды, кәсіпорындарды тиімді басқауға көмектеседі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл шығындар кәіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 –бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 –бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.
Бұл диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
